Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

“Серпін - 2050” бағдарламасы бойынша білім беріліп жатқан мамандықтар туралы ақпарат

2015-2016 оқу жылында университет «Серпін-2050» жобасы негізінде 14 мамандықтар бойынша болашақ инженерлер, IT бағдарламашылар, ауылшаруашылық және ветеринария саласының мамандарын дайындауда. Университетте аталмыш бағыттарда мамандар дайындаудың көп жылдық тәжірибесі мен тағылымды дәстүрі бар.

 

Қазіргі заман талабына сай университеттің оқу үрдісі дуальдық оқыту жүйесіне бағытталған. Білімденушілер білім ордасының теориялық ілімдерді алумен қатар практикаға негізделген сабақтарды игеріп, болашақ мамандығының қыр-сырын терең меңгеруге мүмкіндіктері бар. Бұл үшін өндіріс орындарында кафедралардың филиалы жұмыс істейді. Өндіріс орындарының басшылары мен білікті мамандары университеттің Қамқоршылар кеңесінің  мүшесі ретінде оқу үрдісінің өндіріспен тікелей байланыс жасау жолдарына жәрдемін тигізеді және болашақ мамандарды дайындауға атсалысады.

 

«Серпін-2050» жобасына қатысатын университет мамандықтары білікті мамандармен қамтамасыз етіліп, болашақ мамандар бойына ілім мен біліктілікті қалыптастыруға қажетті материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған. Университет индустриялды-инновациялық бағдарлама шеңберінде мамандар дайындайтын ЖОО ретінде Үкімет тарапынан бөлінген қаражатқа азық-түлік қауіпсіздігі және инженерлік бағытқа қажетті заманауи лаборатория орнатқан. Онда болашақ мамандар біліктілік дағдыларын ұштай алады. Сонымен қатар аталмыш мамандықта дәріс беретін мамандар біліктілікті жетілдіру мақсатында шетелдің беделді оқу орындарында тәжірибеден өткен.

 

 

«Серпін -2050» жобасы бойынша дайындалатын мамандықтардың барлығы дерлік жаңа индустриялды-инновациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асатын өндіріс орындарына қажетті мамандықтар. Қостанай өңірінде автомобиль құрастыру, ауылшаруашылығы және мал өнімдерін өңдеу және машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде «Серпін-2050» жобасы бойынша білім алатын болашақ түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.

 

ИНЖЕНЕРЛІК МАМАНДЫҚТАР

 

Индустриялды қоғамда аса қажет мамандықтың бірі -  инженерлік. Қазіргі таңда ол - нано-технологиялық, ақпараттық жүйелерді жобалап жасау, жетілдіру және іске қосу, басқару процестерін қамтамасыз ететін ғылым мен тәжірибеге негізделген мамандық. Инженерлік үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Инженерлік мамандықтың бір саласы – машинажасау. Қазақстанда машинажасау саласы мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен енді-енді қалыптасып келеді. Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан үдемелі инустриялды-инновациялық бағдарлама шеңберінде Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде автомобиль құрастыру зауыттарының қуатын арттыру, оған қолдау көрсету белгіленген. Қостанай мемлекеттік университетінің инженерлік-техникалық бағыттағы бірнеше мамандықтары аталмыш салаға бағытталған.

 

Инженерлік бағытта университет 4 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Олар:

 

  1. 1.5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялар;
  2. 2.5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша);
  3. 3.5В080600– Аграрлық техника және технология;
  4. 4.5В071800-Электроэнергетика мамандығы

 

 

5В071300 – КӨЛІК, КӨЛІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Болашақ маманның кәсіби бағытының негізгі нысандарына мыналар жатады: автомобильдер, олардың бөлшектерi, элементтерi және механизмдер жүйесi; техникалық қызмет көрсетуге арналған технологиялық жабдықтар, автомобильдердi жөндеу және олардың бөлшектерiне, механизмдерiне және жүйелерiне диагноз қою; стандарттар, құралдар, автомобильдердiң құрылыс бөлшектерiн зерттеу және тексеру аппаратуралары; автокөлiктердiң, жөндеулердiң, өнеркәсiп сервистарының өндiрiстiк – техникалық базасы.

