Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

IT-технологияларын қолдану

 

Әрбір жоғарғы оқу орнын заманауи ақпараттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда, ҚМУ өздерінің білім алушылары мен оқытушыларына дәл осындай зор мүмкіндіктерді беріп отыр. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бүгінгі таңда негізгі ақпараттық инфрақұрылымы кең көлемді компьютерлер және телебайланыс жүйесінің жиынтықтары құрайды. 


 

Университетте жаңа байланыс және ақпарат технологияларын қолдану, енгізу және зертеу үшін біркелкі корпоративті телебайланыс желісінің қуатты платформасы құрылды. Университеттің телебайланыс желісі тораптық шоғырсымы 10 км құрайтын «айналмалы жұп» түріндегі және қашықтығы 7 км асатын оптоволоконды жүйесінен тұрады. Оның қызметі үшін Windows және UNIX-жүйесінің аясында 10 сервер қолданылады. Университеттің барлық білім алушыларына, оқытушыларына және қызметкерлеріне интернетке шығуы – лимитсіз.  Интернет жылдамдығы 80 Мб/с дейін арттырылды, соның арқасында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының арасында алдыңғы қатарда тұр. Университет қабырғасында Wi-Fi орнатылған, бұл дегеніміз барлық студенттер мен мұғалімдердің қоғамдық орындарда және оқу аудиторияларында жеке компьютерлерін қолдану кезінде Интернетке  және ҚМУдің күні бойы желідегі ақпараттық қорына еш қиындықсыз шығуға мүмкіндік береді. Кең ауқымды Интернетке қосылудың арқасында IP-телефонын қолдануға және «ID Phone» орнатуға мүмкіндік береді. 

 

Қазіргі таңда ҚМУ-да есептеуіш техниканың ауқымдылығы жағынан Intel процессор базасы бойынша  1000-ға жуық дербес компьютерлер бар. Университет жыл сайын есептеуіш техникасын 120-150 компьютерге жаңартып отырады. Орта есеппен санағанда, күндізгі бөлімде оқитын студенттерге бір компьютерге 8 адамнан келеді. Университет мультимедиалық құрылғыларды сабақ барысы кезінде қолдануға айрықша көңіл бөледі. Университетте оқыту үдерісі сапасын және студенттердің кәсіби дайындығын жоғарлату мақсатында жылжымалы немесе кабинеттерде стационарлы орнатылған 30 жуық мультимедиялық қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ, университет бағдарламалық қамсыздандыру зерттеу секторының жұмысы үшін  жоғарғы санаттағы бағдарламашыларды тарту және IT-технология саласында профессор-оқытушылар құрамының іскерліктерін әрдайым арттыруға керекті жағдайларды жасап отыр. Соңғы 5 жылдың ішінде университетті басқару үдерісінің маңызды саны ойдағыдай автоматтандырылған. Желілік технологияларды пайдалану арқасында өнделіп және эксплуатацияға келесі жүйлері енгізілген: АБЖ «Электрондық ЖОО– Оқу үдерісі», «Тіркелім кеңсесі» жүйесін және дистанциялық оқу жүйесі, ішкі ақпараттық-білім беретін университеттің Web-порталы, АБЖ «Кітапхана» ИРБИС 64, 1С-Бухгалтериясы, АБЖ «Кадрлары», қосалқы жүйе «Мұрағаты», корпоративтік электрондық пошта, университетке кіруді бақылау және басқару жүйесі (КББЖ), корпоративтік желі арқылы телестудияның көмегімен ішкі жүйесін телехабарлау және т.б. 

 

Оқу үдерісін басқаруда пайдаланатын, негізгі бағдарламалық кешендерінің бірі  АБЖ «Электрондық ЖОО– Оқу үдерісі» болып табылады, келесі ішкі жүйелерден құралған: Тіркеуші, Басқару, Оқу жоспарлары, Тест жүргізу, Білім алушылардың тізімі, Білім алушылардың аттестация кезіндегі қорытындысы (электронды сынақ кітапшасы), Жазғы семестр, Есеп беруді қалыптастыру, Студент/магистрдің жеке кабинеті, Эдвайзердің жеке кабинеті және т.б. Бұл жүйе студенттер және олардың үлгерімі туралы, емтихан және тағы басқа да бақылау түрін өткізу барысы кезінде басқаруға, әртүрлі есептеме түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылардың алған білімін бақылау қорытынды жүйесіне енгізу оқытушылардың жеке кабинеті арқылы жүйелі түрде жүзеге асады. Бұл, университеттің бағдарламашылары әзірлеген бағдарламалық кешен университеттің Web- порталының ішкі ақпараттық-білім жүйесіне толықтай интеграцияланған, осы жүйеге жүгіну  арқалы online-режимде білім алушының үлгерімі туралы көкейкесті деректерді және өзге де қажетті ақпараттарды білуге мүмкіндік береді. 

