Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Серпін - 2050. Мәңгілік ел жастары - индустрияға

 Серпін - 2050. Мәңгілік ел жастары - индустрияға

 

  • Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың  Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жоба  жұмыс жасайды.
  •  Жобанның басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау. «Серпін-2050» -  жарқын болашақ жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс  Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және  оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.
  • Серпін – 2050 әлеуметтік жобасы туралы ақпаратты мына сайттан алуға болады http://serpin.kz/.
  •  «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға»   жобасын жұмысын үйлестіру мақсатында белгілі қоғам қайраткері  Мұрат Әбенов жетекшілік ететін Республикалық Үйлестіру орталығы құрылған.
  • 2015 жылдан бастап  «Серпін-2050» жобасына жүзеге  асырушы  ЖОО ретінде белгіленген А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мемлекеттік бағдарламалардағы басымдылыққа ие инженерлік-техникалық, ақпараттық  технология, ауылшаруашылығы мен оны өңдеу, ветеринария бағыттары бойынша 14 мамандыққа серпіндіктерді қабылдай бастады.  2015-2016 оқу жылы  аталмыш жоба бойынша  университетке  450, ал 2016-2017 оқу жылы 145 білім гранты бөлінді. Қазіргі таңда университетте 570 студент «Серпін-2050»  әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатыр.
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті шеңберінде «Серпін-2050»  әлеуметтік жобасының жүзеге асырылуы туралы толық ақпаратты Сіз осы жерден біле аласыз.  

PDF