Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

“Серпін – 2050” жобасы бойынша бітіретін болашақтағы түлектердің біліктілігі

 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Серпін-2050» жобасы негізінде 14 мамандық бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

 

1.5В070100-БИОТЕХНОЛОГИЯ

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В070100-Биотехнология мамандығының бакалавры.

 

Оқу мерзімі - 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – биология.

 

Биотехнология мамандығы ғылым ретінде заманауи биологияның маңызды бөлшегі болып табылады. Бұл сала өткен XX ғасырдың 80-ші жылдарында жандана бастаған. Жаңадан шықан әдіснамалық және әдістемелік тәсілдер ғылымға аяқ басқан шақта осылардың барлығын іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берген. Оқымыстылардың болжамдары бойынша алдағы уақытта биотехнологиялық тауарлар әлем нарығын жаулап алады.

 

Биотехнология – әртүрлі өнімдердің өндіріс мәселелерін шешу, энергияның өзге көздерін табу, биологиялық белсенді заттар мен антибиотиктердің синтезін жасау, қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу сияқты міндеттемелерді қамтыған ғылыми сала. Бұл мамандық түрлі тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады.

 

5В070100-Биотехнология мамандығының қызмет саласы – əр түрлі мақсаттағы биотехнологиялық өнiмдердi өндiрiстiк жолмен алу жəне жаңа биотехнологиялық процестердi өңдеу; микроорганизм, өсiмдiк жəне жануарлар селекциясын жасау.

 

Түлектердің кəсiптiк қызметінің нысандары  ретінде мына бағыттарды атауға болады:

 

- өндірістік зертханаларда технолог;

 

- биотехнологиялық өндірістерде технолог-маманы;

 

- ауыл шаруашылық биотехнологияда маман;

 

- азық-түлік өндірісінің маманы (сүт зауыттары, ет өндіретін кәсіпорындар; балық зауыты және т.б.);

 

- биотехнолог-селекция маманы (мал және өсімдік өнім өндірісі бойынша кәсіпорындарында);

 

- экологиялық қызмет пен ұйымдарда маман;

 

- колледж, гимназия және орта мектептерде биология пәнінен оқытушы

 

- ғылыми-зерттеу институттар мен жоғары оқу орындарында маман.

 

      

Мамандық бойынша білім алатын студенттер төмендегілерді игеруге мүмкіндік беретін тәжірибенің барлық түрлерінен өтеді:

 

- организмдердің дамуы және тіршілік әрекетінің құрылымдық, биохимиялық, молекулалық, генетикалық және физиологиялық негізі;

 

- биотехнологияда микроорганизмдерді, өсімдіктерді, жануарларды пайдаланудың негіздері;

 

- әр түрлі биологиялық объекттерді пайдаланумен түпкі өнімдердің өндірістік технология негізі;

 

- биотехнологияда жануарларды, өсімдік жасушаларын және микроорганизмдерді пайдаланудың әдісі мен тәсілі;

 

- тағам өнімдерінің өнеркәсіп өндірісінде, агроөнеркәсіптік кешенде, денсаулық сақтау және экологияда биологиялық жүйе және үрдістерді пайдаланудың әдісі мен тәсілі.

 

 

 

2.5В080200-МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – биология.

 

Мамандық бойынша жұмыс ауқымы өте кең. Олар: мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясы құстар және малдар бойынша ауыл шаруашылық селекциялық жұмыс, көрме, аукцион тағы басқа өткізу, мал азықтық өнімдер бойынша импорт және экспортты ұйымдастыру, әр түрлі шаруашылықтардағы өнімді біріншілік өңдеу, өндірілген мал өнімдерін сатып алу және ұйымдастыру.

 

Түлектердің кəсiптiк қызметінің нысандары  ретінде мына бағыттарды атауға болады:

 

-  мал өнімдерін шығаруды ұйымдастыру менеджер технологы;

-  зоотехник-селекциялаушы;

-  мал өнімдерін бағалау инспекторы;

-  асыл тұқымды мал шаруашылығының инспекторы;

-  шикі мал өнімдерінің бағалау инспекторы.

