Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқу орнының материалдық - техникалық базасы

 

Университет жалпы көлемі 76 226,2 ш.м. болатын әртүрлі бағытта қолданылысқа пайдаланатын ғимараттар мен нысандарға ие.  Оқу үрдісін ұйымдастыруға 6 оқу корпусы жәнебірнеше оқу-лабораториялық ғимараттар пайдаланылады. Барлық ғимараттар мен нысандар су, жылу және канализация, желдеткіш  жүйелерімен жабдықталған.

 

Университеттің №1 бас ғимаратына (Байтұрсынов, 47) әкімшілік-басқару персоналдары мен гуманитарлық-әлеуметтік факультеті орналасқан. Факультет орналасқан аумақ - 1330 ш/м. Мұнда 31 аудитория, 4 компьютерлык сынып, 3 оқу кабинеті мен лаборатория бар. №1 бас ғимарат Қостанай қаласының ең бір көрікті жеріне орналасқан: алды қалалық парк, парктің шағын  алаңында А.Байтұрсыновтың ескерткіші бой көтерген. Алаштың ардақты тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын үш тұғырдың-білім ордасының, көшенің, ескерткіштің бір жерге шоғырлануы және ғимараттың ерекше классикалық архитектура үлгісінде салынған сәулеті көз сүйсіндіретін көрікті ансамбль құрайды.

 

 

Бас ғимараттың сол жақ қапталына №1а оқу корпусы орналасқан. Онда Ақпараттық-техникалық факультет жұмыс жасайды. Факультетте 16 оқу аудиториясы,  заманауи талапқа сай жабдықталған 11 компьютерлік сынып, 3 оқу лабораториясы бар. Ал бас ғимараттың оң жағына орналасқан №1б оқу корпусында Тарих және құқық факультеті орын алып, 32 оқу аудиториясына, 10 арнайы кабинетке ие.

 

 

№2 ғимарат Абай даңғылы бойына орналасқан (Абай даңғылы, 28). Аталмыш ғимаратта Экономикалық және Агро-биологиялық факультеттер орналасқан. Экономикалық факультетте 33 оқу аудиториясы, оның ішінде 250-300 адамға лайықталған 4 лектік дәрісхана,  6 компьютерлік сынып, 1 оқырмандар залы бар. Жалпы көлемі 1400 кш.м. Агро-биологиялық факультет  1092 орынға шақталған 48 аудитория  бар. Оның ішінде 3 лектік дәрісхана, 4 компьютерлік сынып бар. 

 

№2 оқу корпусымен іргелес № 3 оқу-лабораториялық корпусқа (Абай даңғылы, 28) Инженерлік-техникалық факультет орналасқан. Корпустың жалпы көлемі - 10424 ш.м. Мұнда 53 аудитория, оның ішінде 3 лектік дәрісхана, лабораториялық орынжай мен компьютерлік сыныптар, жиын-терім машиналары орналасқан 185 ш.м аумақтық павильон, малшаруашылығын механикаландыру 190 ш.м аумақтық павильон бар. 

 

 

№2,3 корпустар білімденушілердің тұрмыс-тіршілігінің ыңғайлы болуына лайықталып жасалған кампустық сипатта. Мұнда студенттерге арналған жатақхана, профилактория, кітапхана, спортзал ашық спорт алаңы бір жерге жинақталған.

 

№4 оқу корпусы (Маяковский  99/1)  4427 ш.м  көлемдегі жеке ғимарат. Корпусқа Ветеринария және мал өнімдерінің технологиясы факультеті орналасқан. Факультетте 27 оқу аудиториясын,  4 компьютерлік сынып, 1 музей және ветеринарлық клиника, вибари бар. 

 

 

Жалпы, университетте 248 аудитория,  45 компьютерлік, 11 мультимедиялық сынып,  53 лаборатория, 32 арнайы кабинет, 7 оқырмандар залы, 8 музей, 1 сот процесі залы, 1 криминалистік полигон,  2 павильон, 1 ветеринарлық клиникаға т.б. оқу үрдісіне қажетті орынжайларға ие. Барлық орынжайлар санитарлық-гигениялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талабына сай.

 

 Спорт залдар мен ашық спорт алаңдарының жалпы көлемі – 6526 ш.м. Университет мынадай спорттық нысандарға ие:

  • Қосымша орынжайға ие спорттық зал ( 513 ш.м.);
  • күрес залы ( 252 ш.м.);
  • атлетикалық зал (325 ш.м.);
  • тренажерлық зал (313 кшм.);
  • шаңғы базасы (183 ш.м.);
  • стадион (14 670 ш.м.);
  • ашық спорт алаңдары (2 269 ш.м.).