 

Оқу барысында өз қалауымен студент келесi жұмыс мамандықтарын игере алады; жүргiзушi, технологиялық қызмет көрсету және жөндеу бойынша слесарь, соның iшiнде жартылай автоматты және автоматты жүйелерде, станокты парктерде және жабдықтарда, соған қоса ЧПУ станоктары, токарь, пiсiрушi және тағы басқалар.

 

 

 

5В072400-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР

 

Мамандықты игерген болашақ түлектер цех және участкелердің басшысы, механик, құрастырушы, технолог, сынаушы және жобалаушы болып жұмыс істей алады. Оқу үрдісінде болашақ түлке жүргізуші, токарь, электр пісіруші және слесарь–монтаждау мамандықтарын игере алады. Бакалавриаттық білім деңгейін тамамдаған соң, магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар.

 

 

 

5В080600– АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ

 

Болашақ маманның кәсіби қызметінің негізгі нысандары: өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеуге арналған машиналақ технологиялар мен машиналар кешендері; агротехнологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету технологиялары мен құралдары;  өсімдік және мал шаруашылықтары қалдықтарын экологиялық таза залалсыздандыру жүйелері; өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін дайындау және өңдеудің табиғат қорғау талаптарына сай технологиялары; өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдау және өңдеуге арналған машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар мен құралдар; фермерлік шаруашылықтар және шаруа қожалықтары.

 

Оқу үрдісі барысында өз қалауы қарай студент жүк және жеңiл көлiк жүргiзушiсi, машиналардың әр түрлi жүйелерiн жөндеуші слесары, комбайншы, тракторист, автомобильдердi реттеу және тексеру бойынша диагност-операторы, токарлық, дәнекерлеушілік және т.б. жұмысшы мамандықтарын қоса игере алады.

 

 

 

5В071800-ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА

 

Электроэнергетика мамандығын игерген бакалавар дәрежесіндегі маман мынадай жұмыстар түрлерін атқару біліктерін игереді:

 

- өндірісті – технологиялық кәсіпорындарда инженер;

- тәжірибелік –зерттеу ұйымдарында жоғары білікті маман ;

- сервисті –эксплуатациялық мекемелерде қызметкер;

- ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер;

- монтаж– жөндеу жұмыстары;

- есептік – жобалық ұымдарда қызметкер;

 

Сонымен қатар, бакалавр дәрежесіндегі маман жұмыс стажына қарамай-ақ, 1 категориялы техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженерлер-зертханашылар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалық ұйымдардың инженерлерік  тағы басқа қызметтер атқара алады. Бакалавр академиялық атаққа ие болған түлектер электрэнергетикалық бағытындағы мамандықтар бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады. Университетте дайындалатын аталмыш 4 инженерлік мамандықтардың түлектері бакалавриаттан кейін  кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсе алады. 2015 жылдан бастап кәсіптік магистратурада мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Индустриалдық техниканы инновациялау жасау және автоматтандыру» білім бағдарламасы қолға алынған.  Дайындық бағыттары: «Автомобильдік инженерия» және «Ауылшаруашылық машина жасау».

 

 

 

5В073200-СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ

 

Маман иесінің кәсіптік қызметінің саласы - нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары және метрологиялық қамтамасыз етулері, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік. Кәсіби қызметінің мазмұны нормативтік және нормативті-техникалық құжаттар, өлшеу тәсілдері, зерттеу мен бақылау, метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

 

Болашақ маманның атқарар қызметтерінің қатары:

 

- стандарттау жөніндегі инженер;

- сертификация жөнінде инженер;

- инженер-метролог;

- техник-метролог;

- инспектор;

- ғылыми қызметкер;

- сапа бойынша менеджер.