 

IT- технологияны игерудегі тиімділігі көп арада контенттің сапасын және өңделгендігін  растайды. ҚМУ ресми веб-сайтынан басқа университтеттің ішкі ақпараттық-білім ортасы - ҚМУ ішкі ақпараттық-білім порталының (http://www.ksu.ku/) интерфейс қондырмасы дамытылып, жұмыс істеуде.  Бұл мегақор, кез-келген компьютердің университтеттің корпоративтік желісіндегі физикалық орны, құрамы және құрылымы әртүрлі деректерге рұқсат алуын жеңілде және ыңғайлы қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі қорларды және серверлерді көп деңгейлі біріктіріліп ұйымдастырылған. 

 

Дистанциялық технологияның бір артықшылығы оқыту барысы кезінде өте ыңғайлы екені даусыз. Университеттің студенттері өз жұмыстарынан қол үзбей мұғалімдермен әртүрлі байланыстар орнату арқылы  заң және экономика мамандықтары бойынша білімдерін алуда. Оқытудың жаңа технологиялары тамаша жабдықталған Қашықтықтан оқыту орталығымен бірлесе еңбек нарығының жоғары талаптарына сай мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Moodle қашықтан оқыту жүйелерінің көмегі арқылы студенттер тәуліктің кез-келген уақытында өз пәндерін оқуға, тапсырмаларын орындауға, оқытушылардан хабарландыруларды алуға және қалдыруға, бақылаудың кез-келген түрлерін өтуге, өз бағалары мен емтиханға рейтинг-рұқсаттарын білуге мүмкіндіктері бар. 

 

 

Барлық үдерістер, соның ішінде барлық оқу мәліметтері электронды версиядан тұратын білім порталы, сондай-ақ, университеттің кез-келген компьютері арқылы барлық ақпарат көзіне шығуға мүмкіндіктер жасап отырған корпотативті желі торабы автоматтандырылған – бұның барлығы  іздеу мүмкіндіктері мен ақпараттар алудың шектеусіздігінің арқасында  сапалы оқыту және ғылыми зерттеу үшін керекті жағдайды жасау,  дәстүрлі оқытудан сапалы жаңа білім беруге көшуге мүмкіндіктер жасайды.  

 

 

 

 

 

 

ҚМУ кітапханасы ең үздіктердің бірі. Мұнда әдебиеттер тізіміне бай, қорларға, электронды каталог және штрих-коды бар кітаптарды беруге рұқсат етудің арқасында – оқырмандармен жұмыс істеу кезінде уақытты үнемдеуге және үдерістерді автоматтандыру мүмкіндіктері жасалған. Факулттеттерде оқу залдары ашылған, оларда интернетке рұқсат берілген 160 компьютер жұмыс істейді. 

 

Оқырмандардың Интернет арқылы Springer link, Thomson Reuters (Web of Knowledge), Sci Verse Scopus Elsevier компаниясы сияқты алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми-техникалық электронды көздеріне, республикалық жоғарғы оқу орындарының электронды кітапханларына еркін шығуына мүмкіндік жасалған. Университеттің жеке электронды кітапханасы бар, жалпы көлемі 3600 жазбадан тұрады, оның ішінде үштен бірі – қазақ тілінде.  ҚМУ оқу үдерісінде университеттің профессорлары және доценттері әзірлеген электрондық оқу басылымдары пайдалынылады. Соңғы үш оқу жылында 400 жуық электрондық басылымдар сатып алынып әзірленген, оның ішінде ҚМУ оқытушыларының күшімен дайындалғаны – 270. Электрондық  басылымның бестен бір бөлігі мемлекеттік тілде әзірленеді.

 

Ақпараттық технология факультеті және инженер-техникалық факультетінде қолданылатын автоматтандырылған білім алу жүйелері вертуальды лабораториялық жұмыстар, имитациялық жаттығу құрылысы және үлгілеу бағдарламаларынан тұрады.

 

Виртуальды лабораториялық жұмыстары жұмыстың орындалуына қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік мәліметтердің қажетті жиынтығын, сауал сынақ бағдарламаларын, сонымен қатар вертуальды лабораториялық жабдықтарын қосады. Виртуальды жинақтар студенттерге дербес лабораториялық жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді. 

 

Университеттің ақпараттандырудың ғаламдық стратегиялық мақсатының жетістігі үшін 2020 жылға дейін А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ тұжырымдамасы әзірленді. Осы тұжырымдаманың басты мақсаты университеттің сапалы қызмет істеуі және тиімділігін арттыруда барлық кешенді мәселелерді шешу үшін сапалы жаңа ақпараттық ортаны құру арқылы біртұтас тәсілді қалыптастыру болып табылады. 

 

Қазіргі таңда біздің алдымызда тұрған мәселе ақпараттық технологияны жүйелі түрде игеру, корпоративтік және ғаламдық желіде жұмыс істеу негізінде унивеситетте білімді беру және оны қолдау, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыра-басқару қызметтері үшін құрылған біртұтас ақпараттық орта негізінде жұмыс жүйесін қалыптастыру және оны жетілдіру керек. 

 


PDF