Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқу – тәрбие үрдістері туралы: сессияның нәтижесі, білімденушілер арасындағы салауаттық, сауықтык жұмыстар

"Серпін - 2050" жобасы бойынша білім алып жатқан студентердің 2015-2016 оқу жылының қысқы сессиясының нәтижелері.

 

Білім беру үрдісіне жоғары адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды, жауап­кершілікті, толеранттылықты, діни сауаттылықты, патриоттық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыратын тәрбие жұмыстарының қатысуын жолға қою да өзекті мәселе. Аталмыш мақсат оқу бағдарламаларындағы арнайы пәндер, сондай-ақ еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста өрбитін, ата-бабалардың оң дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын, көпұлтты Қазақстанның саяси-экономикалық дамуындағы жетістіктерін насихаттайтын түрлі іс-шаралар, пікір алысу алаңдары, әр түрлі мазмұндағы орталықтар, дебат клубтары, дөңгелек үстел, интеллектуалдық сайыстар арқылы жүзеге асырылады.

 

Университет қабырғасында студенттердің қызығушылықтарына орай құрылған көптеген үйірме, клубтар өз жұмысын жүргізеді:

 

 

Аталмыш үйірме, клубтардың дәстүрлі түрде жүргізетін мынадай тұрақты шаралары бар:

 

 

 

Университет үйірмелерімен бірге жастар қоғамдық ұйымдары да өз жұмысын жүргізуде.

 

  • «Жас Отан» жастар қанаты;
  • «Ел ертеңі ҚМУ» жастар ұйымы;
  • Жемқорлықты алдын-алу студенттер кеңесі;
  • Жастар құрылыс отряды;
  • «Жасыл ел» еңбек жасақтары;
  • Жұмыспен қамтамасыз ету студенттер орталығы. 

 

Университет қабырғасында білімденушілерге «Жастар бастамаларын дамыту», «Спорт және дене тәрбиесі» орталықтары, «Өнер» студиясы қызмет жасайды. Олар студенттердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға , салаутты өмір салтын ұстауға жәрдемдеседі. Әрбір маман оқу ордасының қабырғасынан өз ісінің кәсіби шебері, патриоты болуымен қатар, Отанын, елін сүйген азамат болып қалыптасып шығуы тиіс. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жастармен атқарылар жұмыстарды адамзаттың іргелі құндылықтарға сүйене жүргізеді. Тәрбиелік жұмыстар оқу орнының миссиясы мен саясатына сай келеді: болашақ мамандарды кең білімді, мәдени, ғылыми, кәсіби тұрғыдан бәсекеке қәбілетті болуға себтігін тигізіп, оған жәрдем жасайды. Тәрбие жұмысы оқу үрдісінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып, сауықтық, салауаттық істерге қатысты шараларды студенттердің өздерімен бірге ұйымдастырып, олардың бойынан азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.

 

  • Таңдаған мамандығының құндылығын тану, өз бетімен және білікті шешім қабылдай білуге тәрбиелеу;
  • Ұлттық, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершілік байлықтарды, патриоттық, азаматтық, интернационалдық құндылықтарды құрметтеу;
  • Республиканың және университетттің өміріне,  қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени салаларына белсене қатысу қажеттілігін сіңіру;
  • Салауатты өмір салтына, өздігінен дамуға бейімделу, өзінің тағдырына жауаптылығын сезіну.

 

 

«Серпін Күні» атты іс-шара аясында,11.11.2016 ж. Қостанай облысында, «Болашақ» бағдарламасы Президентінің кеңесшісі Г.К.Тобатаевпен және «Серпін-2050» жобасының жетекшісімен кездесу өтті. Қонақтар, университетіміздің оқу және материалдық-техникалық базасымен танысып, «Сұңқар» спорт кешеніне, инновациялық (жаңартпашыл) ғылыми білім беру кешеніне, «Білім орталығы» ғылыми кітапханасына және Студенттер үйіне барып қайтты. Іс-шара «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерімен кездеумен аяқталды.

 

Студенттер жыл сайынғы республикалық «Аламан» атты фестиваліне қатысуда:

 

 

«Серпін-2050» атты республикалық семинар қатысушылары қатарына еңген КГУ студенттері  (Щучинск қ-сы):

1. Қасымбек Бақдаулет, 2 курс АТФ

2. Тузелов Бейбарыс, 1 курс АТФ

3. Қожахмет Ақылжан, 2 курс АТФ

4. Абдрахманова Малика, 2 курса АБФ

 

Студенттер университет ішінде және факультеттер арасында өткізілетін іс-шараларға  қатысу барысында:

 

 

 

SerpinStart – Up

 

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, еліміздің алға өркендеуі жолында жаңалық енгізуге талпыныс жасап жүрген жастардың қатары жыл санап өсуде. Осындай жастарға қолдау көрсету мақсатында республика көлемінде біршама айтулы іс-шаралар өткізілуде.   

