Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Корпоративтік телекоммуникациялық желі

     Бүгінгі таңда университеттің ақпараттық инфрақұрылымының негізін кең ауқымды компьютерлік парк және телекоммуникация құралдары құрайды.

   Университетте жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жасаудың, енгізудің және қолданудың қуатты платформасыболып табылатын бірыңғай корпоративтік телекоммуникация желісі құрылған.

     Интернетжылдамдығы 80 Мб/с дейін жетеді және бұл орайда университет Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында жетекші орындарының бірін алады. Университет білім алушылары, ПОҚ мен қызметкерлері үшін Интернетке кіру – лимитсіз.

Университеттің барлық корпустарындаWi-Fi орнатылған, бұл барлықстуденттер мен оқытушыларғаҚМУ интражелісінің ақпараттық ресурстарына және оқу аудиторияларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда (үзіліс, дәрісханалар және т.б.) жеке ДК қолдану арқылы Интернеткесымсыз жетуді қамтамасыз етеді.

   Жоғары оқу орын қызметінің негізгі үдерістерін басқару автоматтандырылған. Телекоммуникациялық желісінің жылдамдығы мен кең ауқымды Интернетке қосылудың арқасында IP-телефония, ішкі телехабарлау, бейне бақылау жүйесі, қызметкерлер мен келушілерді  бақылау мен есебін жүргізу жүйесі енгізілген.

     Ақпараттық-оқу порталы мен кез келген компьютерден кіруге мүмкіндік беретін (университте олардың саны 1000 жуық)тармақталған корпоративтік желісі немесе барлық ақпараттық ресурстарға жетуге болатын ақпараттық терминал сапалы білім беруге және ғылыми зерттеулер жасауға қажет жағдайлар жасайды.


PDF