 

Кәсіби қызмет мазмұны:

- ауыл шаруашылық асыл тұқымды және жай малдардың түрі, құстар, олардың өнімдері;

-  фермалардың техникасы және техникалық жабдықталуы;

-  мал шаруашылық объектілері, қоршаулардың барлық түрі;

- барлық мал азықтық қоректердің жасанды және табиғи түрлері;

-  ғылыми лабораториялық жабдықталуы;

-  мал өнімдерінен шыққан ресурстар мен шикізаттарды есепке алу организациясы.

 

 

 

5В080200-Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бакалаврларының кәсіби қызмет объектілері:

 

- ауыл шаруашылық министрлігі құрамына кіретін   мемлекеттік кәсіпорындарда (облыстық және аудандық аумақтық әкімшіліктер; ауыл шаруашылығы департаменті)  жетекші маман;

- әр түрлі жеке меншік мал шаруашылығы кәсіпорындардағы (жеке фирмаларда, құс фабрикалар, ипподром және т.б.)   басқарушы маман;

- асылтұқымды шаруашылықтар мен асылтұқымды зауыттарда маман;

- сүт, ет, жұмыртқа және балық өңдейтін кәсіпорындарда мастер, технолог;

- зоопарктер, қорықтар;

- кәсіптік-техникалық оқу орындарында (колледждер, лицейлер) оқытушы;

- ғылыми зертханаларда маман.

 

 

5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы баклавры академиялық  дəрежесі беріледі

 

 

 

3. 5В120200-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ

  

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В120200 - Ветеринарлық санитария бакалавры

 

Оқу мерзімі - 5 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – биология.

 

Ветеринарлық санитария мамандығының кәсіби қызметінің басты нысандары:

-ауылда, аудандарда, қалада, облыстағы шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекция қызметкері;

-ет өндейтін және ет өнімдерін бақылайтын станцияларда, базарларда және кәсіпорындарда ветеринарлық санитарлық сараптаушы қызметкері;

-аудандық, қалалық, облыстық ветеринарлық зертханаларда ветеринарлық дәрігер- бактериолог, вирусолог, серолог, таксиколог және ветеринарлық дәрігер –радиолог  ретінде қызмет атқарады;

-жоғары оқу орындарында оқытушы және ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс атқарады.

 

   

 

   

5В120200-Ветеринарлық санитария маман иесі келесі жұмыстарды атқара алады:

 

-мал өнімдерін, шикізатын және өсімдік өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптауды жүргізуді;

-мал өнімдерін . шикізатын өндіру, тасымалдау және базарларда сату, мал шаруашылығы өнімдерін экспортты- импортты тасымалдауда ветеринарлық санитарлық қадағалауды жүргізуді

-мал өнімдері, шикізаттары арқылы тарайтын, соның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу;

-сырттан әкелінген мал өнімдері, шикізаты арқылы адам мен жануарларға ортақ антропоозоноз жіне аса қауіпті мал ауруларынан мемлекет территориясын қорғау;

-тағамға жарамсыз деп танылған мал өнімдері, шикізаттары арқылы таралуы мүмкін  мал, құс, ара, балық ауруларының алдын алу және қоршаған ортаны ауру қоздырушыларының таралуынан сақтау;

 

 

4. 5В120100 – ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА

 

 Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В120100 – Ветеринариялық медицина бакалавры

 

Оқу мерзімі - 5 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – биология.

 

5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша бітірген түлектер  мемлекеттік ветеринария инспекторы болып:

 

- базарларда;

- ауылдық әкімшіліктерде маман ретінде;

- шекара инспектор қызметкері;

- шекарадағы бақылау пунктерінде;

- өнімдері өңдеу мекемелерінде;

- клиникада ветеринария дәрігері ретінде;

- лабораториятарда ветеринария дәрігер маманы;

- індетке қарсы отрядтарда ветеринария дәрігері және т.б. қызмет атқара алады.

