Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқытушы - профессорлар құрамы

 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің негізгі қызметі жоғары кәсіби және жоғары оқу орныннан  кейінгі білім беру болып табылады. Көрсетілетін қызметтің сапалығын, ең алдымен, жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы қаматамасыз етеді. Білім беру саласына күнделікті өз еңбегі мен шығармашылығын енгізген үлесін қосушы профессорлық оқытушылар құрамы университетіміздің интеллектуалдық ресурсын құрайды. Олар сыртқы қоршаған орта қалай өзгерсе де, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қалай дамыса да, жоғары оқу орнының басты капиталы интеллектуалды өкілдері болып табылады. 

 

 

Философия ғылымдарының докторы, профессор Колдыбаев С.А

Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Гершун В.И.

   

     

 Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Муслимов Б.М. 

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Найманов Д.Қ.

   

        

Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Тегза А.А.

Психология ғылымдарының кандидаты, профессор Саркисян Ш.В.

 

       

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Жиентаев С.С.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсадықов А.А.

 

 

Профессорлық-оқытушылар құрамы әртүрлі ұлттардың өкілінен тұрады. Оның құрамында көп жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан, өзіндік шәкірттік мектебі қалыптасқан өнегелі ғалымдар бар. Ірі ғалымдардың ғылыми ізденістерінің негізінде қалыптасқан өнегелі мектеп, ұжымның көп жылдардан жинақталған тағылымы мен тәжірибесі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның кең байтақ жерінде Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты негізінде салтанат құрып отырған халықтар достығын, бейбітшілік пен тұрақтылықты үлгі етеді. ҚМУ-дың беделді ғалымдары Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері.

 

 

Университет оқу – ғылым – өндіріс кешенінің бірыңғай  тұтас жүйесі ретінде жұмыс жасап, құрылымдық жүйесіне оқу, ғылым, өндіріс және басқа да салаларды біріктіреді. Оқу орны 68 құрылымнан тұрады: оның ішінде 7 факультет, 29 кафедра, 32 басқа да құрылымдар бар.

 

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының штаттық кестесі білімденушілердің санына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. 2015-2016 оқу жылында 408 оқытушы штаттық кестеге енген. Штаттағы оқытушылардың саны  жалпы профессорлық құрамның көлемінің 80% құрайды. Білім ордасында 21 ғылым докторы, 138 ғылым кандидаты, 6 PhD доктор, 82 магистр жұмыс жасайды. Ардагер ұстаздар мен жас оқытушылар  арасында ұрпақтар сабақтастығы орнаған.

 

 

Ғылыми дәрежелі оқытушылар құрамы жағынан жоғары көрсеткішке Ветеринария және мал өнімдерінің технологиясы (71,4) мен  Агро-биологиялық факультеті (67,4) ие.

 

 

Университеттің 32 бакалавариат, 21 магистратура, 4 докторантура бойынша мамандарды дайындайтын 29 кафедраның меңгерушілерінің барлығы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар. Кафедра меңгеушілерінің орта жасы – 48, ғылым докторлары мен кандидаттарының орта жасы -52.

 

Кадрлар әлеуетін арттыру, «қартаю» үрдісін тежеу мақсатында университет ғылыми дәрежесі мен атаққа ие оқытушыларды конкрустық байқау арқылы және университеттің өз ішінде ашылған, сондай-ақ республика деңгейінде берілетін мақсатты магистратура мен PhD докторантура арқылы жас мамандарды дайындау үздіксіз жүргізіледі.

Қазіргі таңда көптеген пәндердің мазмұны жаңа заман талабына сай жаңаруда. Осыған орай университет оқытушылардың біліктілігін арттыру  мақсатында Қазақстанның беделді оқу орындарына, алыс және жақын шетелдерге тәжірибе алмасуға,  сондай-ақ шетелдің білікті мамандарын шақыруға көп көңіл бөледі. Профессорлық-оқытушылық құрам әлемнің көптеген елдерімен оқу ісі мен ғылыми жұмыстар жөнінде тығыз байланыс орнатқан. Ол байланыстарға «ат тағып, айдар салатын» болсақ, онда жер шарының картасын көлденең тартуға болады.

 

 

Профессорлық-оқытушылар құрамының жұмысын бағалау мақсатында университет ішінде рейтинг жүргізіледі. Онда оқытушының оқу үрдісіндегі, ғылыми және тәрбие жұмыстарындағы табыстары бағаланады.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ – Қостанай өңірінің ғылыми-білім, мәдени орталығы. Университет оқытушылары облыс пен қаланың саяси-әлеуметтік және мәдени тіршілігіне белсене араласады. Облыстың қоғамдық өміріне университеттің С.Колдыбаев, В.Гершун, Қ.Жақып, Д.Найманов, С.Жиентаев, М.Самамбет, Д.Легкий, Л.Саркисян, М.Дауенов, А.Әбсадықов сынды профессорлар ерекеше үлес қосып жүр.

 

 

 

ХХ ғасырдың басында Ахаң бастаған Алаш зиялылары туған халқына: «…Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады. Әркім әлі келетін жұмыс алсын. Жадымызда болсын. Аз нәрсе көпке сеп болмақшы»-, деген үндеу тастаған еді. Сол бір үндеу бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Әсіресе,  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін әрбір қазақстандықтар «жұрт ісіне» өз үлестерін қосуы қажет. Елбасының ұсынысымен қабылданған «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – аталмыш стратегияны жүзеге асыруды тереңдетуге бағытталған игі бастамалар. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымы бүкіл қазақстандықтар атсалысып жатқан «жұрт ісіне» үлес қосуды ел алдындағы басты борышы, мемлекеттік маңызы бар міндеті деп санайды.

 


PDF