Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультет туралы

 

Инженерлік-техникалықфакультеттің құрамына үш кафедра кіреді:

  • электр энергетикасы және физика;
  • машина жасау;
  • машиналар, тракторлар және автокөліктер.

 

Кафедралардың ғылыми дәрежелігі жоғары: 49 оқытушы ішінде – 5 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 2 магистр.

 

Факультетте бакалавриат мамандықтарында «Аграрлық техника және технология», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», «Электр энергетикасы», «Физика» және магистратураның 5 мамандығында  «Аграрлық техника және технология», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Электр энергетикасы», «Физика» 600 астам студенттер мен магистранттар білім алып жатыр.

 

Еңбек нарығының сұраныса сәйкес, жұмыс берушілер мен студенттердің қалауларын ескеріп, бакалавриаттың әр мамандығы бойынша 2-3 білім беру бағдарламалары ойлап-құрастырылды.

 

Факультеттің жеткілікті материалдық-техникалық базасы бар. Кафедралардың зертханалары пәндерді меңгеру үшін қажетті оқу және лабораториялық жабдықтарымен жарақтандырылған. 

 

 

Машина жасау кафедрасының зертханасы 

Машиналар, тракторлар және автокөліктер кафедрасының жаттығу автокөліктерінің паркы 

Электр энергетикасы және физика кафедрасының «Радиофизика» зертханасы

 

Факультетте білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыс жүргізіледі:

  • Словакиялық ауылшаруашылық университетінде оқу («Электр энергетикасы» мамандығының студенті Ядыкина Евгения, Нитра қаласы, Словакия, CASIA халықаралық бағдарламасы бойынша, 2011 жыл);
  • Жаратылыс ғылымдарының Чехиялық университетінде оқу («Аграрлық техника және технология» мамандығының магистранты Жумекин Нұрлан, Прага қаласы, Чехия, 2012 жыл);
  • Белоруссиялық аграрлық техникалық университетінде машықтану («Аграрлық техника және технология» мамандығының 1-ші оқу жылының магистранттары, Минск қаласы, Белоруссия, 2012 жыл);
  • Химиялық технология және металлургия Университетінде оқу («Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенті  Мухаметжанов Радмир, София қаласы, Болгария, 2012 жыл);
  • Словакиялық ауылшаруашылық университетінде оқу («Электр энергетикасы» мамандығының студенттері Күлмұханбетов Қайрат и Сапарбеков Самат, Нитра қаласы, Словакия, CASIA халықаралық бағдарламасы бойынша, 2013жыл);
  • SupAgro Монпелье ауылшаруашылық ғылымдары облысында перспективалық зерттеулердің Халықаралық Орталығында машықтану («Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының магистранты Итищева Салтанат,  2013 жыл, Франция).

 

«Электр энергетикасы» мамандығының студенті Е. Ядыкина  CASIA халықаралық бағдарламасы бойынша Словакияда 

 

 

«Аграрлық техника және технология» мамандығының магистранттары Белоруссиялық аграрлық техникалық университетінде машықтануда 

«Аграрлық техника және технология» мамандығының магистранты Н.Жұмекин Чехияда

 

 

 

Нәтижелі оқытудың міндетті шарты болып - оқу, өндірістік, диплом алдындағы практикасы табылады. Факультеттің практика базалары болып облыстың алдыңғы қатарлы бейінді кәсіпорындары табылады, олардың көптеген қызметкерлері мен басты мамандары инженерлік-техникалық факультеттің түлектері. Практика барысында студенттер университет қабырғаларында күнделікті алған білімдері мен дағдыларын бекітеді.Жүріп тұрған жабдықтарда жұмыс істейді, технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу, аспаптарды тексеру жұмыстарына қатысады.