 

Жақында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Серпін-2050. Мәңгілік ел жастары  – индустрияға» атты әлеуметтік жобасының грантына үміткерлер арасында «SerpinStart – Up» интеллектуалды-инновациялық жобасының байқауы өтті. Байқауға барлығы 9 жоба ұсынылды. Қоғамның сан алуан маңызды мәселелерін қамтыған жобалардың тақырыбы өзекті, мазмұны терең болды. Студенттер өз жобаларын қорғау барысында кіріс пен шығыстың статистикалық есептерін ұсынды. Байқаудың басында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Ерлан Төлетаев студенттер мен магистранттарды Елордада өтетін «NURINTECH» атты Республикалық жобаның шарттарымен таныстырып өтті. Аталмыш жобаның  бас жүлдегері сегіз миллион теңгеге ие болып, өз жобасын жоспарлағандай іске асыруға мүмкіндік алатынын айтты. Үш сағатқа созылған нтеллектуалды-инновациялық жобаларды қорғау аяқталған соң, марапаттау рәсімі өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1-ші орынды «Инсектицидті дәрілік препараттарды жасау» жобасымен «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2-ші курс студенті Мөлдір Тілеміс иеленді. 2-ші орынды да «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2-ші курс студенті, «Жануарлар өлекселерін техникалық жоюдың қазіргі кездегі әдістері» жобасының авторы Айдана Әкім еншіледі. Ал, 3-ші орынды «Қазақстандық білім беру робототехникасы» атты жобамен  ақпараттық технологиялар факультетінің 2-ші курс студенттері Ерсаят Садық пен Гаухар Төребек жеңіп алды. Ал қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Байқаудан өте алмай қалған жобалардың жетекшілері мен студенттерге ескертулер айтылып, ұсыныстар жасалды. Студенттер жіберген қателіктерін жөндеп, келесі жылы да осы байқауға қатысуға тілек білдірді. Болашақ – жастардың қолында. Ал жастар, яғни өскелең ұрпақ жаңашылдыққа ұмтылып, ғылым мен білімге құштар өз елінің патриоты болса, онда еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.  

 

 

 

"Серпін - 2050" грантының иегерлері - А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттік клубтарының белсенді мүшелері

 

Үйірме атауы

Көшбасшы аты-жөні

1.

 «Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы

Түзелов Бейбарыс

Бекқожа Салтанат Мақсатқызы

Маханбет Серікбол Қажығалиұлы

2.

Студенттік ұлтаралық ассамблея

Бердалы Венера Көбейқызы

Дүйсенбай Нұржан Қыдырбайұлы

Ерахан Абылайхан Тілеуханұлы

Кама Ернұр Камаұлы

3.

А.Байтурсынов атындағы ҚМУ КВН

 

Мәдияров Нұрлыбек Мәдәліұлы

Нұрмахан Нұраят Дүйсенбайқызы

Оразбек Айбек Сәкенұлы

4.

«Жайдарман»

Орал Ерсұлтан Ильясұлы

Оралбек Бейбіт Нурахметұлы

Пірназар Есбол Талғатұлы

5.

 «Спарта» зияткерлік клубы

Орынбек Айжамала Балқыбекқызы

Қоңырбек Гүлдана Динмуххамеджанқызы

Бәкір Нейля Айдарбекқызы

6.

«Арулар отауы»

Қадыр Аружан Асылханқызы

Төрехан Жаңыл Аманбайқызы

Жолдас Асел Ардаковна

Андабай Ботагөз Асқарқызы

Әлібай Нұргүл Қонысбайқызы

7.

А.Байтурсынова атындағы ҚМУ баспасөз қызметі

Жауынбай Ұлдана Бердіқожақызы

Жарылқасын Самал Нурлыбекқызы

Жұман Шарбану Манасқызы

Кеңес Рахат Ерболұлы

8.

 «Артемида» қайырымдылық ұйымы

Ермекбай Ғазиз Ермекбайұлы

Жаулыбаев Бауыржан Мақсетұлы

Маханов Әбзел Бақытбекұлы

Мейрамбекұлы Эрлен

Сақыбеков Бекжан Уәлиханұлы

9.

 «Evolution» студенттік жалпы даму клубы

Садвақас Ақкенже Азымханқызы

Тұрарбек Нұрлыбек Мейрбекұлы

Убайдулла Ержан Бауыржанұлы

Исманова Ақнұр Адырбайқызы

10.

«Мәңгілік ел»

Қасымбек Бақдаулет

Тузелов Бейбарыс

Қожахмет Ақылжан

Абдрахманова Малика

11.

 «Шаңырақ» атты студенттік театр

Нуртаева Арайлым Байдуллақызы

Изатулла Бағлан Бахтиярұлы

Орманбек Айнура

12.

«Жастар ТВ»

Омарбек Назерке Әбдіманапқызы

Ермек Байдулла Серікұлы

Сейілжан Жазира Қазиханқызы

Қанжігіт Тимур Есенғалиұлы

13.

«Өнер» студиясы

«Бадрисафа» би тобы – 12

Вокал – 22

Домбыра – 18

 


PDF