Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жалпы ережелер


● А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 12 докторантура мамандықтары бойынша дайындық жүргізеді.

 

● Докторантурада оқу тек қана күндізгі бөлімде жүргізіледі, оқу мерзімі 3 жыл. Оқу қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.

 

 

 

 

 

 

 

● ҚМУ докторантура мамандықтарының тізімі:

 

  • 6D020300 - Тарих
  • 6D020500 - Филология
  • 6D030100 - Құқықтану
  • 6D050400 - Журналистика
  • 6D050600 - Экономика
  • 6D060200 - Информатика
  • 6D072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
  • 6D080100 - Агрономия
  • 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • 6D080600 - Аграрлық техника және технология
  • 6D120100 – Ветеринарлық медицина
  • 6D120200 – Ветеринарлық санитария

 

 

 

 

 

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.

 

● Докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

 

Докторантураға түсуші түсу емтихандарын тапсырады:

1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

 

 

 

● Докторантурада білім алу тек қана мемлекеттік білім беру гранттарының есебінде жүзеге асырылады.

 

● Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар ЖОО кейінгі білімді тегін ала алады, егер олардың алатын білімі алғашқы сондай түрдегі білім болатын болса.

 

● Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.


PDF