 

   

 

 

 

5. 5В070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР 

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  бакалавры.

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика

 

Аталмыш мамандық бойынша студенттерді оқыту бағдарламалары екі бағытқа бөлінеді:

 

- Телекоммуникацияларда, байланыс және басқару жүйелеріндегі ақпараттық жүйелер

- Экономика және қаржы салаларында ақпараттық жүйелер

 

 

 

  

 

 6. 5В070400-ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалавр

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика.

 

Оқыту бағдарламалары:     

 

1. Телекоммуникацияларда ақпаратты басқару және өңдеудің автоматтандырылған жүйелері. Windows және Unix программалары қолданылып және оқытылады. Негізінен көлбеу оқытылуда ашық операциялық жүйесі Unix ашық архитектурасымен жүргізіледі.

 

Барлық оқыту кезеңінде келесі бағдарламалау тілдері үйретіледі: С++, Pascal, Delphi, Java, Basic, Perl, Assembler.

 

2. Дизайндегі ақпараттық технологиялар. Компьютерлік графиктің бағдарламалары. Компьютерлік графика дизайнерлерін кешенді дайындау үшін мындай бағдарламалар бойынша оқытылады: Graphics Suite (полиграфиалық дизайн), Authoring Multimedia Suite (мультимедиа технологиясы), Multimedia for Web (үш өлшемді модельдеу және графикасы), Adobe Photoshop, Corel Draw, 3D Studio Max, Auto Cad, Macromedia Flash.

 

 

 

7. 5В080100-АГРОНОМИЯ

 

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша бакалавр.

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – биология.

 

Агроном – егін шарушылығындағы басты тұлғаның бірі. Оның негізгі міндеті – егін шаруашылығы өндірісін жетілдіру, механизаторлар, егіншілердің және басқада жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру және басқару. Арнайы білімімен қаруланған агроном өсімдіктің қалай өсіп келе жатқанын, не жетіспейтінін, топырақта қандай өзгерістер жүріп жатқанын басқалардан өте жақсы біледі. Ол –шаруашылықтағы ғылымның негізгі жолсерігі, еңбек технологиясын және оның ұйымдастырылуын анықтайды.

 

Агроном қызметіндегі маңызды орынды өндіріс процесін жобалау алады. Ол егіншілік жұмысының жиынтығын, олардың реттілігін, басталу және аяқталу, егіншілік тәжірибелерінің мазмұнын анықтайды, өндіріс құралдарын бөледі және т.б. Мәні бойынша, ол тек қана өндірістік жұмысты жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми-өндірістік жұмысты жүргізеді, сортты егістердің, сол және басқа топырақтарды өңдеу, жер тыңайтудың әртүрлі түрлерін енгізудің тиімділігін арттырады. 

    

 

Агроном жер, тұқым тыңайтумен ғана емес, адамдарменде жұмыс жасайды. Оның тапсырмасына олардың еңбектерін ұйымдастыру және жобалау, қажетті көмек көрсету, мәселен, жұмыста ақауды жоюға, оларды оқыту мен тәрбиелеу жатады. Сондықтан агрономның ұйымдастырушылық-педагогикалық дағдылары, қасиеттері болуы керек. Агроном жұмысын қаншалықты нақты жобалағаны көбінесе еңбек өнімділігіне байланысты. Тәжірибелі қызметкер ертең кім, қайда және не істейтінің кештен бастап хабарлайды, ауа-райының өзгерісіне топты нұсқалар жасайды.

