Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Университеттегі оқу процесінің даму сатысы

 

Бірінші онжылдық


Қостанай педагогикалық институты 1992 жылғы тамыз айында мемлекеттік университеті ретінде қайта құрылды. Университет бағдарламасына сәйкес ЖОО-дағы мамандықтарды даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізілді.Мемлекетіміздің  жаңа құрылған кезеңінде әрбір мамандыққа арналған  типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарттары әлі де құрастырылмаған болатын. ЖОО-ның нормативтік құжаттары Ресей және Қазақстан  бойынша жетекші ЖОО-ның  оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізге ала отырып құрастырылды. Осындай қиын кезеңдерде нормативтік база мен негізгі материалдық құжаттардың тапшылығы болғанда, оқу жұмысы бойынша проректор х.ғ.к., доцент К.Г.Ханапин (ҚМУ бірінші проректоры) және  оқу бөлімінің бастығы А.Ш.Ибатулин  оқу және оқу-әдістемелік қызметін басқарды.

 

 

Университеттің жаңа даму сатысы

 

Білім беру жүйесін жаңарту және дамыту жолында білім беру жүйесіне, басқару саласына ақпараттық технологияларды енгізу және білім сапасын халықралық стандарттармен, кредиттік технологиялармен және т.б. жолдармен жүзеге асыру көзделді.                                         

  сы бағытта 2001 жылдан бастап, университет ректоры Х.Х.Валиевтің басшылығымен білім беру ордасының алдына бірнеше бағыттар негізге алынды: ЖОО-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын калыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмысы мен білім беру сапасын көтеру, жаңа білім беру технологияларын енгізу, түлектерді жұмысқа орналастыру, студенттерді әлеуметтік қорғау және тәрбие жұмысы.

 

О қу жұмысы бойынша  проректор қызметіне 2001 жылдан  бастап ф.ғ.д., профессор С.А. Колдыбаев  тағайындалды. Сонымен қатар, инновация және жаңа технология бойынша оқыту бойынша проректоры қызметі енгізіліп, сол кезеңге дейін ЖОО-да оқу–әдістемелік салада көп еңбек сіңірген ф.-м.ғ.к., доцент Ф.Ф.Майер тағайындалды.

 

Проректорлар атқаратын қызметтердің өзара бөлінуі: оқу жұмысы бойынша проректор университеттің әкімшілік қызметі мен оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлауды басшылыққа алады. Инновация және жаңа технология бойынша оқыту бойынша проректордың атқаратын қызметі - білім сапасының менеджменті жүйесін, кредиттік оқыту технологиясын, балдық-рейтингтік бақылау  жүйесін  және линейлі, кредиттік жүйе бойынша білім алушылардың білімін бағалауды еңгізіп, университеттегі білім беру жүйесін информатизациялау.

  

Университеттің құрамынан 2004 жылы педагогикалық институттың дербес оқу мекемесі болып бөлінгеннен кейін, екі  түрлі қызмет атқарған проректорлар  - оқу жұмысы бойынша  проректор және инновация және жаңа технология бойынша оқыту бойынша проректоры лауазымы біріктіріліп, оқу жұмысы және жаңа оқыту технологиясы бойынша проректор лауазымы деп аталып, аталмыш қызметке Ф.Ф. Майер тағайындалды.

 

Университеттің  бастауында тұрған К.Г.Ханапин, С.А. Колдыбаев, Ф.Ф.Майер сияқты проректорлардың университеттегі оқу процесін ұйымдастыру саласында атқарған қызметтері орасан зор. Әрбір кезеңнін мақсаты  мен міндеттері талаптар мен  мүмкіндіктерге сай анықталды. Бірақ, ең басты мақсат - Қазақстан республикасы, соның ішінде Қостанай облысына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Абитуриенттерді қабылдау стратегиясын жетілдіру, тиімді оқыту технологиясын қолдану, университет түлектерінің қоғам талабына сай қажеттілігінің артуы сияқты алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін университеттің барлық ұжымы бірлесіп қызмет етуде.

 

Университет  еліміздің және жалпы білім беру саласындағы барлық қиын жылдарды, сонымен қатар ЖОО-ның өзара бөлінуі мен қайта құрылуы кезеңдерінен сүрінбей өтіп, бүгінгі дәрежесіне жетті. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қабырғасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Қостанай ауылшаруашылық институтының ерекше шығармашылық дәстүрлері сақталып, жетілдіре түсті. Министрліктің барлық тексеру кезеңдерінен өтіп,білім беру саласындағы барлық мемлекеттік және жеке білім беру мекемелерінің арасындағы жоғары деңгейде бағаланатын ЖОО-ның  бірі, болашақта алдымызға қойып отырған мақсаттарымызға жететінімізге сенеміз.

 


PDF