Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Академиялық демалыс

 

Академиялық демалыс - білім алушылардың білім беру орындарында (оқушылардың, тыңдаушылардың, студенттердің, курсанттардың, интерндердің, адьюнктердің, резиденттердің, магистранттар мен докторанттардың) денсаулығына байланысты, оның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылуына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

 

Денсаулығына байланысты академиялық демалыс тек дәрігерлік-кеңес комиссиясының(ДКК) қорытындысы негізінде 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі.

 

Медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беруге дәрігердің қорытындысын жасау үшін студент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығына  өзі бақылауда болған медициналық мекемеден сырқат тарихының толық көшірмесін тапсыруы керек. ДКК академиялық демалыс беру қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарады.

 

Білім алушы академиялық демалысты рәсімдеу туралы білім беру ұйымының басшысы атына өтініш береді. Өтінішке міндетті түрде дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының  (ДКК) анықтамасы,немесе ҚР Қарулы Күштері шақыру қағазының көшірмесі тіркеледі.

 

Ректор білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

 

Академиялық демалыстан оралған білім алушы, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.


А кадемиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды ақылы түрде жоюға  тиіс. Білім алушы ағымдағы оқу сабақтарымен қоса оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін семестр ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысып, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып емтиханға жіберу рұқсатын алады, немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жазғы семестрде оқып тапсырады. 


PDF