Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Білім алушылардың оқу нәтижиелерін бақылау жүйесі


Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау -  белгілі бір пән бойынша әртүрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыс,тест, практикалық жұмыс, портфолио, ауызша сұрау т.б.) студенттердің білім жетістігін тексеру.

 

 

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - оқытушының  семестр ағымындағы сабақтарда пәннің әрбір тармағы немесе тақырыбы бойынша студенттердің оқудағы жетістіктерін тексеру.


Үлгірімді межелік бақылау – Сабақ жүргізуші оқытушының  бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес студенттердің  білім деңгейін мерзімдік тексеру. Межелік бақылау коллоквиум, жазбаша бақылау жұмысы, тестілеу түрінде жүргізіледі.


Қорытынды бақылау - академиялық кезең өткеннен кейін аралық аттестация кезеңінде оқу пәнін аяқтағаннан кейін білім алушылардың оқу нәтижиесін тексеру. Қорытынды бақылау түрі - жазбаша, ауызша, тестілеу түріндегі емтихан болып табылады.

 

 

Бақылаудың барлық түрлері, оларды тапсыру мерзімі  силлабусте көрсетілген.

 

ПОМК-де  межелік бақылауға және емтиханға дайындалу сұрақтары енгізілген.

 

 

Білім алушымен жіберілген  сабақтар оқытушымен белгіленген мерзімде өтелуі керек.

 


 

 

Семестрлік рейтинг қойылып кеткеннен кейін жіберілген сабақтардың өтелуі рұқсат етілмейді!!!

 

 

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, бақылау жұмыстары т.б.) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.

 

Емтиханға 50%  кем емес семестрлік рейтинг жинаған білім алушылар жіберіледі.

 

 

Студент пән бойынша емтиханға келесі себептермен жіберілмеуі мүмкін:

орындалған және қорғалған курстық жұмыс(жоба) болмағанда;

төмен семестрлік рейтинг(максималдық семестрлік рейтингтен 50% төмен);

төлем ақы бойынша талаптар орындалмаса;

аралық аттестацияға жіберілмесе.

 

Мұндай жағдайда оқытушы «баға» деген орынға «жіберілмеді» деп жазады, және ол «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі.

 

 

Пән бойынша қорытынды баға - семестр рейтингі мен студенттің емтихан бағасы баллының қосындысынан тұрады. Студент емтиханда максималдық емтихан рейтингісінен 50%- дан  кем алмауы керек.

 

Оң  қорытынды бағаны емтихан қабылдаушы емтихан ведомосына және сынақ кітапшасына жазады. Қанағаттанарлықсыз баға тек қана емтихан ведомосына және студенттің транскриптіне жазылады.

 

 

Студенттің өтініші бойынша емтихан қабылдаушы қойылған бағаны дәлелдеуге міндетті. Емтихан бағасымен келіспеген жағдайда студент апелляцияға беруге құқығы бар. Апелляцияға беру ережелерімен сізді деканат таныстыруы керек.

 

Егер студент емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп.

 

 

Білім алушылардың оқу нәтижиелерін бақылау жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық  эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

5 – «өте жақсы»

В+

В

В-

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

4 – «жақсы»

С+

С

С-

D+

D

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

3 – «қанағаттанарлық»

F

0

0-49

2 – «қанағаттанарлықсыз»

 

 

Кредиттік жүйе бойынша оқытуда қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру жоқ.

 

Қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға алған студент, оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде   ақылы түрде сол  пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып,  рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

 

 

Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен тіркеу бөлімінің келісімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіліп емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.

 

Семестр барысында студенттердің сабаққа қатысуы тексеріліп отырады. Оқытушылар мен топ старостылары ай сайын деканатқа сабаққа қатысу мәліметін тапсырып отырады. Көпшілік пәндерден аттестация болмаған және көп сабақ қалдырған студенттер университеттен шығарылуы мүмкін.

 

Студенттің академиялық қарызы болып студенттің себепсіз емтиханға келмеуі, емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алуы, қорытынды бақылауға жіберілмеуі танылады. Кредиттік оқу жүйесінде, сессия қорытындысы бойынша академиялық қарызы бар студенттер оқудан шығарылмайды. Білім беру гранты бойынша білім алушы  - белгіленген ауысу балына қол жеткізген бірақ академиялық қарызы бар болған жағдайда, білім беру грантын сақтай отырып, ол пәндерді  ақылы негізде қайта оқып емтихан тапсырады. Академиялық қарыздарды жою жазғы семестрде немесе белгіленген ауысу GРА балына қол жеткізген жағдайда қосымша келесі семестрлерде жүргізіледі.

 

Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарызы бар, академиялық демалыстан шыққан кездегі оқу жұмыс жоспарында пән айырмасы бар, бір оқу орнынан екінші оқу орнына , бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқанда қосымша жеделдетіп  оқыту үшін студенттерге ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің  ұзақтығы 6 апта. Жазғы семестрде пәдерді оқуға жазылу эдвайзерлер мен декандардың көмегімен, белгіленген мерзімде сабақ басталғанға дейін тіркеу бөлімі жүргізеді. Емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін бірінші апта ішінде жазғы семестрге қатысатыны жөнінде белгіленген нысанда өтініш білдіреді.


 

Жазғы семестрде оқыту ақылы, жазғы семестрде оқылатын кредит көлемі 12 –ден аспайды.

 

 

 

Студенттердің оқу нәтижелерін бақылау жүйесін, жетістіктерін тіркеу бөлімі есепке алып отырады.


 

 

Тіркеу бөлімі - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет.


PDF