Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тарихы

 

Инженерлік-техникалық факультеттің тарихы 1978 жылдан басталады. Сол жылы, Целиноградтық ауылшаруашылық институтының Қостанай филиалының базасында Қостанай ауылшаруашылық институты құрылған, мұнда 1979 жылдан бастап ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті қызметін бастады.

 

1509-Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығына алғашқы қабылдау 50 адам құрады. 

 

Факультет сол жылы пайдалануға берілген орталық оқу ғимаратында орналастырылды. Факультеттің құрамына жоғары математика және физика, ауыл шаруашылығын механикаландыру, жалпы техникалық пәндер және сызу кафедралары кірді.

 

1990 жылы механикаландыру факультетінің жаңа оқу ғимараты, жаңа павильондар пайдалануға берілді және заманауи ауылшаруашылық техникасымен жабдықталған машиналық ауласы ұйымдастырылды.

 

Инженер-механиктердің алғашқы бітіріп шығуы 1984 жылы болды. Факультепен қызмет көрсету уақыты ішінде 3500 астам инженерлік-техникалық мамандар дайындалып шығарылды, олар Қостанай облысында, жалпы Қазақстанда, сонымен қатар, жақын және алыс шет елдерінде қызмет атқарып жатыр. Әр жылдары факультет деканының қызметін Дейнега В.В., Ткачук В.Н., Хаданович В.В., Нурписов Ж..А., Калаков Б.А., Кушнир В.Г. және Салыков Б.Р. атқарды.

 

Басында жалғыз «Ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру» мамандығы бойынша дайындық жүргізілді, кейін мамандықтардың жіктеуішіне байланысты олардың саны өсе бастады, ал аты өзгеріп отырды.

 

Факультеттің оқытушыларымен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 20 астам диссертация және 4 докторлық диссертация қорғалды (Константинов М.М., Мұрзағалиев К.Г, Құрманов А.К., Кушнир В.Г.)

 

 

 

Әр түрлі жылдардағы инженерлік-техникалық факультеттің оқытушылары  

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультеттің бірінші деканы т.ғ.к., профессор Дейнега В.В. болды, Қазақстанның жаратылыс ғылымдарының мүше-корреспонденті (1979-1987 жж.). Факультеттің әр түрлі қызмет ету кезеңдерінде декан қызметін т.ғ.к., доцент Ткачук В.Н. (1987-1990 жж.),т.ғ.к., доцент Хаданович В.В.(1990-1995 гг.),т.ғ.к., профессор Дейнега В.В., т.ғ.к., доцент Нурписов Ж.А., т.ғ.к., доцент Салыков Б.Р. (2001-2004),Калаков Б.А., Кушнир В.Г. атқарды, қазіргі уақытта факультеттің деканы Салыков Б.Р.

 

Факультетте ұзақ уақыт бойы оқу шебері болып Социалистік еңбек Ері, үш «Даңқ»  орденінің кавалері, алғашқы тыңгер Яровой М.С. еңбек етті. 

 

Факультеттің ұйымдастыру жұмысында абжауқын және көзге байқалмайтын, сонымен қатар, өте қажеттіде және пайдалы деканат қызметкерлерінің еңбегін атап өту орынды болады. Олардың қатарына алғашқы деканның орынбасарларын  Афанасьева Л.П., Ситникова Л.И. және Игубаев А.М., деканат қызметкерлері Деревяшкина И.П. және Штейнбок С.В. жатқызуға болады. 

 

Сонымен қатар, факультеттің материалдық-техникалық базасын тұрғызу және құруына тікелей үлес қосқан қызметкерлердің атын атап өтейік. Ол институттың бұрыңғы ректоры профессор Чужинов П.И., факультеттің деканы Дейнега В.В., құрылыс бойынша проректоры  Клинг А.Г., прорабтар Эйстрах В.Ф. және Волков Ю.С., оқу базасының меңгерушісі    Сирота В.А., оқу ғимаратының коменданты Шевченко Л.И.

 

Факультеттің түлектері ойдағыдай өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, бизнесте, құқық қорғау органдарында еңбек етіп жатыр. 1984 жылғы факультеттің түлегі Ю.Шишковский «Агрореммаш» АҚ директоры болған, Вахрушев В.В. және Нугманов Д.К. – ірі бизнесмендер, Ганжа С.М. – фирманың президенті, Белан В.И. – «Автогаз» БК директоры, Шалабаев К.В. –«Горводоканал» ПЭТ  (кейін «Қостанай-Су» МҚК) бас механигі. Қазіргі уақытта факультеттің түлектері Ресей, Украина, Алмания, Израиль елдерінде еңбек етіп тұрып жатыр. Көптеген факультеттің түлектері оның оқытушылары болып қалды: Болат Е.Б., Жантугулов Т.Ж., Калиев Б.К., Бармаков Т.М., Камышева Н.А., Смагулов Б.Б., Спекторук С.А., Хасенов Н.С., Шаяхметов А.Б., Асанова Г.Д., Байняшев А.М., Дунский М.М,, Кошкин И.В., Сапа В.Ю. Факультеттің түлектері Сотников С.Н. ұзақ уақыт бойы «Қостанай дизельдік зауыты» ӨК директоры, Пивовар А.М. – осы зауыттың бас инженері, ал Ленивцев В.Н. Қостанай қаласының әкімі, О.Феттер – ірі бизнесмен А. Буланников Қазақстандағы ең ірі Н.Козлов атындағы совхоздың директоры, Абенов М.Т. Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының директоры қызметтерін атқарған.


PDF