Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Кушнир Валентина Геннадьевна

Кәсіби қызметінің қысқаша сипаттамасы

Білімі:

1981-1984 ж. – Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумы.  Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру. Техник-механик.

1984-1989 ж. –  Қостанай ауылшаруашылығы институты. Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру. Инженер-механик.

 

Ғылыми атағы, дәрежесі:

2003 ж. -  техникалық ғылымдардың кандидаты. Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті. Ауыл шаруашылығын механикаландыру технологиялары мен  құралдары.

2004 ж. - Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің  Жоғары аттестаттау комитетінде қайта аттестаттаудан өтті.

2005 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің  шешімі бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2005 ж. -  Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі.

2011 ж. – техникалық ғылымдардың докторы. Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті. Ауыл шаруашылығын механикаландыру технологиялары мен  құралдары.

2011 ж. – Университет профессоры  академиялық атағы  берілді.

 

Жұмыс тәжірибесі:

 

1984-1989 ж. - УК161/2 мекемесі цехының инженер-технологы, одан кейін Щербаков атындағы совхозда МТШ техник-нормалаушы болып жұмыс істеді.  

1989-2000 ж. – Қостанай ауылшаруашылығы институтында ассистенттен бастап  аға оқытушыға дейін қызмет атқарды.

2000-2011 ж. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасарынан бастап инженерлік-техникалық факультеттің деканына дейін лауазымды қызметтерді атқарды.

2011-2018 ж. - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің инженерлік-техникалық факультетінің машиналар, тракторлар және автомобильдер кафедрасының меңгерушісі болды.

2019 ж., ақпан  –  Оқу жұмысы және инновациялар жөніндегі проректордың м.а. болып тағайындалды.

 

Ғылыми қызметі:

 

2015-2017 ж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің  гранттық қаржыландыру ғылыми жобасының жұмыс тобының мүшесі.

5В080600 – «Аграрлық техника и технология»  мамандығы бойынша РОӘК мүшесі.

Басылымдарда 268 –ден аса ғылыми еңбектері жарияланды, соның ішінде 2 монография, 13 әдістемелік құралдар, нұсқаулар мен ұсыныстар, өкілетті органдармен ұсынылған редакцияларда 78 еңбек, 52 патент, нөлдік емес импакт-факторы бар 11 мақала.

 

РФ журналдары редакциялық алқаларының мүшесі,   «3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация» көпсалалы  ғылыми журналының сарапшысы.

 

Марапаттары:

2012 ж. – Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

2014 ж. – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі

2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі


PDF