 

 Бұл мамандықтың студенттері үшін үш білім бағдарламасы бар: астық және техникалық дақылдарының өндіріс технологиясы, мал азығы дақылдарының технологиясы, өсімдік қорғау және карантин. Оқу және өндірістік практикалар түрлі ауылшаруашылық ұйымдарында өткізіледі. Агрономия кафедрасында екі филиалы бар Олар: Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибелік бекеті мен Қостанай ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институты.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

 

- егіншішіліктегі өндірістік процестерді ұйымдастыру және осы процестерді басқаруға байланысты басқарушы-ұйымдастырушылық қызмет;

ресурс сақтаушы немесе интенсивті технологиямен ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен байланысты өндірістік- технологиялық қызмет және өсімдік шаруашылығы мен басқа да ауылшаруашылық жұмыстар еңбегін ұйымдастыру;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін ұйымдастырумен байланысты еңбек және қаржы ресурстары есебінен -шаруашылық-қаржылық қызмет;

өсімдік шаруашылығы сферасы мамандары мен қызметкерлермен байланысты агроесеп және кеңес жүргізушілік қызметі;

тәрбиелік қызмет.

 

Біліктілік сипаттамасы: Агрономия мамандығын бітірушілерге 5В080100-Агрономия мамандығының ауылшаруашылығы бакалавры деген академиялық дәреже беріледі.

 

 

 

8. 5В072700 – АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

 

Біліктілігі және Академиялық дәрежесі: 5В072700 - «Азық түлік өнімдерінің» бакалавры.

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – химия.

 

Азық-түлік өнімдерінің технологы - өндірістік жағдайда тағам өнімдерінің дайындалуына қатыса алатын білікті маман. Диетологтардың бағалауы бойынша адам ай сайын тағамға жүзден аса түрлі өнімдер қолданады. Әр бірінің өндірісі қатаң бақылауда болуы тиісті. Осы өнімдердін сапасына тағам технологтары жауап береді.

 

Ет, сүт, ұннан жасалатын кондитерлік бұйымдар, консервілер, сусындар, шұжықтар және ірімшіктер тағам өнімдерінің ассортименті орасан мол. Әрбір сорт және түрдің өзіндік рецептурасы болады. Технолог өнім құрамына ғана емес, сонымен қатар өндірістік кезеңдік жұмыстарын қатаң сақтауға жауапты. Оған өндірістің барлық кезеңіндегі түрлі мәселелердің алдын алу және шешу керек.

 

 Болашақ түлектердің кәсіби қызметінің негізгі нысандары:

 

- шикізат пен дайын өнімнің негізгі сипаттамаларын және техникалық талаптарын; технологиялық процесс параметрлерін өлшеу тәсілдерін;

- азық-түлік өнімдерін өндірудегі микробиологиялық, биологиялық, физикалық-химиялық және химиялық процестерді;

- шикізат пен дайын өнімдегі компоненттерді анықтаудың заманауи тәсілдерін, негізгі тамақ өнімдерін талдау схемаларын;

- технологиялық процестер қарқындылығын бағалау сипаттамаларын және негізгі технологиялық процестерді жүргізу тәсілдерін;

- басшылық шешімдерін қабылдау технологиясын және сұраным моделдерін зерттеу мен жабдықтау-өтім қызметтерін басқаруды;

- қажетті саланың техникасы мен технологияларын; стандарттар мен техникалық жағдайларын;

- бизнес-жоспар құрастыру әдістемелері мен өндірісті ұйымдастыру негіздерін;

- өндірістегі экологиялық проблемаларды білу керек.

 

 

 Болашақ технологтардың сабақ кестесінде гуманитарлық жалпы дамытушы пәндер сияқты, технологиялық, техникалық пәндер де қосылған. Үшінші курстан бастап, студент мамандық бойынша бейімдік пәндерді оқиды. Студенттер үшін мынадай білім бағдарламалары бар:

 

- Консервілеу және тағамдық концентраттар технологиясы;

- Қоғамдық тамақтану және арнайы белгілеудегі өнімдердің технологиясы.

