Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Көптілідік білім - сенің мүмкіндігін!

                                        Құрметті талапкер!

 

Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеу мақсаттарының бірі - үш тілді еркін меңгеру. Осыған байланысты елімізде жоғарғы оқу орындары мен мектептер «Үш тұғырлы тіл» кезеңдік мәдени жобаны жүзеге асырып отыр. Үш тілдік идеясы қарапайым және түсінікті формуласын білдіреді: мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін қолдау, ағылшын тілін үйрену. Үш тілдік идеясының үшінші құрамдас бөлігі — ағылшын тілін үйрену.

 

Қазіргі таңда ағылшын тілін жете меңгеруі әлем кеңістігіне, сонымен қатар ақпараттық ағымға және инновацияға жол ашып отыр. Шетел тілін меңгеруі әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқуына мүмкіндік береді және бүкіл әлемдегі алдынғы қатардағы елдерінің практикалық тәжірибесін алуына мүмкіндік жасайды. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап болып табылады.

 

Осыған байланысты А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарымен қатар, пәндерді үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілінде оқытатын мамандықтарын ашуына мақсат қойып отыр. Біздің университетте мыңадай мамандықтарда көптілдік оқыту бағдарламаларын еңгізумен байланысты: /p>

  • 5В020100-Шетел филологиясы;
  • 5В0207000-Аударма ісі;
  • 5В050500-Аймақтану;
  • 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 5В071300-Көлік, көліктік техника және технологиялар;
  • 5В060800-Экология;
  • 5В060400-Физика;
  • 5В071800-Электр энергетикасы;
  • 5В020300-Тарих;
  • 5В030100- Құқықтану;
  • 5В050900-Қаржы;
  • 5В050700-Менеджмент

 

Сонымен қатар, ҚМУ-да жыл сайын бірінші курс студенттерінің әр түрлі мамандықтар арасында, ағылшын тілін тереңдетіліп оқитын, содан кейін жалпы білім беретін пәндерді де ағылшын тілінде оқыту үшін топтар қалыптастырылады. Мұндай топтарға қабылданудың қажетті шарты – ағылшын тілін білудің жақсы деңгейі болып табылады, ол абитуриентпен әңгімелесуден кейін анықталады.

 

Ал одан кейін ағылшын тілін жақсы білген жағдайда мемлекет немесе жоо-ның қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық аясында ең үздік шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

Яғни, сенің алдында үлкен мүмкіндіктер мен барлық жолдар ашық болады! Берілген мүмкіндікті жіберіп алма! Бұның барлығы қазірдің өзінде нақты! ҚМУ студенттерінің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын осы жерден көруге болады.

 

 

Көптілді топтарды таңда немесе ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын тобына жазыл!

Сенің болашағың өз қолыңда!

 


PDF