Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мамандықтарды жіктеу

 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құқығының  лицензиясы негізінде екі деңгейлік жүйесі бойынша мамандарды дайындайды.

 

Білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық оқытуды (жалпы білім беру пәндер циклін, базалық пәндер циклін, профильдік пәндер циклін оқыту), кәсіптік тәжірибелерді өтуді, ал жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауын қарастырады. Әрбір пән циклі міндетті компонент және таңдау компонентті пәндерден тұрады. Таңдау компонентті пәндер таңдалған мамандықтар аясында адамның кәсіптік қызметінің нақты ортасы үшін мамандарды дайындауға бағытталған білім беру бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді.

 

Таңдау компонентінің барлық пәндері 2 топқа бөлінеді: білім беру бағдарламаларын құрайтын пәндер және жалпы элективті пәндер деп аталатын студенттердің еркін таңдау пәндері.  Білім беру бағдарламасының пәндері барлық оқудың барлық  кезеңіне құрылып, таңдау компонентінің жалпы кредит санының 70-80 % құрайды. Жалпы элективті пәндер өзгеруі мүмкін, немесе олардың тізіміне жаңа пәндер қосылуы мүмкін. Олар тар бағытталған маман қалыптастыруды болдырмау  үшін қажет. 

 

 

 

 Жоғары білім  Жоғары оқу орнынан кейнгі білім

 

 

Бакалавриат


Университеттің кафедралары бакалаврларды 31 мамандық бойынша дайындайды.

 

Бакалавриат – жоғары білім берудің сәйкес мамандығы бойынша оқытудың 4 жылдан кем емес нормативті мерзімімен «бакалавр» академиялық дәрежесін беретін мамандарды дайындауға бағытталған кәсіптік оқу бағдарламасы.

Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық білім берудің 129 кредитінен кем емес, кәсіптік тәжірибенің 6 кредитінен кем емес және қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуі қажет. Сәйкес мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін алу сізге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Магистратура


Университетте магистрлердің білім беру бағдарламаларының 21 мамандықтары ұсынылған.

 

Магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сәйкес мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беретін оқытудың ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушылық мамандарды дайындауға бағытталған кәсіптік оқу бағдарламасы:

- ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша оқытудың 2 жыл нормативті мерзімімен және теориялық білім берудің 42 кредитінен кем емес, тәжірибенің 6 кредитінен кем емес және ғылыми-зерттеу жұмысының 7 кредитінен кем емес меңгеру қажет;

- кәсіби бағыты бойынша оқытудың 1 жылдан кем емес нормативті мерзімімен және теориялық білім берудің 18 кредитінен кем емес, тәжірибенің 2 кредитінен кем емес және эксперименттік-зерттеу жұмысының 4 кредитінен кем емес меңгеру қажет;

- кәсіби бағыты бойынша оқытудың 1,5 жылдан кем емес нормативті мерзімімен және теориялық білім берудің 36 кредитінен кем емес, тәжірибенің 4 кредитінен кем емес және эксперименттік-зерттеу жұмысының 4 кредитінен кем емес меңгеру қажет.

Сәйкес мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін алу сізге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын докторантура мамандықтары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Жоғары арнаулы білім


Ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеті жоғары арнаулы білімді 2 мамандық бойынша дайындайды.

 

 

Бакалавриат – жоғары білім берудің сәйкес мамандығы бойынша оқытудың 5 жылдан кем емес нормативті мерзімімен класификациясын беретін мамандарды дайындауға бағытталған кәсіптік оқу бағдарламасы және студент теориялық білім берудің 161 кредитінен кем емес, кәсіптік тәжірибенің 6 кредитінен кем емес және қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуі қажет. Сәйкес мамандық бойынша класификациясын алу сізге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. 


 


 

Докторантура


Ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультеті докторларды 3 мамандық бойынша дайындайды.

 

 

 

Докторантура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сәйкес мамандығы бойынша оқытудың 3 жылдан кем емес нормативті мерзімімен философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беретін ғылыми және педагогикалық мамандарды дайындауға бағытталған кәсіптік оқу бағдарламасы. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін теориялық білім берудің 36 кредиттен кем емес, тәжірибенің 6 кредиттен кем емес және ғылыми-зерттеу жұмысының 28 кредиттен кем емес меңгеру қажет. Философия докторын (PhD) дайындауда ғылыми-педагогикалық бағыты бар және күрделілік, білімдік, әдістемелік пен зерттеулік дайындығын болжамдайды және жоғары мен жоғары оқу орнынан кейінгі жүйесін және ғылыми саласы үшін сәйкесті бағытта пәндерді терең меңгеру.

 

 



PDF