Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қабылдау уақыты мен мерзімі

Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі  және кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар қабылданады.


● ЖОО докторантурасы  мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентiн қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру, арқылы жүзеге асырылады. Адъюнкттардың, докторанттардың контингентiн қалыптастыру мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде жүзеге асырылады


● ЖОО магистратурасына, докторантурасына және әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушiлердiң өтiнiшiн қабылдау шілденің 3 - нен  31 шiлдеге дейiн жүргiзiледi.


● Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үмiткер тұлғалар арасында конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

 

● Докторантураға түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейiн жүргiзiледi.

 

● Докторантураға түсуші түсу емтихандарын тапсырады:

 

1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

 ол емтихан Ұлттық тестілеу орталығының технологиясымен бланкалы әдіспен өткізіледі;

 2) мамандық бойынша, университетте бекітілген бағдарламасы бойынша ауызша түрде өткізіледі.

  Әр емтихан 100-балдық шкаламен бағаланады

 

●  Докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкiлi бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

 

● Конкурстық балдардың қорытындысы бірдей болған жағдайда, шетел тілінен және мамандық бойынша жетістіктері жоғары болғандардың мүмкіндіктері жоғары болады. Сондай,ақ олардың ғылыми жазбалары, «ерекше» дипломы қарасытырылады

 

Докторанттарды мақсатты дайындау мемлекеттік ділім беру тапсырысы бойынша осы мамандық дайындығындағы тұлғалар арасында конкурстық негізінде жүргізіледі.

 

● Докторантураға  қабылдау 25 тамызға дейiн жүргiзiледi.

 

 

Абитуриент күнтізбесі

 

 


Қабылдау комиссисының жұмыс істеу реті

Мерзімі

1

Кешенді тестілеуге қатысу үшін арыздарды қабылдау


 

шілденің 3-нен 31шілдеге дейін 
2

Оқуға түсу емтихандары: 

 шетел тілі бойынша 

  мамандық бойынша

 

10 тамыздан 20 тамызға дейін

10 тамыздан 15 тамызға дейін

16 тамыздан 20 тамызға дейін

 

3

Докторантураға қабылдау

 

25 тамызға дейін 

 

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне мемлекеттік тапсырыс бойынша докторантура мамандықтары

 

 

Код

Мамандықтың атауы 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік орындар саны

   2017-2018  оқу жылына

1

6D020300

Тарих

1

2

6D020500

Филология

3

3 6D030100 Құқықтану 0
4 6D050400 Журналистика 1
5 6D050600 Экономика 0
6 6D060200 Информатика 1
7 6D072400 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) 1
8 6D080100 Агрономия 2
9 6D080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 1
10 6D080600 Аграрлық техника және технология 1

11

6D120100

Ветеринарлық медицина

3

12

6D120200

Ветеринарлық санитария

1

 

 


PDF