 

Бітірушілердің кәсіптік қызметінің басты нысандары: басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, өнімге, қызметке, жұмысқа, кәсіпорындар мен сынау зертханаларының жабдықтарына, өлшеу, сынау, бақылау әдістеріне, құралдарына, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті жүйесіне, өндірістік, әлеуметтік, экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға, пайдалануға тікелей қатысты басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар бола алады.

 

 

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Университетте «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына ауылшаруашылығы бағытындағы 4 мамандық қатысады. Олар:

 

 

-5В080100-Агрономия;

-5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы;

-5В072800-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы;

-5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

 

 

5В080100-АГРОНОМИЯ

 

Агрономия мамандығын бітіретін түлектер аграрлық сектор шаруашылық субъектілерінде әртүрлі агроном - егінші, өсімдік қорғаушы – агроном, көкөніс және жеміс өндіруші -  агроном, агроном - тұқым өндіруші, тұқым және астық инспекторы, ғылыми – зерттеу институттар  маманы және басқа да агрономдық профилдегі мамандар болып жұмыс жасай алады.

 

Агрономия бакалавр мамандығының өзіне тән ерекшелігі бар. Оның міндеті: топырық құнарлылығын сақтау және еселеу;өсімдіктерді зиянкес организмдерден интегралды сақтау жүйесін зерттеп шығару және енгізу; егу алаңдары құрылымын зерттеу және нақтылы шаруашылық жағдайына қолданылатын ауыспалы дақылдар кестесі; топырақты өңдеуде ауылшаруашылық өндірісіне энергия және еңбек үнемдейтін тәсілдерді енгізу; шаруашылық алқабында агроландшафты ескере отырып жаппай агротехникалық қызмет жасау; ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде қазіргі озық технологияны қолдану.

 

Агрономия мамандығының бакалавры тек ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі технолог қана болмайды, ол онымен бірге менеджер, селекционер, инженер білімін де қамтиды.

 

 

 

5В072700 – АЗЫҚ ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

 

5B072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығын игерген түлектер мынадай жұмыстар атқара алады:

 

-технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыру және технологиялық тәртіптің қалыптасуын бақылау;

-технологиялық процестерін енгізуге қатысу және жаңа өнімдерді шығару; басқару шешімдерін қабылдау;

-тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу;

-азық-түлік өнімдерін өндірудегі шикізаттардың, дайын өнімдердің сапасын арттыру мақсатындағы тәжрибелік зерттеулер жүргізу;

-орта, кәсіптік білім беретін мекемелерде оқыту-ағарту қызметтерін атқару.

 

Білімденушілердіңоқуын шет елде жалғастыру, халықаралық оқыту бағдарламаларында, ғылыми жобаларда, сайыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Терең білім деңгейін көрсеткен, шығармашылық жұмысқа бейімділігін танытқан түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады.

 

 

 

 

5В072800-ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

5В072800– Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының бакалаврларымынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

 

-технологиялық процесті ұйымдастыру және жүргізу; технологиялық процестің орындалуын қадағалау; технологиялық операцияларды жетілдіру және жаңа өнім жасау үшін қор сақтаушы техрологияны игеруге ат салысу; кәсіпорынның өндірістік қызметі мен техникалық қамтамасыздандыруын экология, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талабына сай талдау.

-еңбек коллективтеріндегі жұмысты ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерін қабылдау; кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және маркетингтік қызметін талдау.

-өңдеу өндірістері кәсіпорындарының технологиялық сызбасын жобалау және жасау; өңдеу өндірістеріндегі кәсіпорындарды қайта жобалау.

-ғылыми-техникалық ақпаратты, қайта өңдеу кәсіпорындарындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді, шикізат, дайын өнімнің сапасын жақсарту жөніндегі эксперименттік зерттеулерді талдау.

-білім беру саласында жұмыс істеу.

Оқу барысында студенттер академиялық икемділік аясында оқуын шет елде жалғастыруға, халықаралық оқыту бағдарламаларға,  ғылыми жобаларға, сайыстарға қатысу мүмкіндіктері бар. Терең білім деңгейін көрсеткен, шығармашылық жұмысқа бейімділігін танытқан түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады.

