Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оның есімі университет атында

 

Қостанай мемлекеттік университеті – Солтүстік Қазақстандағы көшбасшы университеттердің бірі, қоғам қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың есімін иеленген. Ол қоғамдық және саяси «Алаш» партиясының жетекшісі, педагог, әдебиетші, қазақ әліпбиінің құрастырушысы, ұлт ұйытқысы. Осының бәрі Ахмет жайлы айтылған. Ахмет Байтұрсыновтың есімі көше, алаң, мектеп, жоғары оқу орнына беруге лайықты әрі өзінің өмірінде осы атаққа тең келетін қызмет атқарған. Ғасырдан астам уақыт есімі ұмытылмаған халық жанашыры бүгінгі күні біздің арамызда.

Университетке Ахмет Байтұрсынов есімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 3 сәуірдегі № 384 Қаулысымен берілген. Сол уақыттан бері университет қабырғасынан мыңдаған жас мамандар түлеп ұшып, олар бүгінгі күнде еліміздің ең ірі университетінің бірінен тәлім алғандарына мақтанады.

Жерлесіміздің туған күніне арнап университет 1998 жылы 24 қыркүйекте салтанатты түрде Ахмет Байтұрсынов мұражайын ашты. Қазастан Республикасы білім және ғылым министрі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев және жазушы Төлен Әбдіковке мұражайды ашу құрметі берілді. Мұражайдың залында университеттік «Ақ жол» экспедициясының материалдары қойылған: Ахмет Байтұрсынов кітабының түпнұсқасы, тарихи құжаттар, жеке заттары бар.




 

ҚМУ ұжымы мен қала жұртшылығының бастамасымен қаланың орталық көшелерінің біріне Ахмет есімі берілді. 30 жылдардағы саяси репрессия құрбанына арналған мемориалды тақта ашылып, А.Байтұрсыновтың болашақ ескерткішінің орнына белгітас қойылды.


 

Республикадағы ең ірі оқиғалардың бірі 2000 жылдың 5 қыркүйегінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлт ұстазының ескерткішін ашу салтанаты болды. Ахмет Байтұрсынов мүсінін, алаңның архитектурасы мен композициясын атақты мүсінші Төлеген Досмағамбетов жасады. Салтанатты жиынға республиканың қоғам қайраткерлері, облыс және қала жұртшылығы, тарих институтының директоры Манаш Қозыбаев, халықаралық Абылай хан қорының төрағасы, мәдениет және ескерткішті қорғау қазақ қоғамының төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы Шота Уәлиханов қатысты.

 

Бүгінгі күнде Ахмет Байтұрсынов ескерткіші Қостанайдың көркіне айналды. Облыстың қонақтары мен ресми адамдармен кездесулерді осы жерден бастайды. Аталмыш алаңда университет, қала, облыс өміріндегі маңызды іс-шаралар өткізіледі: «Студенттік көктем» облыстық фестивалі, Наурыз мейрамы, құрметті азаматтармен кездесу, басқа да мерекелер ұйымдастырылады. 


 

Ахмет Байтұрсынов ескерткішінен Қостанай мемлекеттік университеті бірінші курс студентерінің студенттік өмірі басталады. Жыл сайын 1 қыркүйекте оларға жоғары оқу орнындағы алғашқы қоңырау соғылып, білім ұясына жол бастайды. Үйленіп жатқан жас жұбайлар ұлы ағартушы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін салтанатқа айналдырған.     


 

Университеттің бас ғимараты, Ахмет Байтұрсынов алаңы, ескерткіші мен көшесі қаланың дәл орталығында орналасып, қайталанбас архитектура жасалған.


 

Қостанай мемлекеттік университетінің Ахмет Байтұрсынов есімін алуы - абыройлы міндет. Университет бакалавр-магистр-доктор PhD кадрларын дайындаудың үш деңгейлі моделіне көшті. Менеджмент сапа жүйесі сертификатталып, енгізілді, оқытудың кредиттік және қашықтан оқыту  технологиясы дамуда. Университет инстутиционалдық аккредитациядан өтіп, университет  Хартиясына қол қойылды. 2012 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары бас рейтингінде  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті республиканың көп салалы жоғары оқу орындары арасында 6 орын алса, мамандықтар бойынша 2-3 орында тұр. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның ең ірі ЖОО-ның бірі, еліміздің солтүстік өңіріндегі көшбасшы оқу, ғылыми, әдімтемелік және мәдени орталық.    


PDF