Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультет туралы

 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономикалық факультеті 1977 жылы құрылды және университет құрамындағы ең ірі факультет болып табылады. Қазіргі уақытта факультетте экономика, есеп, басқару, қаржы және маркетинг саласындағы бәсекеге қабілетті мамандардың дайындығы жүргізіледі. 

 

Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: басқару және іскерлік әкімшілік, қаржы және банк ісі, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит. Мұнда 50-ден астам оқытушылар, соның ішінде 2 ғылым докторы мен профессорлар, 15 ғылым кандидаттары, 11 магистрант қызмет етеді. 2000 жылдың қараша айында Халықаралық биографиялық орталық (Ұлыбритания) экономика ғылымдарының докторы, профессор С.М.Жиентаевты ғылым саласындағы жетістіктері үшін Халықаралық орденмен марапаттады.

 

Факультет ұжымы жұмысының нәтижелері университетте білім беру сапасын жетілдіру үшін әзірленген рейтингтік жүйе арқылы жыл сайын бағаланады. 2011-2012 оқу жылында экономикалық факультет жалпы университеттік рейтингте 4-ші орынды иеленді.  

 

Экономикалық факультетте бакалавриаттың 6 мамандығы бойынша 1000-нан астам студенттер және магистратураның 2 мамандығы бойынша 36 магистрант білім алады.  

Бакалавриат пен магистратураның әрбір мамандығы бойынша жұмыс берушілер мен білім алушылардың қалауларын есепке ала отырып, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес 2-3 білім беру бағдарламалары әзірленген. Әрбір білім алушы өз білім беру бағдарламасын өз бетінше қалыптастыра алады. 

 

Факультетте оқытушылар мен білім алуышлардың академиялық мобильділігі бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2011-2012 оқу жылында "Қаржы" мамандығының студенті Алпыспаев Рустем Испанияда білім алды (ACCION2 CASIA бағдарламасы бойынша), "Есеп және аудит" мамандығының студенті Спирина Алина Чехияда оқыды (ACCION2 CASIA бағдарламасы бойынша). 2012-2013 оқу жылында "Қаржы" мамандығының студенттері Бертазина Жанна, Ибраева Эльмира және "Менеджмент" мамандығының студенті Мазур Ольга жаратылыс ғылымдарының Чехия университетінде (Прага қ.) білім алды. 

 

Доктор Карлос Мачадо
(Бельгия)
 Мазур Ольга
Чехияда
Алпыспаев Рустем
Испанияда

 

Факультет академиялық мобильділіктің ең танымал бағытын дамытады - шетел ғалымдарын, зерттеушілерін және оқытушыларын дәріс оқу үшін шақыру. 2012 жылдың қараша айында доктор Карлос Мачадо (Бельгия) 6М050700-Менеджмент мамандығының магистранттарына "Жобаларды басқару" пәні бойынша дәріс оқыды және университеттің оқытушыларына арнап "Жобалық өтініштерді жазу туралы" мастер-клас өткізді. 

 

2010-2012 жылдар аралығында экономикалық факультетте 800-ден астам дипломданған мамандар дайындалды, олардың 90%-ы жұмыспен қамтылған, бұған экономикалық факультеттің Қамқоршылар кеңесінің және университеттің түлектер Ассоциациясының қызмет етуінің арқасында қол жеткізіліп отыр. 

 

Экономикалық факультеттің Қамқоршылар кеңесінің құрамына ұйымдардың (кәсіпорындардың), мемлекеттік мекемелердің жетекшілері немесе орынбасарлары кіреді. Үш жыл бойы университетте Түлектер форумы және Бос орындар жәрмеңкесі өтікізілді, бұл экономикалық факультет студенттерінің еңбекпен қамтылуына әрекеттеседі. 2012 жылы алғашқы рет Қостанай облысының әкімі Н.М. Садвакасовтың қатысуымен "Жұмыс берушілер мен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршыларының аймақтық форумы" өткізілді. 

 

Қостанай облысының әкімі Н.М.Садвакасовтың қатысуымен өткен

жұмыс берушілер мен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қамқоршыларының Аймақтық форумы

 

Факультетте кәсіби тәжірибелерден өту үшін жақсы жағдайлар жасалады: аймақтың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен, мемлекеттік мекемелермен тәжірибеден өту базалар санының артуы. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында факультет кафедралары қала мен облыстың кәсіпорындарымен, коммерциялық банктермен, мемлекеттік мекемелермен келісім шарттарға қол қойды. Қазіргі күнде «АиФ» ЖШС, «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС, «Мотор-Деталь» ЖШС, «Агромашхолдинг» ЖШС, «Костанайполиграфия» ЖШС, «Садовод» ш(Ф)Қ сияқты Қостанай облысының ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарымен;  «Евразийский Банк» АҚ, «Темирбанк» АҚ ҚФ, «БТАбанк» АҚ ҚФ, «Цеснабанк» АҚ ҚФ сияқты банктермен; Қостанай облысы бойынша Салық басқармасымен, Қостанай қ. бойынша Салық басқармасымен және басқаларымен келісім шарттық байланыс орнатылған. 