 

Түлектер сүт кәсіпорындарында, ет өңдеуші кәсіпорындарда, ресторандарда, кафе, асханаларда, кондитер, шұжық, түшпара цехтарында бас маман және инженер, өндіріс жетекшісі, технологиялық цехтардың бастығы, жартылай фабрикаттар және дайын аспаздық өнімдердің, азық-түлік шикізатын сертификаттау және сапаны бақылау бойынша қызметтердің инспекторлары, бас-аспаздар және технологтар болып жұмыс істей алады. 

 

 

9. 5В072800-ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Біліктілігі және Академиялық дәрежесі: 5В072800 - «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясының» бакалавры:

 

Оқу мерзімі: 4 жыл

 

Таңдау бойынша пән – химия.

 

Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу индустриясы елімізде қарқынды дамып келеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау өндірісі бойынша жаңа кәсіпорындарға қазіргі заманға лайықты, жоғары білікті мамандар қажет.

 

Өңдеу өндірісінің технологы - жан жақты бейімді маман. Ол өңдеу өндірістерінің кәсіпорындарында технологиялық процестерді қалай дұрыс енгізуді және ұйымдастыруды; шикізаттың құрауыштардың технохимиялық бақылауын іске асыруды; стандарт талаптарына жауап беретін жоғары сапалы, бәсекеге қабілеттті өнімдер шығаруды қамтамасыз етуді білуі қажет.

 

Студент-технологтар оқу кезінде көп қызықты пәндерді оқиды:  стандарттау және сертификаттау, өнімді технохимиялық бақылау,  өңдеу өндірістерін басқару негіздері, құқық және экономика білімдерін меңгереді. Өсімдікшаруашылығы және малшаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау технологиясын оқуға көп көңіл бөлінеді. Оқу процесінде студент тұрақты өсуге дайын, өз ісін жетік білетін, әлеуметті және кәсіби ұтқыр қызметкерге айналады.

 

Бакалаврдың кәсіби қызметінің негізгі нысандары  өңдеу өндірістерінің барлық салалары (элеватор, ұн зауыты, жарма зауыты, құрама жем зауыты, нан зауыты, макарон және кондитер фабрикалары), өңдеу өндірістері өнімдерін өндірісте алу және технологиялық процестерді жасауды камтамасыз ету кәсіпорындары, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу мекемелер, сонымен қатар әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар.

 

Мамандықтың екі білім бағдарламасы бар:

 

  • Астықты қабылдау және сақтау технологиясы;
  • Нан, макарон және кондитер бұйымдарының технологиясы.

 

 

Түлектер астықты ұнға және жармаға өңдеу, нан, макарон бұйымдарын өндіру бойынша кәсіпорындарда, сондай-ақ май өндірісінде, сыра ашытатын және қант өңдейтін саларда, ет және сүт өңдеу бойынша кәсіпорындарда, өңдеуші кәсіпорындардың, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау базасының басқарушысы бола алады немесе ғылыми ұйымда жұмыс істей алады. 

 

10. 5В073200-СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ

 

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В073200 – “Стандарттау, сертификаттау  және метрология (салалар бойынша)” мамандығы бойынша техника және технология бакалавры

 

Оқу мерзімі: 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика.

 

Стандарттау, сертификаттау және метрология кез келген өндірісті қызметтің маңызды аспектісі - өнім, үрдіс және қызмет сапасын қамтамасыз ететін басты құралдардың бірі, сапаны бақылау және сапамен қамтамасыз ету бойынша қызметке негізделетін үш арна.

 

Студенттер екі білім бағдарламасы бойынша оқи алады: Астық кешеніндегі стандарттау, сертификаттау және метрология, Өңдеу кешеніндегі стандарттау, сертификаттау және метрология. 

 

 

Студенттер оқу және тәжірибелік практикаларын Қостанай, Қостанай облысының, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің жетекші кәсіпорындарында өтеді.

