Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жиі қойылатын сұрақтар

 

Құрметті әріптестер, докторантураға түсушілер!

 

 

 

Сұрақ – жауап айдарында біз сіздерге жоғарғы оқу кезінде түлектердің жиі қоятын сұрақтарының тізімін ұсынамыз. Егер сізде басқа сұрақ туындаса «Докторантура» бөлімдерінде жарияланған, жоғары оқу орынға және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім мекемелеріне қабылдау ережелері туралы, осы бөлімде сілтемелер бар. Ал егер сіз керекті сұрақтарға жауап таба алмасаңыз, осы бөлімде көрсетілген мекен жай бойынша  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына баруыңызға болады. 

 

 

 

 

 

 

  - Докторантураға қандай азаматтар қабылданады?

 

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар қабылданады.
 

- Докторантураға түсуші талапкерлер қай жағдайда шетел  тілі  емтихандарынан босатылады ?

 

 

Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue française (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisance du francais (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға  түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.

 

 

- Былтырғы жылы  менің ұлым шет тілінең түсу  емтиханың тапсырған нәтижесі – 49 балл болды. Осығаң орай  менің ұлымның апелляцияға арыз беруіне күқығы бар  ма ?

 

Иә. Қазір болмайды. Ал былтырғы жылы болатын еді. Түсу емтихандарының қорытындыларымен келіспеген азамат жазбаша түрде апелляциялық өтінішті  апелляция келесі күннің  сағат 13 -ке дейін  қабылданады.

 

Докторантураға түсуге өтінішті қашан жазу керек?

 

Докторантураға түсу үшін өтініш шілденің 03-нен 31-не дейін қабылданады.

 

 

- Шет тілінен түсу емтиханының  өту  тәртібі қандай ?

 

Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология әдісі бойынша тапсырылады.

 

 

 

- А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ докторантурасына түсуге Магистратураға түсу тәртібі қандай?

 

1) шетел тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырылады;

2) мамандық бойынша ауызша емтихан.

 

 

- Мен Қостанай мемлекеттік университетін 2011 ж. бітірдім. Диплом мен қосымшаны ң үш тілдегі көшірмесін  тапсыру міндетті ме?  

 

 Қазақстан Республикасының ЖОО 2009 жылдан кейін бітіргендер екінші жоғары білім  немесе жоғары оқу орнывнан кейнгі білім алуға университетке түсу үшін дипломды үш тілде (орысша, қазақша, ағылшынша) толтырылған қосымшамен (транскрипт) тапсыруы тиіс. 

 

- Докторантураға түсу емтихандары қашан болады?

 

Докторантураға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейін өткізіледі. Шетел тілінен 10 тамыздан 15 тамызға дейін, ал мамандығы бойынша емтихан  16 тамыздан 20 тамызға дейін өтеді. Нақты мерзімі жыл сайын белгіленеді. 

 

 

 - Былтырғы жылы докторантураға «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша грантқа түсе алмадым. Бірақ менімен бірдей балл алған азаматтар грантқа түсті. Докторантураға қабылдаудың белгілі бір тәртібі бар ма?

 

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шетел тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

 

 

 

- Докторантураға қабылдау тәртібі қандай?

 

 

1)      Шілденің 03-нен 31 -не дейін  қажетті құжаттарды тапсыру;

2)      10-15 тамыз аралығында  шетел тілінен тест тапсыру үшін рұқсат қағаз алу (күні, орны және аудитория нөмірі көрсетілген);

3)      10-15 тамыздан бастап шетел тілінен тест тапсыру және сертификат алу;

4)      16-20 тамыздан бастап мамандығы бойынша ауызша емтихан тапсыру;

5)      28 тамызына дейін оқуға қабылдау.

 

 

- Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы менің құжаттарымды түпнұсқасыз қабылдамады. Құжаттарымның көшірмелері нотариусте куәландырылған еді, техникалық хатшының әрекеті дұрыс болды ма?

 

Жоқ, техникалық хатшының ісі дұрыс емес. Сіз құжаттарыңыздың көшірмелерін көрсетуіңіз керек еді. Сонда  құжаттарыңыздың көшірмелерімен түпнұсқасы да көрсетіледі. Салыстырғанна кейін түпнұсқалары қайтарылады.

 

 

- Менің ағам Ақтөбе облысында жұмыс істейді,   құжаттарын А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына тапсырғанда еңбек кітапшасының көшірмесіз қабылдамаған,  тез  барып келуге жақын орналасқан жер емес қой. Осыған орай еңбек кітапшасының көшірмесін міндетті түрде тапсыру керек  пе ?

 

 Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі 2012 ж. 19 қаңтар №109 бойынша жұмыс өтілі бар азаматтар міндетті түрде қабылдау комиссиясына еңбек кітапшасының көшірмесін тапсыру кажет.

 

 

- А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің докторантурасына ақылы түрде түсуге болады ма?

 

Иа. Кез келген ЖОО докторантурасына мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе өз қаржатымен оқуға түсуге болады.


PDF