Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жобаға қатысушы оқу орны орналасқан өңір туралы

 

 

 

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан, іргетасы 1936 жылы қаланған. Әкімшілік орталығы - Қостанай қаласы, Тобыл өзенінің жағалауында орналасқан 1879 жылдың желтоқсаныныда құрылған еді. Аумағы - 196 мың км. Областың құрамына: 16 аудан кіреді.

 

 

  

 

 

Табиғаты және ауа-райы шарттары 

 

 

Климаты шұғыл континентті және тым қуаң болып келеді. Қысы ұзақ, аязды, желдері мен борандары қатты болса, жазы ыстықәрі құрғақ болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері: облыстың солтүстігінде 250–300 мм, оңтүстігінде 240–280 мм. Вегетациялық кезеңі: облыстың солтүстігінде 150–175 тәулік және оңтүстігінде 180 тәулік.

 

 

Облыстың аумағында шамамен 300-дей ұсақөзен бар. Аса ірі өзендері – Тобыл (облыстың шегінде 800 шақырым) өз тармақтарымен бірге және Торғай (390 шақырым). Тобыл өзенiнде Жоғарғы Тобыл, Қаратомар және Аманкелді су қоймалары орналасқан. Облысымызда 5 мыңнан астам өзен бар, олардың ірілері: Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және басқалары.

 

 

Облыста 354,4 мың га көлеміндегі айрықша күзетілетін табиғи аймақтар бар, олардыңқұрамына: Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы, 3 мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорықшалар және 9 мемлекеттік табиғат ескерткіштері кіреді.

 

 

  

  

 

 

Халық саны

  

Қостанай облысының халық саны 881,5 мың адамды құрайды.

 

Облыстың аумағында жүзден астам ұлт және халықөкілдері өмір сүріп келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар - 35,9%, орыстар - 40,7%, украиндар - 11,5%, немістер - 3,8%, басқа ұлттар - 8,1%.

 

 

 

  

 

 

 

Білім беру және денсаулық сақтау салалары

 

   

Облыста мектепке дейінгі білім беретін 90,9% баланы қамтитын 620 ұйым бар.

 

Облыстың 41 оқу орны (соның ішінде 32 - мемлекеттік және 9 - мемлекеттік емес) техникалық және кәсіптік білім береді Студенттердің жалпы шектелімі 25 482 адамды құрайды. Мамандар 166 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында даярланады.

 

Облыста 8 жоғары оқу орны жұмыс атқарып, оларда 19 840 студент білім алады.

 

Қостанай облысының денсаулық сақтау секторы 528 медициналық нысандармен ұсынылған.Облыста 1705 дәрігер жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп 

 

 

Қостанай облысы - Қазақстанныңөнеркәсіптік салада дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.

 

 

Облыста тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, автокөлік құрылысы кәсіпорындары жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы жабдықтары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, тағам өнімдері және сусындар өндіріледі.Облыстыңқазіргі кездегі көпсалалы өнеркәсібі комбинаттардан, зауыттардан, заманауи шағын кәсіпорындардан құралған.

 

 

Қостанай облысы - Қазақстандағы ең ірі тау-кен өндіру өңірі болып табылады. Осы саладағы кәсіпорындар темір кені кесектерінің, бокситтердің және асбесттің 100% республикалық көлемін, темір кенінің 90% көлемін өндіреді.

 

 

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізін: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖШС, «Өркен» ЖШС-нің Лисаков филиалы, КБКБ «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның филиалы, ТБКБ «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның филиалы және тағы басқа кәсіпорындар құрайды.

  

  

 

 


Ауыл шаруашылығы

 

 

Асыл тұқымдық ІМҚ мал басының саны 2015 жылдыңқаңтарға 74 224 басты құрады.

     

Құс саны - 565 946.

 

Асыл тұқымдық ІМҚ 2015 жылы жоспарлықәкелу саны – 1 300 бас.

 

Қостанай облысының территориясында 32 сүттік-тауарлық ферма орналастырылған және 33 бордақылау алаңдары бар.

 

2014 жылда сиыр сүтініңөнімдік көлемі – 79 890 тонна.

 

 

 

 

 

 

Қостанай обласының Ұлы адамдар

 

 

 

Шоқан Уәлиханов 

 

 

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың аса көрнекті ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, аудармашы, саяхатшы. 1835 жылы Қостанай түбіндегі Құсмұрында туған. Шоқан он екі жасында Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. 

 

 

1853 жылы Шоқан кадет корпусындағы оқуын аяқтап, корнет атағында Степное өлкесінің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты болып қызмет істейді. Генерал-губернаторға қызмет етіп жүріп, Шоқан Орта Азия халықтарының тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен мәдениетін зерттеді. Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатайға сапар шегіп, мәліметтер жинады, дала өлкесінің тарихы, қазақтардың салт-дәстүрлері мен діндері туралы мақалалар жазды. 

 

 

1856-1857 жылдарында Шоқан Уәлиханов Іле бойындағы қырғыздарға және Ұлы жүздің ауылдарына, Құлжаға ғылыми-зерттеу және этнографиялық экспедицияға шығып, Жоңғарияның тарихымен танысады. Осы сапарда Шоқан белгілі «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының жанрлары туралы», «Ыстықкөл саяхаттары күнделігі», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-хикаялары» және қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті туралы жаңа көзқарастың қалыптасуына негіз болатын зерттеулерін жазды.

 

 

Қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі, ағартушысы Ш. Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, жағрапиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған еңбектер жазып үлгерді. Ол терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым еді. 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин

 

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

 

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады.

 

Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады.

 

Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді.

 

Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады.

 

1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Ы.Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер, кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.

 

 

 

 

 

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі.

 

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.



Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.



Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.

 

 

 

 

 

Аманкелді Үдербайұлы Иманов

 

Қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.

 

7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады.

 

1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

 

Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті.

 

Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы жылдарында Ә.Жангелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырады. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті. 1918 жылы қарашада Аманкелді және Ә. Жангелдин басқарған отряд ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак армиясының шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде да төңкеріс жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады.

 


PDF