Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жетістіктер

 Еуропалық білім кеңістігіне бірігу 


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің соңғы жылдардағы дамуы мамандарды даярлаудың ескі моделінен халықаралық тәжірибеге көшу, еуропалық жоғары білім аймағына бірігу, Болон процесіне қатысу және білім берудің сапасына кепілдік жасауға бағытталуымен белгіленеді. Университет мамандарды даярлаудың 3 деңгейлі  бакалавр-магистр-PhD докторы  моделіне көшті. Оқу бакалавриаттың 34 мамандығы, магистратураның 18 мамандығы, PhD докторантураның 3 мамандығы  бойынша жүргізіледі. Жыл сайын магистранттар мен докторанттардың саны өсуде. Оқу процесін екі жүзге жуық ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар, соның ішінде 20 астам ғылым докторлары жүргізеді.


1998 жылы 17 қарашада қазақстандық тәжірибеде алғашқы рет ҚМУ базасында  мемлекет басшысының қатысуымен Қостанай облысының ЖОО-ы мен Оклахома университеті (АҚШ)   арасында Internet жүйесінде халықаралық бейнеконференция өткізілді.

2001 ж. ЖОО-ң дамуындағы жетістіктері үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ "Стратегиялық менеджмент" номинациясында  француз құрмет марапаты "SPI Ассоциациясының Алтын медаліна"  ие болды.

 

Университетте кредиттік оқыту технологиясының жалпы принциптеріне сүйене  білім беру процесінің өз моделі құрастырылған.  Сонымен қатар МС ИСО 9001:2000, ал 2009 жылдың қазанынан бастап МС ИСО 9001:2008  негізінде сапа менеджментінің жүйесі енгізілген және сертификатталған. 2010 жылы маусымда университет ҚР Б және ҒМ ҰАО институциоалдық аккредиттеуден өтті. Университеттің жетістіктеріне аймақтағы бәсекелесу қабілеттілігінің жоғары деңгейі және жетекші орны мен республика ЖОО-ң рейтингінде тұрақты орынды қамтамасыз етуі жатады. 2012 жылғы республикалық рейтинг нәтижесі бойынша университет Қазақстан Республикасының жоо негізгі рейтингінде 6 орын алды. 2010-2011 оқу жылында университетте қашықтықтан білім беру технологиясы енгізілді.

 

2009 жылдың 18 қыркүйегінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына ("Magna Charta Universitatum" Болонья қ.) қол қойып, дербестікті, басқарудың демократиялық принциптерін, студенттердің, ғылыми зерттеулердің, білім беру бағдарламаларының академиялық еркіндігін, оқыту және зерттеудің бірлігін дамыту міндеттерін алды.

 

Жүйелі негізде жұмыс берушілермен байланыс нығаюда. Алқалық басқару органдарының міндеттерін кеңейту және олардың ашықтығын арттыру, әділдік пен жариялылық, студенттер мен жұмыс берушілерді басқаруға тарту арқылы университетте бірлескен менеджмент ұстанымдары енгізілуде.

 

 

Қазіргі заман материалдық-техникалық базасы 

 

Университеттің сапалы білім беру қызметтерін көрсету және жоо мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруын қамтамассыз ететін қазіргі деңгейдегі материалдық-техникалық базасы бар. Университет әрекет етіп жатқан жылдарда жарық және жылы дәрісханалары бар  оқу ғимараттарынан, оқу және ғылыми зертханалар, кабинеттер, мұражайлар, шеберханалар, жаттығу, спорттық және акт залдары, көптеген тамақтану пунктері, медициналық орталығы, студенттік жатақханаларынан тұратын дамыған инфрақұрылымы жасалды.

 

Барлық ғимараттар жөнделген. Жыл сайын негізгі қорларды жаңарту есебінен жаңа оқу аудиториялары іске қосылады. 2011 ж. өз қаражаттары есебінен жалпы көлемі 1384,8 кв.м. жаңа спорттық зал және көлемі 1250 кв.м. жазғы спорттық жасанды алаң салынды.

 

2006 ж. желтоқсанда қазіргі талаптарға сәйкес «Білім орталығы» ақпараттық-білім беру орталығы іске қосылды. Қазіргі уақытта университеттің барлық ғимараттарында 100 астам компьютер орнатылған оқу интернет-залдары бар. Бұнда студент пен оқытушыға қажеттінің бәрі бар: оқу және ғылыми әдебиеттердің бай қоры, мерзімді басылымдар, қорларға ашық кіру, электронды каталог, автоматталған есептеу жүйесі және штрих-кодталған кітап беру, толық мәтінді  әлемдік «SpringerLink» және  «Thomson Reuters» электронды кітапханаға кіру, республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапхана.