 

Университетте 3 медициналық бөлімшесі, 1 изоляторы бар алғашқы көмек көрсету орталығы (Абай даңғылы, 28) жұмыс жасайды. Орталық заманауи талапқа сай медициналық құралдармен, инвентармен, дәрі-дәрмектермен, дезинфекация және стерилизация қажетті заттармен жабдықталған. 

 

 

Оқу орнында  720 орынға шақталған екі жатаханаға (Пушкин, 138; Абай даңғылы, 28), асхана мен буфеттер жүйесіне ие 360 орындық студенттік тамақтану комбинаты жұмыс жасайды. Универстите өзінің жеке типографиясы бар. Ол типография жылына 55000 баспа табақтық өнім шығара алады.

 

Оқу және ғылыми үрдісті ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету «Білім орталығына» (Абай даңғылы, 28) жүктелген. Ақпараттық-білім орталығының кітап қоры 710 941 дана кітапқа ие.  «Білім орталығы» ғимаратында 4 абонемент, 2 оқырмандар залы, INTERNET – зал, дәрісхана, әдеби қонақүй, студенттік асхана, орналасқан. Бұған қосымша университеттің оқу корпустарында 6 оқырмандар залы қызмет жасайды.

 

 

Университетте бірегей корпоративтік телекомуникациялық жүйе құрылған. Ол жүйе жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды құрау, енгізу, қолдану платформасына айналды. Оқу корпустарының локальдық жүйелері бір-бірімен оптоволокондық магистральдармен байланыстырылған. Соның арқасында 90 Мб/с жылдамдыққа ие виртауальды жүйе (VPN) іске қосылған.

 

Университеттің басқару әрекеттерінің біраз бөлімі автоматтандырылған. Жүйелік технологияларды пайдалану арқылы мынадай іс-әрекеттер автоматтандырылған:

 

  • Қызметкерлер туралы мәліметтерді сұрыптайтын «Маман - ЖОО» жүйесі;
  • Тұтынушылармен кері байланысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған ректордың виртауальды қабылдау бөлмесі;
  • Университеттің құрылымдары арасындағы ішкі байланысты жүзеге асыратын mail.ku. поша сервері. Серверде 155 пошталық жәшік тіркелген. Жұмыс орындарында пошта жұмысының ыңғайлы болуы үшін университеттің барлық құрылымдарының адресі бар ПО MSOutlookExpress жүйесі орнатылған;
  • Білімденушілерді, оқытушыларды, қызметкерлерді жұмыс берушілерді, университет серіктестерін оқу үрдісі мен тәрбие, ғылыми-техникалық, мәдениет, әлеуметтік мәселелер жөнінде ақпараттандыру мақсатында университеттің үш тілді корпоративтік сайты жұмыс жасайды;
  • Университетте ішкі ақпараттық-білімдік портал жұмыс жасайды. Порталда оқу орны басшыларының, факультет декандарының қабылдау бөлмелері, студенттердің, эдвайзерлердің жеке кабинеті, электрондық кітапхана, сессияаралық тест және сауалнама модулі, хабарландырулар, ұйымдастыру-құқытық құжаттар, жоспарлар мен есептер т.б. ақпараттар орын алған;
  • Ғылыми кеңес пен ректорат шешімдерінің орындалуын есепке алу жүйесі;
  • «Электрондық ЖОО – Оқу процесі» ақпараттық жүйесі университеттің Web-порталмен кіріге байланысқан. Бұл ақпараттық жүйенің мақсаты – оқу процесін ақпараттық қолдау мен автоматтандыру, ақпаратты бір рет қана енгізу, оқу үрдісіне қатысушылардың құқығы мен жауаптылық жігін бөлу болып табылады;
  • Қашықтықтан оқыту жүйесі кең қолданыстағы Moodle. Платформасында құрылған. Бұл платформа оқу контентін (білімденушінің тіркелімі) басқаруға кең жағдай жасайды, онда бірнеше тестілеу түрін, мультимедиялық материалдарды пайдалану мүмкіндіктері бар;
  • Студенттердің дипломдық жұмысының сапасын және ғылыми жұмысты орындауға құлшынысты арттыру мақсатында жасалған «Антиплагиат» жүйесі;
  • ЖОО-ның студенттер контингенті, ПОҚ құрамы, қаржылық т.б жағдайлары туралы ҚР БҒМ  қажетті ақпаратты және есеп беруді жасақтайтын Platonus жүйесі;
  • «Жастар» телеарансы. Әрбір факультетте орналасқан плазамалық теледидар арқылы университеттің барлық студенттері мен қызметкерлері «Жастар» каналының тікелей эфирін тамашалай алады;
  • «Жастар» радиостудиясы. Әрбір факультетте орналасқан радионүктелер арқылы синхронды түрде университет жаңалықтарын, құттықтаулар мен басқа да ақпараттарды тыңдай алады. Бұл жүйе қоңырау соғуды да автоматтандыруға қол жеткізді

 

 


PDF