 

 

 

5В080200-МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қазақстан – аграрлы-индустриялды мемлекет. Ауылшаруашылық, оның ішінде мал өнімдерін өңдеу– Қазақстан экономикасында ертеден елеулі орын алып келе жатқан саласы.  Елімізде салаға мамандар дайындаудың ертеден қалыптасқан мол тәжірибесі бар.

 

5В080200-Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының қызмет саласы мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы, мал шаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу, селекциялық-асыл тұқымды жұмыс жүргізу, ауыл шаруашылық малдарының көрмесі және аукционы, мал шаруашылық өнімдерін экспорттау және импорттауды ұйымдастыру болып табылады.

 

Болашақ маманның кәсіби қызметінің негізгі нысандары:

 

- ауыл шаруашылық асыл тұқымды және жай малдардың түрі, құстар, олардың өнімдері;

- фермалардың техникасы және техникалық жабдықталуы;

- мал шаруашылық объектілері, қоршаулардың барлық түрі;

- барлық мал азықтық қоректердің жасанды және табиғи түрлері;

- ғылыми лабораториялық жабдықталуы;

- мал өнімдерінен шыққан ресурстар мен шикізаттарды есепке алу организациясы.

 

 

 

5В070100-БИОТЕХНОЛОГИЯ

 

Биотехнолог маман иесінің  қызмет аумағы ке әрі жан–жақты. Олардың міндеттері: әр түрлі биотехнологиялық өнімдердің өндіріс сұрақтарын шешу және жаңа биотехнологиялық үрдістерді дамыту; энергияның альтернативтік көздерін алу; тағам өнімдерінің биотехнологиясы; биологиялық белсенді заттар және антибиотиктердің синтезі; қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу; микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлардың селекциялары.

 

Болашақ маманның кәсіби қызметінің негізгі нысандары:

 

-ғылыми-зерттеушілік институттар мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық бағыттағы ЖОО-дар;

-өндірістік кәсіпорындар мен тағамдық және өңдейтін, микробиологиялық , фармацевтикалық өнеркәсіптің зертханалары;

-ауылшаруашылық кәсіпорындар;

-өсімдіктерді қорғау бекеттері;

-селекционды бекеттер;

-балық шаруашылығы мен аң шаруашылығы зауыттары;

-ЖОО-дар, орта мектептер, гимназиялар, колледждер;

-экологиялық қызметтер мен ұйымдар;

-ауылшаруашылық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша зертханалар.

Бакалавр тек биотехнологиялық өндірістің технологы ғана емес, сонымен қатар өзінде селекционердің, биологтың, экологтың білімдерін үйлестіреді.

 

 

  

 

ВЕТЕРИНАРИЯ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

5В120200-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ

 

Ветеринариялық санитария дәрігері мамандарының кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:

 

- Адам және жануарлар денсаулығын қорғау;

- Жануарлар ауруларының алдын алу;

- Қоршаған ортаны қорғау;

- Жануарлар, өсімдік өнімдерінің сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Биопрепараттар өндіру.

 

Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, көптеген пәндер ауылшаруашылық кешендерінде, әр түрлі нысандарында: қала базарларының ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында, аймақтық ветеринариялық зертханада, сою қасапқаналарда, дезинфекциялық станцияларда және т.б.нысандарда өткізіледі.

 

 

 

5В120100 – ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА

 

Мамандық студенттері оқу үрдісі кезінде барлық қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тәжірибелік сабақтарда мамандық бойынша әдістемелер мен тексеру тәсілдерін үйренеді және аудиториялық теориялық білімдерін өндірістік тәлім кезінде тәжірибемен ұштастырады.

