Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Инфрақұрылым

Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның ең ірі өңірлік жоғары оқу орындарының бірі, еліміздің солтүстік өңірінің жетекші оқу, ғылыми, әдістемелік және мәдени орталығы болып табылады. Университет құрылымында жеті факультет бар. Оқыту үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат-магистратура-докторантура PhD.

 

Университеттің студенттері мен оқытушыларының иелігінде қажетті оқу залдарымен, заманауи зертханалармен, кабинеттермен, шеберханалармен, спорт және акт залдарымен, фитнес-орталықпен, кафелермен және мұражайлармен жабдықталған 6 оқу корпусы бар. Университеттің бас корпусы, Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіші, көшесі мен алаңы көркем ауданда қаланың дәл ортасында орналасқан. Бүгінде Ахмет Байтұрсынов алаңында университет, қала және облыс өміріне маңызды іс-шаралар өтуде.

 

2006 жылдың желтоқсанында ең заманауи еуропалық талаптарға сай жабдықталған жаңа ғылыми кітапхана – білім беру ақпараттық кешені "Центр знаний - білім орталығы" пайдалануға берілді.

 

Бүгінде университеттің ақпараттық инфрақұрылымының негізін ауқымды компьютерлік парк және телекоммуникациялық құралдар кешені – бағдарламалық құралдардың тиісті кешені бар бірыңғай корпоративтік телекоммуникациялық желі құрайды. ЖОО қызметінің негізгі процестерін басқару автоматтандырылған. Кез келген компьютерден немесе ақпараттық терминалдан барлық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі ақпараттық-білім беру порталының, тармақталған корпоративтік желінің болуы сапалы оқыту мен ғылыми зерттеулер үшін қажетті жағдайлар жасайды.

 

Ғылыми зерттеулерді жүргізу және коммерцияландыру үшін ғылыми-инновациялық орталық және коммерцияландыру кеңсесі жұмыс істейді.

 

Университеттің заманауи спорт кешені: спорт, тренажер және күрес залдары және қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған басқа да спорт ғимараттары ерекше назар аударады. 2011 жылы халықаралық кездесулер нормаларына сәйкес келетін спортзал мен жасанды жабыны бар ашық футбол алаңын қамтитын жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

 

Университет инфрақұрылымына сондай-ақ, корпустардағы дәмханалар мен буфеттер, корпустардағы медпунктермен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, университеттің мұражай кешені кіреді. Университетте А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің барлық мұқтаж студенттеріне тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін 2 заманауи студенттік жатақханасы бар.


PDF