Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультет туралы

 

 

Бакалаврдың әрбір мамандығында жұмыскерлер мен білім алушылардың талаптарына сәйкес  2-3 білім бағдарламалары өнделген. Әрбір білім алушы өздігінен оқуының  біліми траекториясын құрады. Бүгінгі күнде факультетте 500 студент және 40 магистрант білім алуда.

 

 

 Факультеттің құрылымында 3 кафедра бар: информатика және математика, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету. Факультетте локальді желі, Интернет, Wi-Fi қосылған замандағы 15 компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етілген мықты материалды-техникалық базасы бар. Кафедра құрамында  практикалық шеберліктерін, дағдыларын, ғылыми зерттеулерін өткізуге арналған қазіргі заманғы техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етумен жайластыру үшін келесі лабораториялар қалыптастырылған: «Компьютерлік жүйелер архитектурасының лабораториясы», «Телекоммуникациялық және түйіндесу құрылғысы аппаратының лабораториясы», «Ақпараттық жүйелер лабораториясы».

 

 

 Оқу-тәрбиелік процессі  50 адамнан астам докторлар, ғылым кандидаттары, профессорлар, доценттер, магистрлерден тұратын жоғарыквалификациялы профессорлық- оқыту құрамын қалыптастырады. Факультеттің білім алушыларына шетел ғалымдарымен дәріс оқуы да қалыптастырылады, мысалы, Карлос Мачадо (Бельгия), Иост Круль (Голландия).

.

 

 

 Факультет білім алушылар мен оқытушылармен академиялық  икемділік жұмысын жүргізеді:

 

  Студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық икемділігі:

 

  • бір академиялық кезеңінен тұратын Германиядағы Ольденбург каласындағы Карл Фон Осецкийдің университетіндегі магистранттардың білім алуы (Махмутов М., Фатеев Д.);
  • Мәскеу қаласындағы Жоғарғы мектепте ғылыми сынағын өтуі (Искакова А., Бижанова О., Махамбетова Г.);
  • Мәскеу қаласындағы  Ресей академиялық ғылымының Трапезников атындағы басқару институтындағы ғылыми сынақты өтуі (Жунусканова Ж., Абдрахманова А., Камешова С., Таныкпаева Б.);
  • Челябі мемлекеттік университетінде ғылыми сынақты өтуі (Байзакова С., Утельбаева А., Кеклис А.);
  • Уфа қаласындағы Башқұр мемлекеттік университетінде ғылыми сынақты өтуі (Мухамедкали А., Токушев Е.)

 

 

 

 

 

 Студенттердің ішкі академиялық икемділігі 

  • «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының 3 курс студенті Китаева А. семестр ішінде Казпотребсоюз Қарағанды экономикалық  университетінде білім алуы;
  • А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ факультет мамандықтарының шағын топтарының студенттерінің және М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ студенттерінің бірлесіп білім.

 

 

 Факультетте кәсіби практика өту үшін  қажетті шарттар құрылады:

  • практика базасының молшері кеңейтіледі;
  • жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауда бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы ЖШС «КАС Консалтинг»,  информатика және математика АҚ  КФ «КазахТелеком», ақпараттық жүйелер кафедрасы  ЖШС «IT Soft+» бірлесіп жұмыс жасайды, осы кәсіпорындарда кафедралардың филиалдары құрылған.

 

 

 

 Факультетте факультеттің дамуындағы актуалды мәселелерді шешу үшін, оның қазіргі заманғы  талаптар деңгейінде түпкі және қолданбалы түрдегі есептерді шешу қабілеттері бар жоғарыквалификациялы мамандарды дайындау орталығы ретінде, экспертті және консультациялық қызметі қызметі, жаңаша ақпараттық және педагогикалық  технологияларды ұғыну, білім және ғылыми-қолданбалы қызмет көрсетудегі отандық және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етуде қамқоршы кеңесі құрылды. Қамқоршы кеңесінің төрағасы болып Темирханов Хаджимұрат Жұмабековұлы, КФ АО «КазахТелеком» басты директоры.

 

 

Факультетпен кәсіптік шарттарда жаңаша технологияларды, дағдыларды және білуды қолдану арқылы білім алу үшін танысу және практикалық түрде сабақтарды өткізу қала кәсіпорындарында шығу сабақтарының өткізілуі қолданылады.  Мұндай сабақтарды өткізу студенттерге теориялық білімдерін бекітуге және университетті аяқтаған соң жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

 

Факультетпен білім сапасын көтеру үшін үлкен жұмыс жасалынды. Қорытындысы – факультет университет рейтингісінде сенімді жоғары позициясын ұстауда.

 

 

 

Ақпараттық технологиялар факультетінің  имиджінің қалыптасуына оның декандары маңызды үлес қосты: 1994-1999 жж. – ф.-м.ғ.к. К.К. Джаманбалин, 1999-2001 жж. – ф.-м.ғ.к. Б.А. Калаков, 2001-2006 жж. – э.ғ.к. А.Т. Байманкулов, 2006-2008 гг. – э.ғ.к. А.П. Коваль, 2008-2011 гг. - ф.-м.ғ.к. Н.Т. Абатов, 2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін ақпараттық технологиялар факультетінің деканы т.ғ.к. А.А. Жикеев болып табылады.

 

 

Кафедра меңгерушілері (Қ.М. Жүнісов, А.З. Муслимова , О.С. Салыкова) оқытушылардың ғылыми және кәсіби өсуіне, білімділік шарттарынның сапасын арттыру үшін қажетті жағдайларды құра отырып, профессорлық-оқыту құрамының жұмыстарымен білікті жетекшілік етуде.

 

Факультеттің профессорлық-оқыту құрамының жоғарғы квалификациясының арқасында студенттердің дайындық деңгейі ең жоғарғы деңгейде бағаланады. Факультет студенттері Қазақстан, Ресей, Польша және т.б. қалаларында өткізілетін  жыл сайынғы Республикалық, Халықаралық студенттік олимпиадаларда қатысады; I, II орындарға ие болып, сәйкес дипломдар мен сертификаттармен расталады.

 

Факультет басшылығымен студенттердің университеттің, қаланың, облыстың қоғамдық және спорттық өміріндегі белсенді қатысуларын қолдайды және мадақтайды.

 

 

Шахматтық секциясы, пікірталас клубы сәтті жұыс істейді, «АСК» студенттік қимылдың белсенділерімен тренингтер өтеді. Факультеттің «Бірінші курс мәртебеге ие болу»,  «ҚТК», «Сән конкурсы «АТФ аруы» мерекелік  іс-шаралары әрқашан толық зал жинап, көрермендердің алдында сәтілікке ие болады.

 

Біздің түлектердің  мансабы ерекше мақтаныш болып табылады. Факультеттің сексен пайыздан жоғары  студент-түлектері универститетті аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады. Біздің түлектер республикамызда ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетел жаққа сұранымға ие.

 


PDF