 

Түлектер  ұйым мен кәсіпорындарда бас маман және инженер, стандарттау, сертификаттау, метрология бойынша маман,  метрологиялық қызмет және зертхананың бастығы, шикізатты сертификаттау және сапаны бақылау бойынша қызмет инспекторы, ҰлтССО АҚ, Агроэкспорт ЖШС, Иволга ЖШС, Казагроэкс ЖШС, Корона ЖШС сияқты кәсіпорындарда техникалық эксперт болып жұмыс істейді. 

 

 

11. 5В071300 – КӨЛІК, КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: Көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығының бакалавры

 

Оқу мерзімі: - 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика.

 

Бакалавр дәрежесіндегі мамандық иесінің қызмет көрсету бағыттары: автомобиль жөндеу, көлiкке диагноз қою; техникалық қызмет көрсету технологиялары және техникалық қызмет ұйымдарындағы қызмет көрсету; автомобильдердi техникалық эксплуатациялау барысындағы өндiрiстiк процестердi басқару; көлiктердiң бөлшектерiне, жүйелеріне диагноз қою және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету үшiн арналған технологиялық жабдықтарын жобалау; арнайы орта оқу орындарында жалпы профессионалдық және арнайы пәндер бойынша сабақ беру.

 

            Кәсіби тұрғыдан қызмет ету нысандары мынадай: технологиялық-ұйымдастыру- өндiрiстi басқару, жобалау, эксперименттi зерттеу; сервистi – эксплуатациялық және бiлiмдiлiк (педагогикалық қызмет). Автожұмыс - жалпы бiлiм беру мектептерiнде көлiкті техникалық эксплуатациялық курс және көлiктi жүргiзiп үйрену курстары бойынша сабақ жүргiзу.

 

            5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары мамандығы иелерін дайындауға бағытталған  білім беру бағдарламаларының мынадай ішкі треакториялары бар:

 

• Автомобильдерді техникалық пайдалану;

• Автосервис және фирмалық қызмет көрсету.

 

 

 

Аталмыш оқу траекториялары Қостанай аймағында жұмыс жасайтын автомобиль құрастыру өндірісінің сұранымы мен мазмұны негізделіп жасалынған Мамандықты игерген түлектер  инженер-техник ретiнде автокөлiк өнеркәсiптерiнде, оның негiзiнде эксплуатациялау бойынша инженер, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ретiнде инженер болып  Қостанай қаласы  және облыс аумағындағы өндірістерде (“Агротехмаш”, “Агромаш-Холдинг” АҚ,  “Камаз орталығы” АҚ,  “Дормаш” ЖШС, «СарыАркаАвтоПром» ЖШС, ССГПО АҚ, «НПУ МЭСХ» ЖШС), ТҚС-да және шет елдердегi өндiрiстерде жұмыс iстей алады.  

 

 

12. 5В072400-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАР (САЛА БОЙЫНША)

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В072400 -Техника және технологиялар бакалавры.

 

Оқу мерзімі: - 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика

 

Кәсіби қызметінің негізгі функциялары:

 

1. Технологиялық машиналар және жабдықтар (металды қыздыруға арналған қондырғылар, пісіру трансформаторлары, кескіштер және ысытқыштар, штамптар, пресстегіштер, метал кескіш станоктар және т.б );

2. Технологиялық жабдықтарда қолданылатын құрылымдық және пайдаланғыш материалдар;

3. Технологиялық машиналарды дайындауға, сынауға және утилизациялауға арналған жабдықтар;

4. Технологиялық машиналарды жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаблықтар;

5. Машинаны дайындауға және пайдалануға арналған бақылау - өлшегіш құралдары;

6. Машинаның технологиялық процесін автомотизациялауға арналған жабдықтар;

7. Технологиялық машиналарды жобалауға арналған жабдықтар.

