Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6D080100 – Агрономия мамандығы

6D080100 – Агрономия мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Дәнді және техникалық дақылдарды өсіру технологиясы

Егін шаруашылығында өндірістік үдерістерді орындауды ұйымдастыра алатын білікті мамандарды дайындау, жаппай және жеке іріктеу жүргізу; сорттық егістерге құжаттаманы ресімдеу; сортты ауыстыру және сорт жаңартуды жоспарлау; егіншілікті интенсивтендірудің нақты жағдайлары мен деңгейі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдау; селекция үшін бастапқы материалдарды таңдау, селекциялық материалға талдау жүргізу; өңделетін дәнді және техникалық дақылдардын түрлері бойынша ажырату.

Дала және шабындық мал азығы өндірісі

Геоақпараттық жүйесі, жаһандық позициялау жүйесі және GPS – жабдықтар көмегімен егістіктің электрондық картасын жасауға қабілетті білікті мамандарды дайындау; дәл себу және өсіру жүргізу; егістіктің жай – күйін сәйкестендіру, егін жинау процесінде өнімділік есептегіштерін пайдалана отырып шығымдылықты анықтау; GPS-құралдарын пайдалана отырып, топырақ жамылғысының микроқұрылымына және егістіктін жай-күйіне сәйкес тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап еңгізу; ауыл шаруашылығында топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану және жем-шөп өндіру үшін экологиялық таза өнім алу мәселелерін шешу үшін егіншіліктің конвенциялық және органикалық жүйелерінің фундаменталды негіздері бойынша алынған білімді кәсібін пайдалану

 

 

Модульді білім беру бағдарламалары

 

Әрбір мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың белгілі бір дәрежені және/немесе біліктілікті алу үшін қажетті негізгі құзыреттілікті меңгеруіне бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы жасалады.

 

 

6D080100 – Агрономия мамандығының түлегіне 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша ауылшаруашылығы бакалавры дәрежесі беріледі.


PDF