Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

6D120100 – Ветеринарлық медицина мамандығы

6D120100 – Ветеринарлық медицина мамандығы келесі білім беру бағдарламаларын қарастырады:

 

Эпизоотологиялық циклі

Берілген білім беру бағдарламасының пәндерін оқу иммунология мен аллергологияда қолданылатын негізгі ұғымдарды; жануарлардың иммундық жүйесінің құрылымдық-қызмет ерекшеліктерін; иммундық жүйенің негізгі гуморалдық факторларын (антиденелер, комплемент, цитокиндер, хемокиндер және т. б.), олардың туа біткен және жүре пайда болған иммунитет реакцияларындағы рөлін зерделеуге мүмкіндік береді.

Паталогиялық циклі

Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында патологиялық материалдарды гистологиялық, гистохимиялық зерттеулерге дайындау әдістерін, гистологиялық препаратты оқу және сипаттау әдістемесін меңгеруге мүмкіндік береді.

Паразитологиялық циклі

Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында паразиттің, қожайынның және басқа да симбионттардың өзара қарым-қатынасының теориялық негізін, паразиттер фаунасының аймақтық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның паразиттер қоздырғыштарына әсерін және биогеоценоздағы паразиттік экожүйелердің түрлік және сандық құрамына адамның шаруашылық қызметінің әсерін игеруге мүмкіндік береді.

Фармакотерапевтік циклі

Осы білім беру бағдарламасының пәндерін оқу барысында клиникалық фармакологияның негізгі қолданбалы міндеттерін қолжетімді шешу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді; өнертабысқа, пайдалы модельге және рационализаторлық ұсынысқа өтінім жасау.

 

 

Модульдік оқыту бағдарламалары

 

Әр мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламасы әзірленеді. Олар оқытушылардың құзыреттілік білімі бір деңгейге жеткізуге және біліктіліктерін көтеруге бағытталған.

 

 

6D120100-Ветеринарлық медицина мамандығының түлегіне 6D120100-Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша "философия докторы" (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.


PDF