Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Белгілі саясаткермен кездесу

2014 жылғы 30 қыркүйек күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің оқырман залында орыстілді азаматттарға арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттау бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері  Досмағанбет Көшім Қалмақанұлымен кездесу өтті.


 

Кездесуге белгілі ақын-жазушылар А. Шаяхмет, Н. Мұқатов, облыстық тілдер басқармасының бастығы Ж. Үмбетов, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің проректоры А. Әбсадықов және студенттермен басқа да қонақтар қатысты.


 

Кездесуде Досмағанбет Қалмақанұлы өзге халыққа қалай қазақ тілін үйрету керектігін және де болашақта қазақ тілісіз болашақ жоқ екендігін, студенттерге түсіндіріп, мән-жайын айтып берді.

Басқосу соңы студенттермен аға буын өкілдері арасындағы еркін пікірталаспен өрбіді. Кейінгі буын жастар қазақ тілін үйренуде еш қиындығы жоқтығын түсініп, болашақта зейін қойып үйренетіндерін айтып, ағынан жарылды.

 

 


PDF