Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жобаны жүзеге асыру бойынша ақпарат

Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруды көздейтін «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының басты мақсаты  – демографиялық өсімі жоғары оңтүстік пен батыс өңірі жастарын индустриялды-инновациялық бағдарламаның ірі жобалары жүзеге асырылып жатқан солтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алуға жәрдем ету.

 

 

 

«Серпін -2050» жобасына оңтүстік пен батыстағы Алматы, Жамбыл. Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда, Маңғыстау облыстары - жіберуші, шығыс, солтүстік және батыс өңірдегі 8 облыстың  (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан)19 жоғары оқу орны - қабылдаушы жақ. 

 

 

Алғашқыда жоба бірыңғай педагогикалық мамандықтарға бағытталса, 2015 жылдан бастап оның шеңбері инженерлік-техникалық, ауылшаруашылық және ветеринария бағыттары бойынша кеңейтілді. Қостанай өңірінде автомобиль құрастыру, ауылшаруашылығы және мал өнімдерін өңдеу және машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда автомобиль құрастыру  және ауылшаруашылығы машиналарын жасау бағытында «Сарыарқавтопром», «Агромашхолдинг», азық-түлік өнімдерін өңдеу салалары бойынша «Деп», «Милх», «Қарасу ет» сынды ірі кәсіпорындар индустриялды-инновациялық бағдарлама шеңберінде жемісті еңбек етіп жатыр. Сол себептен «Серпін - 2050» жобасы бойынша білім алатын болашақ түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кең.

 

 


PDF