Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Миссия және университеттің даму стратегиясы

 Миссия

Аймақтық көп салалы университет - білім беру, ғылыми және мәдени орталығы, инновациялар генераторы және жоғары құзыреттілікті кадрлық әлеует көзі 

 

 Көруі

Қоғамда кіршіксіз имиджі бар, білім беру қызметтері нарығында тұрақты дамуға қол жеткізген, ортақ білім беру, ғылыми және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шетелдік серіктестермен кең академиялық байланыстарды ұстанатын, өндіріске және қоғамдық өмірдің басқа да салаларына инновациялардың және ғылыми жетістіктердің енуін қамтамасыз ететін университет 

 

 Дамудың стратегиялық мақсаты

Қазақстанның солтүстік аймағының динамикалық, үздіксіз және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірегей ғылыми білім беру кеңістігін қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған бағдарларға қол жеткізу жоғары оқу орны дамуының стратегиялық бағыттарын іске асыру арқылы орындалады:

 

  • сыртқы және ішкі тұтунышылардың білім беру сапсына қоятын талаптарын үздіксіз меңгеру және болжалдау, оқытудың және тұлғаның әлеуметтік дамуының қауіпсіз және жайлы жағдайларын жасау;
  • мамандарды үш деңгейлі (бакалавриат-магистратура-докторантура PhD) даярлауды кеңейту және Болон декларациясы мен ECTS принциптерін жылжыту;
  • білім беру үрдісін ғылыммен және өндіріспен интеграциялау, жаңа білім беру технологияларын қолдану және оқу-әдістемелік, ғылыми-методологиялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді үнемі жетілдіру; 
  • мамандарды даярлаудың барлық деңгейлерінде білім беру үрдістерін бақылау және уақытында түзету, қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің өнімді және шығармашылық жұмыс жасауына, өз мүмкіндіктері мен қол жеткізген нәтижелерін бағалауға жағдай жасау; 
  •  қызметкерлердің кәсіптілігін және сапа саласындағы өкілеттілігін арттыра отырып сапа менеджменті жүйесінің талаптарын бұлжытпай орындау және оны үздіксіз жетілдіру, сондай-ақ олардың ақпараттық технологияларды игеруіне, құқықтық, коммуникативтік және кәсіби өкілеттіліктерін дамытуға ықпал ету;
  •  жоғары оқу орнының қаржылық-экономикалық тұрақтылығына негізделетін оқу үрдісінің, оқу-әдістемелік жұмыстың, ғылыми-зерттеу қызметінің және тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базаны дамыту, университет жұмыскерлерін мотивациялау механизмдерін жетілдіру, түлектердің жұмысқа орналасуына ат салысу.

 

 

Осылайша белгіленген даму стратегиясын жүзеге асыру Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстанның ең мықты көпбейінді жоғары оқу орындарының бестігіне кіруге және аймақтық инновациялық инфрақұрылым дамуында өзінің басты орнын нығайтуға мүмкіндік береді

 

 

 

 

 

 

 

 


PDF