 

5В120100 –Ветеринариялық медицина дәрігері келесі қызмет орындарына орналаса алады:

 

- Ветеринарлық дәрігер

- Базарлардағы мемлекеттік ветеринарлық инспекторы;

- Өнімдерді өңдеу мекемелеріндегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторы;

- Шекарадағы, көліктегі ветеринарлық инспекторы;

- Індетке қарсы отрядтарда ветеринарлық инспекторы;

- Базарлардағы, зертханалардағы ветеринарлық дәрігері;

- Биопрепараттар мен дәрілер шығаратын биокомбинаттар мен биофабрикалар.

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДЫҚТАР

 

5В070300 – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР 

 

«Телекоммуникацияларда, байланыс және басқару жүйелеріндегі ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы студенттерді келесі бағыттарда дайындайды: телекоммуникациялар және байланыс жүйелердінегі ақпараттық жүйелер; автоматтандырылған жобалау мен өңдіріс жүйелері; 1С:Кәсіпорын жүйесінде конфигурлеу және әкімшілеу; 1С:Кәсіпорын жүйесінде клиент-серверлік технологиялар; Web-дизайн және анимация; Web-қорлардың құрылымын басқару жүйелері;  net.бағдарламалау технологиясы; интернет қосымшаларды құрастыру; есептеуіш кешендер, жүйелер және желілер; Unix-жүйелерін жүйелік әкімшілеу; басқару шешімдері жобалау кезіндегі модельдеу және ақпараттық технологиялар; мультимедиа технологиялары және т.б. 

 

«Экономика және қаржы салаларында ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы студенттерді келесі бағыттарда дайындайды: экономикадағы ақпараттық жүйелер; автоматтандырылған жобалау мен өңдіріс жүйелері; 1С:Кәсіпорын негізінде бухгалтерлік есеп; 1С:Кәсіпорын негізінде бизнес-процесстерді жобалау; деректерді талдау және бизнес-жоспарлау; интернет-банкинг және электронды коммерция;  есептеуіш кешендер, жүйелер және желілер; ақпараттық жүйелер мен желілерді жобалау; басқару шешімдері жобалау кезіндегі модельдеу және ақпараттық технологиялар; мультимедиа технологиялары және т.б.

 

Бағдарлама түлектерінің біліктілігі: Академиялық дәреже: 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

 

Мамандық түлектері кез келген салада кәсіптік қызметпен айналыса алады – мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулықты сақтау, БАҚ, бизнес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б.  ERP-бағдарламашы, Web-администратор, Web-дизайнер, Web-бағдарламашы, жүйелік администратор, компьютерлік графика дизайнері, цифрлік видео маманы, инженер, банктік қызметкер, IT-технологиялар менеджері ретінде жұмыс істей алады. 

 

 

 

 5В070400-ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

Ақпараттық жүйелер, деректер базасын ұйымдастыру және олардың құрылымы, деректер базасының жүйелері, Fox Pro, ORACLE, 1С:Бухгалтерия, SQL-Server, клиент-серверлік технология.

 

Internet технологиялар және компьютерлік желілер. Есептеуіш жүйелер мен желілердің теориясы қарастылады. Internet бағдарламалық технологияларына, динамикалық Web-қосымшаларды жасауға көп көңіл бөлінеді.

 

Компьютерлік ақпаратты қорғаудың криптографиялық моделдері, желілерді қорғау деңгейлері, физикалық деңгейден ақпаратты қорғау, ақпаратты ңөшіруден қорғау.

 

Техникалық ғылымдар дәрежесін алып,  мына мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

 

- Телекоммуникациялар бойынша инженер

-  PHP, SQL, JavaScript серверді қосымша жасау. Сайттарды бағдарламалау және жасау

-  Байланыстар инженері (кабельдік, талшықтық, сымсыз байланыс)

- 1С:Бухгалтерия, 1С:Кәсіпорын бағдарламалау және қолдану бойынша маман

-  Жүйелік администратор

- Инженер бағдарламашы

- Web мультимедия және дизайн маманы

- Үш өлшемді моделдеу және анимация бойынша маманы (3D дизайн, интерьер, ойындар)

- Жарнамалық және корпоративтік видео роликтерді жасау бойынша маманы

 


PDF