 

Факультет кафедраларының филиалдары облыстың келесі ірі кәсіпорындарында құрылған:«АгромашХолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ, «ҚазАШМЭҒЗИ»ЖШС«Евразия Групп» ЖШС, «Сервисный центр Ростсельмаш» ЖШС, «ЭПК Форфайт» ЖШС, «КЭЦ» ЖШС, «Межрегионэнерготранзит» АҚ, «Костанайэлектромонтаж» ЖШС, «Kegoc» АҚ, Национальное управление «Холдинг КазАгро» АҚ, «Автодом» ЖШС, «Иволга» ЖШС. Өндірістік жағдайларында дағдылар мен шеберліктерін сіңіру және дамыту үшін осы кәсіпорындарында экскурсия мен көшпелі сабақтар қолданылады. 

 

Факультетпен жұмыс берушілердің тығыз қарым қатынасы келесі іс-шаралар жүргізу арқылы жүзеге асырылады: оқу жоспарларын құрастыруда жұмыс берушілердің қатысуы; бос қызмет орындарының жәрмеңкесін өткізу; МАК өндіріс мамандарының төрағалық атқаруы; қамқорлық кеңесінің жұмысы; қаланың, облыстың, басқа облыстардың және республиканың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында факультет бітірушілерін жұмысқа орналастыру.

 

Факультет студенттерінің «АгромашХолдинг» АҚ өндірістік практика өту барысында

«Электр энергетикасы» мамандығы студенттерінің «Kegoc» АҚ өндірістік практикасы

Факультет студенттерінің «Джондир» комбайнына техникалық қызмет көрсету үстінде 

 

Факультет студенттерінің автожөндеу кәсіпорнына экскурсиясы 

ИТФ студенттерінің «Kegoc» АҚ қосалқы станциясына экскурсиясы

Дизель зауытында практикалық сабақ өткізу барысында

 

 

Факультеттің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен бизнес-жобаларын орындауда белсенді қатысады. Соңғы жылдар ішінде студенттердің жеткіліктері ретінде келесі конкурстарда олардың қатысуы мен жүлделі орындарын атап өтейік:

 

Конкурстың аталуы

Жүлделі орын

Орындаушылар

Жетекші

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған, «Жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында инновациялық Қазақстан» аттыреспубликалық конкурсы

1 орын

Байжанова Г., Клименко Е., Мартынюк Ю.

Поезжалов В. М., ф-м.ғ.к., доцент


 

Студенттер мен магистранттар арасында энергия үнемдеу және жарықтандыру бойынша төртінші республикалық жобалар конкурсы

2 орын

Мартынюк Ю.

Поезжалов В. М., ф-м.ғ.к., доцент

«ПарасатЖастары» бизнес-жобалардың конкурсы

2 орын

Байжанова Г., Клименко Е.

Поезжалов В. М., ф-м.ғ.к., доцент

Атамекен – StartUp республикалық конкурсы

3 орын

Мартынюк Ю., Байняшев А., Наурызбаев Ж.

Поезжалов В. М., ф-м.ғ.к., доцент

Атамекен – StartUp республикалық конкурсы

3 орын

Абдулина Ж., Ержанов Д.

Исинтаев Т.И., 

 т.ғ.к., доцент

Студенттік жұмыстардың республикалық конкурсы

2 орын

Погребняк Г.

Балаклейская Л.А. т.ғ.к., доцент

 

 

 

Факультет студенттерінің студенттік ғылыми конференциясына қатысуы

«Релейлік қорғаныс және автоматика» лабораториясындағы эксперименталдық зерттеулерде  «Электр энергетикасы» мамандығы студенттерінің қатысуы

Атамекен – StartUp Республикалық конкурстың жеңімпаздары

 

 

 

2011 жылы факультетте ТЕМПУС халықаралық жобасын жүзеге асыру шектерінде «Эко-Инженерия – табиғи ресурстарын қайта өңдеу, жаңғырмалы энергия көздері мен биологиялық қалдықтары негізінде энергия алу» атты магистерлік бағдарламасы енгізілді (серіктес елдер – Алмания, Латвия, Литва, Эстония, Ресей). Жобаның рамкаларында «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураның оқу жоспары ойлап-құрастырылды және алғаш рет оқуға магистранттар қабылданды.

 

 

 



PDF