Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультеттер мен кафедралар

 

Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру жоспарларына үлес қосуда Қостанай мемлекеттік университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейнгі білімі бар мамандарды дайындауда білім беру қызметтерін көрсету, әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді өз қызметінің маңызды бағыты деп санайды.

 

ҚМУ әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, заң, экономикалық, сонымен қатар техникалық және ауылшаруашылық бағыттарындағы мамандықтар бойынша оқытуды жүргізеді.

 

Университеттің факультеттері мен кафедарлары бұл міндеттерді жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. 7 факультетте 58 мамандық бойынша 6000 студент, магистранттар мен  докторанттар оқиды. Кредиттік технология бойынша оқу студенттер мен ПОҚ-на икемділік пен академиялық еркіндік береді, өз мүмкіндіктерін көрсетуге және сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Университеттің 30 кафедрасында 520 жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде 51% – ғылыми дәрежелері мен атақтарымен. Университеттің дамуы кадрлық әлеуетінің өсуімен, ПОҚ ғылыми жұмысы салаларының кеңеюімен, сонымен қатар студенттер мен магистранттарды ғылыми жұмысқа белсенді қатыстырумен сипатталады. Жыл сайын аймақтық немесе халықаралық гранттарға қатысатын ғалымдардың саны көбейіп келеді.

 



PDF