Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ауыстыру және қайта қабылдау ережесі

 

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру жүзеге асырылады.

 

Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы  жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.  Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады. 

 

Оқуға қайта қабылдауның тындырымды шарты бұл бірінші академиялық мерзімде оқу жоспарының талаптарын түгел орындау және емтихандарды тапсыру.

 

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезінде оқудың алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің академиялық айырмашылығы анықталады. Егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады.

 

Басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді.

 

 Кабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке келесі көшірмелер қоса тіркелуі қажет:

  • факультет деканы қол қойылған оқу карточкасының;
  • оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-регистратор қол қойған, мөрмен бекітілген трансткрипттің;
  • ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификаттың;
  • білім беру грантының иегері куәлігінің (егер грант иегері болса);
  • оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолымен және мөрмен).

 

Егер гранта оқитын білім алушы бір білім беру ұйымынан екіншісіне бір курсқа төмен немесе басқа мамандыққа ауыса, онда ол өз грантың жоғалтады.

 

Оқудан шығарылған білім алушы әр бір білім беру ұйымына, әр бір оқу нысанына, әр бір мамандыққа оқуға қайта қабылдануына болады. Оқуға қайта қабылдану және оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру тек қана ақылы негізінде!!!  Егер ақылы негізінде оқып жатқан білім алушыларды оқуға төлемегендіктен оқудан шығарса, онда оларға төрт апта ішінде оқуға қайта қабылдануға болады. 


PDF