 

5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы мынадай білім беру бағдарламаларды ұсынады:

 

  • Ауылшаруашылық машина жасау
  • Металлдарды өндеу

 

 

Кәсіби қызметтің обьектілері: өндірістік кәсіпорындар (“Агромаш - Холдинг”, ЖШС “Иволга - холдинг”), жөндеу - механикалық участкелері және цехтары (АҚ «Қазақстан Темір - жолы», АҚ «ССГПО»), құрылымдық бюро (ЖШС «Агротехмаш»), ғылыми - зерттеу институты (ЦелинНИИМЭСХ), қызмет көрсету орталықтары (АҚ «Камаз орталығы»), автомобиль көліктерінің ТҚС («Қамқор», «Тарлан»), металдарды өңдеуге арналған технологиялық машиналар және жабдықтары бар фирмалар. 

 

5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтармамандыңының түлегіне «Техника және технологиялар бакалавры» деген академиялық дәреже беріледі.

 

 

13. 5В080600– АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В080600 – Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша ауыл шаруашылығының бакалавры.

 

Оқу мерзімі: - 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика.

 

Қазақстанның солтүстік аймағы, негізінен, ауылшаруашылығы өндірісімен айналысады. Агроөнеркәсіп – Қазақстан экономикасының әлеуеті мол салаларының бірі. Аталмыш салаға қызмет ететін білікті инженерлерге қоғам тарапынан жылдан-жылға сұраныс артып келеді. 5В080600– Аграрлық техника және технология мамандығы қоғамның сұранысына қажетті білікті кадрларды дайындайды. Мамандықты игеру барысында болашақ бакалавр нарық жағдайына қажетті мынадай біліктіліктер алады: экономика және бизнес, құқық негiздерi, мамандырылған (техникалық) бiлiм, өз iсiн ұйымдастыра бiлу машықтары. 

 

 

 

Аталмыш мамандықтың білім бағдарламасына мындай оқу траекториясы бар:

 

  • Өндірістік-технологиялық қызметі;
  • Сервистік-пайдалану қызметі.

 

 

14. 5В071800-ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА

 

 

Біліктілігі және академиялық дәрежесі: 5В071800-Электроэнергетика мамандығы бакалавры дәрежесі беріледі.

 

Оқу мерзімі: - 4 жыл.

 

Таңдау бойынша пән – физика.

 

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи әрі өңделмелі қайнар көз. Қоғамның энергия көздеріне еркін қол жеткізуі - олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан қоғамда әрдайым энергия көзін адамзат тіршілігінің қажетіне қарай бағыттайтын маман иелеріне сұраныс бар.  Бүгінгі таңда көмірсутегі экономкасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қостанай мемлекеттік университетінде жаңа дәуірдің энергия қуатына деген бүгіні мен болашақтағы сұранысына қатысты мамандарды дайындайтын білім бағдарламасы бар. Ол – электроэнергетика мамандығы. 

     

Түлектердің мамандық бойынша жұмыс істеу нысандарына электр энергиясын өндіру, тасымалдау, бөлу және қолдану бойынша кәсіпорындар жатады. Атап айтқанда:

 

- электр станциялар мен қосалқы станциялар;

- электр жүйелері мен желілері; 

- электрэнергетикалық жүйелеріндегі релелік қорғау және автоматтандыру;  

- өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындары электрмен жабдықтау;

- ауыл шаруашылық өндірісін электрмен жабдықтау және автоматтандыру;

- дәстүрлі емес және жаңғырмалы энергия көздері;

- электрмеханика;

- электроқшаулама және кабельдік техника;

- электртехнологиялық қондырғылар мен жүйелер;

- жарықтехника және жарық көздері;

- электр көлігі;

- көлік құралдарының электр жабдықтары;

- технологиялық кешеңдердің электр жетегі және автоматтандырылуы.

 

 

5В071800-Электрэнергетика мамандығы мынадай білім беру бағдарламаларды ұсынады:

Электр қондырғыларын пайдалануға беру

Электрлік қондырғыларды монтаждау және реттеу

 


PDF