Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Білім алушырды оқудан шығару


Білім алушы университеттен келесі себептермен оқудан шығарылуы мүмкін:

  • өз еркі бойынша;
  • ақылы оқу жөніндегі келісім –шарт талаптарын орындамағаны үшін;
  • басқа оқу орынына ауысуына байланысты;
  • қорытынды аттестацияда «қанағаттанарлықсыз» баға алғаны үшін;
  • қорытынды мемлекеттік аттестацияға келмегені үшін;;
  • мемлекеттік қорытынды аттестацияға жіберілмегендігі үшін;
  • қайтыс болуына байланысты;
  • университет жарғысын бұзғаны үшін;
  • ішкі Ережелерді бұзғаны үшін.

 

 

Білім алушы ішкі Ережелерді бұзғаны үшін оқудан шығарылады егер:

  • күндізгі оқу нысанының білім алушысы академиялық кезеңнің басынан бастап 1 ай көлемінде себебін  дәлелдейтін құжаттары болмай сабаққа кіріспегені үшін;
  • сабаққа қатысуға бақылау жүргізу қорытындысы бойынша күндізгі оқу нысанының білім алушысы 50% және одан да көп дәлелсіз сабақ қалдырғаны үшін;
  • күндізгі оқу нысанында білім алушы ішкі семестрлік аттестация қорытындысы бойынша жартысынан көп пәндер бойынша аттестацияланбағаны  үшін;
  • емтихан сессиясы қорытындысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушының жартысынан көп пәндер бойынша академиялық қарыздары болғаны үшін;
  • сырттай оқу нысаны бойынша білім алушы оқу – емтихандық (емтихандық) сессияға себебін дәлелдейтін құжаттарынсыз катыса алмай,12 кредиттен жоғары академиялық қарызға әкеліп  душар  еткен жағдайда;
  • білім алушы студенттің/магистранттың жеке оқу жоспарын белгіленген уақытта рәсімдемегені үшін;
  • білім алушы академиялық демалыстан белгіленген уақытта шықпағаны үшін;
  • басқа оқу орнынан ауысқан немесе басқа оқу орнында оқығаннан кейін қайта қабылданған жағдайда 2 ай мерзімінде білім алушының жеке құжаты тапсырылмаса немесе жеке –іс құжаттарында аса керекті( бастапқы білім жөніндегі құжат-аттестат, диплом, ҰБТ немесе КТ өткендігі жөніндегі куәлік, академиялық анықтама ) құжаттар тапсырылмаса;
  • білім алушы адамгершілікке жатпайтын қылық жасаса немесе ректордың бұйрығын, басқа да білім алушының мінез –құлқын реттейтін нормативтік актілерді (арақ-шарап ішу, нашақорлық заттарын қолдану,шылым шегу,университет маңайында мас күйде жүру, жатаханада тұру ережелерін бұзу, университеттің материалдық –техникалық базасына нұқсан келтіру т.б.) бұзса.

PDF