Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

О

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген, дана, әрі салиқалы саясатының арқасында біздің Отанымыз Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде толық қалыптасып, қуатты мемлекетке айналды. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы, Қазақ елінің өз болашағына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» деп жазған еді. Бұл ретте Елбасы бәсекеге қабілетті бо­лу, әлемнің озық елдерінің қатарынан көріну мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды. Бұл өзгерістердің бәрі елдің болашағы, өскелең ұрпақ үшін жасалуда. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әліпбиіне ауыстыру - болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі. Елбасының бастамасын Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдары толық қолдайды.  Латын әліпбиіне көшудің өзектілігі мен маңыздылығына қысқаша тоқталып өтуді жөн санаймын. Біріншіден, түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен өнерін, тарихын, мәдениетін, руханиятын жақындастыра түсу, ғалымдарымыздың түркі дүниесіне ортақ мәселелерді бірлесе зерттеу мен зерделеуге жол ашылады. Екіншіден, болашақта ғылым мен техника, компьютер мен роботтар, тіпті әлеуметтік желі тілдерін латын әліпбиіне негізделген ортақ жүйеге енуі әбден мүмкін. Бүгінгі еліміздің саяси, экономикалық, ғылыми, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары көбейген тұста интернет желісін қолданушылардың латын тіліне қажеттілігі артпаса кемімейтіні анық. Осы тұрғыдан қарағанда, латын әліпбиіне ертерек көшу ғылым мен техника саласында ғарыштап дамуымызға зор мүмкіндіктер береді. Үшіншіден, жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны жасырын емес. Медициналық атаулар, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер - барлығы да латын әліпбиімен тығыз байланысты болғандықтан, болашақта барлық ақпарат адамдардың бәріне ортақ, қолжетімді болады. Ұлттың рухани жаңғыруына өз үлесін қосу - әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы деп есептеймін. Сондықтан, ғалым әрі ұстаз ретінде жастардың рухани жаңғыруына көмектесу, ақыл - кеңестер беріп, оларға дұрыс бағытты көрсетуді жөн санаймын. Туған жеріміз бен ұлтымыздың болашағы - жастардың қолында. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп Президентіміз өз мақаласында жазған еді. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпақ білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюлары қажет. Олар біліктілігі жоғары маман болуды көздеулері керек. Елін, жерін сүйіп Қазақстанның гүлденуіне бар күш-жігерлерін жұмсағандары дұрыс.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы А. Чечёткина
   Қазақ әліпбиін латын жазбаға көшіру туралы ұсынысты мемлекет басшысы алғаш рет 2012 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу керектігін» жария еткен болатын. Енді бұл мәселе 2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қайта айтылды. Бұл өзгерісті заңды құбылыс ретінде қабылдағанымыз жөн. «Латын әліпбиіне көшіп біз не ұтамыз? Латын әліпбиі бізге керек пе?», - деген сұрақтар тек газет беттерінде, телехабарларда айтылып қана қоймай, сондай-ақ, интернет желісінде де кеңінен талқыланып жатыр. Иә, кезінде латын жазбасы жөнінде тек сарапшылардың ауызынан естісек, қазір жастарымыздың да ашық айтылған пікірлерін естіп жатырмыз.    Алысқа бармай-ақ қазақ тілін өз тілімдей білетін адам ретінде, жас маман ретінде Латын әліпбиіне көшіп біз көп нәрсе ұтамыз деген ойдамын. Біріншіден, мемлекеттік тіл мәселесі шешіліп, тіліміз халықаралық дәрежеге шығады. Менің ойымша, латын әліпбиін үйрету балабақша жасынан бастаған дұрыс. Өйткені, осы кезде баланың ақпаратты қабылдау қабілеті өте жоғары болады. Балабақша жасындағы балалар үшін арнайы оқулықтар шықса, тіпті жақсы болар еді. Қуантарлығы, бүгінде қазақстандық мектептерде бастауыш сыныптарда оқитын оқушыларымыз ағылшын тілін үйренуде. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды. Себебі, бүгінде крииллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін халықаралық деңгейде мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ.        Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде латын әліпбиіне көшу туралы семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар күн ара өтіп тұрады. Әсіресе, университетіміздің «Практикалық лингвистика» кафедрасының атқарып жатқан жұмысы өте көп. Әлі күнге дейін студенттердің арасында талқыланып жатқан, өткен маңызы зор кездесудің бірі «Латын әліпбиіне көшу туралы жастардың  көзқарасы». Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы және Қостанай  облысы әкімдігінің тілдерді  дамыту басқармасының басшысы  Гульжан Мендекинова, оқытушылар мен студенттер қатысқан болатын. Дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде өтті. Кездесу барысында Латын әліпбиіне көшу туралы біраз ақпарат тыңдалды.  Студенттер келген мамандарға белсенді түрде сұрақ қойып, жауап алды.    Сонымен қатар, ҚМУ-да «Практикалық лингвистика» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында  латын әліпбиіне көшу туралы эссе жазу сабағы өтті. Бұл іс-шараға 48 студент қатысып, жоғары бағасын алды. Студенттердің көбі латын әліпбиіне қазір көшу керектігін айтып жатыр.    Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек деген. «Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», - деген Қазақстан Президенті. Мемлекет бұл мақсатты іске асыруға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.    Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан бұған дейін де бір мәрте, 11 жыл бойы латын әліпбиін қолданып, кейін кириллицаға ауысқан болатын. Сол кезеңде бүгінгідегідей газет-журнал, компьютер, IT-технология деген болған жоқ. Соған қарамастан, халық түсіністікпен қарап, барлық қиындықты еңсере білді. Бейбіт заманда тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы қарқынды дамып келеді. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы екенін естен шығармағанымыз жөн.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина      
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық орталығында МЕМСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген тағам өнімдерін өндіру сынақ зертханасы жұмыс істейді (аккредитация аттестаты 27.10.17 жылдан № KZ.Т11.1949). Аккредитация саласы: -  ауыл шаруашылығы малдарын ДНҚ-құжаттандыру; -  азық өнімдерінде ГМК-ді анықтау; -  тағамдық шикізат және азық өнімдерінде антибиотиктердің қалдық мөлшерін және гормондық өсу стимуляторларын анықтау. Университет басшылығы студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді халықаралық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтумен құттықтап, жемісті жұмыс тілейді.
Мамыр айының 24-ті күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Алик Шпекбаев Қостанай облысының жоғары оқу орындарының ректорларымен және студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықты алдын алу мәселелері талқыланды. ҚМУ ректорының кеңесшісі, генерал-майор Михаил Дәуенов студенттерге сыбайлас жемқорлықты алдын алу әдістері туралы ақпарат беріп, құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда дер кезінде тиісті органдарға хабарлауды өтінді. Студенттер кездесуге шақырылған мамандарға сұрақтарын қойды, баяндама оқыды, өз ойларымен бөлісті.
Облыс орталығы Қостанай қаласында дәстүрлі «Студенттік көктем-2017» XXIII фестивалі мамыр айының 17-сі мен 19-ы аралығында өтті. Іс-шараға өңірдегі сегіз жоғары оқу орнынан дарынды, өнерлі студенттері қатысты. Үш күн бойы фестивальге катысушы студенттер футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі сияқты спорттық жарыстарда бақ сынады. Өнерлі жастар вокал, хореография байқауларына қатысты. Фестивальдің бағдарламасында «Ханзада мен Ханшайым» сұлулық байқауы, КВН, «Мега-мозг» интеллектуалдық ойыны, дебат турнирі, экшн-ойындары да болды. Біздің студенттеріміз белсенділік танытып, 1, 2, 3 орындарға ие болды. Мараппатау рәсімі ҚМУ-дың алдыңғы алаңында өтті. Облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін, номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жобаның бас жүлдесін екі жоо иеленді: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М. Дулатов атындағы ҚИнНЭУ. Салтанатты марапаттау рәсімінде дәстүрлі іс-шараның келесі жылғы ұйымдастырушысы Ахаң атындағы ҚМУ болатыны анықталады. Фото
2017 жылдың 27-ші сәуірінде ҚМУ-дың мәжіліс залында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Жаһандану жағдайында Қазақстандағы тілдік білім беру жүйесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми форум өтті. Шараның негізгі мақсаты: Қазақстанда көптілді оқыту шеңберінде тілдік білім беру саласында туындаған мәселелерді практикалық жолмен шешу және талқылау. Халықаралық ғылыми форумға шетел ғалымдары, жоо, колледж, мектеп оқытушылары, қоғам қайраткерлері және білім беру басқармасының өкілдері қатысты. Форум барысында қозғалған тақырып бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, форумның шеңберінде дөңгелек үстел, шеберлік-сабақтар және «Аудармашының эткасы» тақырыбында семинар өтті.
1 2 3