Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Байқау кеңесі


 

                                          Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидалары

 

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру тәртібін айқындайды.

 

      2. Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10507 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 114 бұйрығымен бекітілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерге сәйкес келетін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

 

      3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында байқау кеңесін енгізу немесе байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) тиісті шешімі қабылданғаннан кейін тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):

 

      байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу тәртібін бекітеді;

 

      осы бұйрықпен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларына сәйкес байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізеді;

 

      байқау кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді.

 

      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болады және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс.

 

      Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді.

 

      Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен байқау кеңесі мүшелерінің қатарынан сайланады.

 

      Мемлекеттік кәсіпорын басшысы байқау кеңесінің төрағасы сайлану үшін үміткер болып табылмайды.

 

      5. Байқау кеңесінің құрамына тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы және осы бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес конкурстық негізінде сайланатын өзге де тұлғалар кіреді.

 

      6. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 3-тармағына сәйкес, Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

 

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесінің құрамын бекіту туралы

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі туралы Ереже

 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесі отырыстарын шақыру және өткізу тәртібі

 

 

 

  Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын 

  «А. Байтұрсынов атындағы Костанай мемлекеттік университетінің» Байқау кеңесінің құрамы

 

 

Т:А:Ж:

Қызмет орны

 1.

  Асылова Бибигуль Амангельдиновна 

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-   министрі

 2.

  Каркенов Рустем Хаирович

  Денисов ауданы әкімінің орынбасары

 3.

  Цымбалюк Василий Александрович

  Қостанай қаласы білім бері департаментінің бастығы

 4.

  Валиев Хусаин Хасенович

  А. Байтұрсынов атындағы Костанай мемлекеттік университетінің ректоры

 5.

  Сагиева Римма Калымбековна

  Аль-Фараби атындвғы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары экономика мектебінің директоры

 6.

  Абенов Мурат Телгарович

  Костанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

 7.

  Ахметова Гульмира Аскаровна

  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры

 8.

  Ким Алена Владимировна

  «Цеснабанк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры

 9.

  Ихтиляпов Умурзак Бекдильдинович

  «Шолаксай-1» ЖШЖ директоры

 10.

  Даниленко Олег Владимирович

   «Агрофирма «Диевская» ЖШЖ бас директоры

 11.

  Сапаков Думан Набильевич

  Қостанай қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Тәуелсіз бақылаушылар құрамы

  №

Т.А.Ж.

Қызмет орны

 1.

  Буканов Сайран  Балкенович

  «Каркен» ЖШЖ директоры

 2.

  Блок Сергей Иванович

  «Милх» ЖШЖ директоры

 3.

  Кожахметов Арман Тулешович

  VI шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті    Мәжілісінің депутаты

 4.

  Нугманов Алмабек Батыржанович

   «Парасат» сандық хабтың бастығы

 5.

  Клименко Иван Иванович

  «Цветная» ЖШЖ бекітуші


PDF