 

Бітірушілердің жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге факультетте қалыптасқан кафедраларға тіркелген пәндерді оқытуды жетілдіруге, оқу барысын оңтайландыру мен интенсификацияға, оның әдістемелік қамсыздандыруын жақсартуға, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру мүмкіндік береді. 

 

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік қамсыздандырылуын жақсарту үшін 2010-2012 жылдары 10-тен жоғары оқу құралдары басылып шығарылды, сонымен қатар 85-тен астам әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді, барлық пәндерге дерлік мультимедиялық қосымшалар дайындалды. 

 

2010-2012 оқу жылдарында өткізілді: 14 әдістемелік семинар, 4 мастер класс, облыстың жетекші қаржыгерлерінің, банкирлерінің, менеджерлерінің және мамандарының қатысуымен 3 ортақ отырыс.

 

 

Ортақ отырыс Мастер-класс

«Ұлттық валюта күні» 

семинары

 

Ұйымдардың жетекші 

мамандарымен кездесу

Мастер-класс Ортақ отырыс

 

Жыл сайын факультет оқытушылары Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарында біліктілікті жоғарылату курстарынан өтеді: Қазақ ұлттық аграрлық университет, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, "Алматы қ. Аймақтық қаржы орталығының Академиясы" АҚ және басқалары, А.БАйтұрсынов атындағы ҚМУ негізінде жүргізілетін біліктілікті жоғарылату курстарына, семнарларына қатысады, олардың ішінде: электронды қашықтан оқыту курсын құру,  Moodle қашықтан оқыту автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу негіздері,  off-line және on-line режимдерінде студенттермен кері байланыс,  Moodle қашықтан оқыту жүйесінде автоматтандырылған тесттік сауал құру. Алынған білім мен қабылданған машықтар оқу барысына белсенді ендіріледі. 
 

Құжыралардың профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады. Соңғы үш жылдың ішінде факультеттің 7 оқытушылары экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертациялар қорғады, ал 3 оқытушы доцент ғылыми атағын алды. 
 

2010-2012 жылдары кафедралардың оқытушылары 853 ғылыми жұмыс жариялады, ҚР БҒМ ғылым Комитетімен жарияланған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру сайысының аясында 11 ғылыми жобалар дайындалды.  

 

Экономикалық факультеттің студенттері мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді ат салысады, олар факультетте ұйымдастырылған 9 ғылыми үйірмелерге қатысады. Олармен ашық басылымда 56 ғылыми жұмыс жарияланған.
 

2011-2012 оқу жылында "Маркетинг" мамандығының студенті Стрекалова А. "Студенттік көктем - 2012" студенттердің ғылыми жұмыстарының облыстық жоо аралық сайысына қатысып, 3 орынды иеленді, және 2012ж. жоғарғы оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық сайысында оған 3 орын берілді.   

 

Интеллектуалды сайыс 

Студенттік

ғылыми конференция

Ғылыми семинар

 

Экономикалық факультеттің студенттері мен магистранттары "Парасатты жастар" бизнес-жобалар сайысына қатысады, ол жыл сайын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ өткізіледі және студенттер, магистранттар, бизнес-құрылымдар, кеңес берушілер мен инвесторлардың құрылымдық өзара әрекеттесуі үшін шарттар құруға бағытталады. Осылайша, 2010-2012 жылдары аралығында факультет білім алушыларымен қызықты да, біртума инновациялық ойларды құрайтын 20-дан астам бизнес-жобалар әзірленді. 



 

 

Экономикалық факультеттің студенттері "Ахмет Ұрпақтары" студенттік дебаттық орталыққа келеді және түрлі турнирларға қатысады. Бұрынғы студент, қазіргі магистрант Бедыч Евгений 2012 жылдың 12 ақпанында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетінде өткен Қазақстандағы ең ірі ашық дебаттық турнирде Ректор Кубогын жеңіп алды. 

 

 

 

Экономикалық факультеттің студенттері «Өнер», «Жас Өркен» студияларында өнерлерін шыңдайды, КВН қатысады.

 

«Қостанай-2012» аруы «Мы За» акциясы «Дельфин» Қостанай балалар
үйіндегі акция

 

Студенттерге арнау Наурыз мейрамы ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы

 

Факультеттің студенттері мен оқытушылары университеттің спорттық өміріне белсенді қатысады - бұл "Сұңқар" спорт клубының түрлі секцияларына қатысу, "Президенттік миля", "Денсаулық күні" қалалық іс-шараларына жыл сайын қатысу, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысу. Факультет студенттерінің ең танымал спорт түрлері болып табылады: үстел үстіндегі теннис, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі, мини-футбол, шахмат, гольф, қазақша күрес, бокс, кикбоксинг, джиу-джитсу, гирлік спорт.

 

 

Факультеттің

волейбол командасы

Футбол Президенттік миля

 

 

Денсаулық күні-2012

20-летие Независимости РК

PDF