Мамандарды табысты даярлау үшін қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кең қолданылуда. Университетте жоо жергілікті желісінде орналастырылған ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығынан және мәтіндерді оптикалық талшық торабы арқылы ғаламдық желілерге шығатын барлық компьютерлік техника паркін біріктіретін (100 жуық ЖК) бірлескен телекоммуникациялық тармақ негізінде жұмыс істейтін жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы жасалған. Интернет жылдамдығы 40 Мб/с, ғимараттар арасындағы байланыс  – 60 Мб/с құрайды, осыған байланысты Қазақстан жоо арасында университет алдыңғы орындарда. Барлық білім алушылар, ПОҚ, қызметкерлер үшін интернет тегін және лимитсіз.

 

 

Келешегі зор ғылым 


Университеттің ғылыми-зерттеу саласындағы мақсаты - жаңа буындағы университеті құру - білім беру қызметін ғылыми зерттеулер, құрылымдаулық және технологиялық зерттемелер жасаумен үйлестіру және аймақтың басты даму бағыттары бойынша іске асыру.

2011 жылы тамызда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеуден өтті.

Университет қызметін ғылыми-инновациялық басым ету мақсатында және ғылыми зерттеулерді алға бастыру және үйлестіру қажеттігін ескере университетте инновациялық әлеуетті тиімді пайдалану жүйесін дамытуды қамтасыз ететін экономикалық зерттеулер Орталығы мен Инновациялық ғылыми-білім беру Орталықтары құрылды.   потенциала.

 Университетте жыл сайын әйгілі мамандар мен Ресей, Украина, Беларусь Республикасы, Канада ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

2012 ж. 17 тамызда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов мырза келді. Сапары барысында "Білім орталығы" ақпараттық-білімберу орталығынаң қызметімен танысты, жоо-ң  қамқоршылары мен түлектері Ассоциациясының мүшелерімен, университет ПОҚ ұжымымен кездесті.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші болып табылатын ҚР Б және ҒМ Ғылым Комитетінің жариялаған ғылыми жобалар сайысына жіберілген жобалар санының артуы. 2012 ж. 75 жоба жіберілді, соның ішінен 5 жоба гранттық қаржылануға ие болды. 2012 ж. желтоқсанда  - 70 астам жоба дайындалды.

 

Ғалымдар, магистранттар мен студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарға белсене қатысады. Мысалы, 2011 ж. «Инновационный форсаж» республикалық сайыста физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор В.М.Поезжаловтың "Төмен энергокөлемді әдісімен  сүтті стерилдеу" жобасы жүлделі орынға ие болды. 2012 ж. наурызда бағдарламалау бойынша республикалық олимпиадада (Шиманский Н.) - екінші орын, (Журавлев С.) - үшінші орынға ие болды. 2012 ж. сәуірде  ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық олимпиада да Иванова О. бірінші орынға, Шиманский Н. үшінші орынға ие болды. 2012 ж. қарашада университеттің үш командасы  «Startap Weekend» сайысында алдыңғы үш орынға ие болды. Бірінші орынға электроэнергетика және физика кафедрасында дайындалған "Жарық" жобасы ие болды.

 

 

2010 жылдан бастап ҚМУ жыл сайын студенттік бизнес-жобалар сайысы өткізіледі. Жыл сайын студенттер ғылыми жетекшілерімен бірлесіп 30-40 жоба дайындайды. Жобаларды таңдау комиссиясына ірі кампаниялар, мемлекеттік органдар және бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады. Қорытындысы бойынша ең үздік жобалар іске асырылуға ұсынылады. Бір қатар ойлар мен жобалар қаржыланады, мысалы "Фотокабинка" жобасын ЖШС "Стофарм" қаржыландырады.

 

 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде маңызды бағыт болып табылатын ҚМУ Темпус бағдарламасына қатысуы. Қазіргі уақытта университет Болон процесінің принциптеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіруіне сонымен қатар студенттерды қолдау қызметтерін дамытуға бағытталған "Темпус" бағдарламасының үш жобасында жұмысын жалғастыруда. Бір қатар магистранттар мен студенттер академиялық ұтқырлық Мемлекеттік бағдарламасы және Эрасмус Мундус бағдарламасы бойынша Еуропаның жоо оқиды.

2000 жылдан ҚМУ көпсалалы журнал  «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» басылып шығарылады, 2009 ж. ауыл шаруашылық және ветеринариялық ғылымдар бойынша диссертациялар нәтижелерін басып шығаруға ұсынылған ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді. 2012 жылы  ISSN (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) сериалды басылымдарды тіркеу Халықаралық орталығында тіркелді.


PDF