Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясын жүзеге асыру аясында қылмыстық-атқару заңдарын реформалау» - атты ғылыми-практикалық семинары өтті

2014 жылдың 19 наурызында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы «Заң ғылымының және практиканың даму инновациалық орталығы» Қоғамдық Қорымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясын жүзеге асыру аясында қылмыстық-атқару заңдарын реформалау» - атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.


Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексінің  жобасын талқылау аясында қылмыстық –атқару заңының негізгі институттарын нақты талдау  болып танылды.

Семинар жұмысына  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің оқытушылары, студенттер, магистранттар және келесі басқа өкілдерде қатысты:

- Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай Академиясынан;

- З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінен;

-  Қостанай облыстық прокуратурасынан;

-  Қостанай облысы бойынша ҚАЖД;

- облыстық адвокаттар алқасы мүшелері;

 - «Заң ғылымының және практиканың даму инновациалық орталығы» Қоғамдық Қорынан.

 

 


Семинар жұмысы барысында қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасын реформалау туралы көптеген актуалды сұрақтар қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің жобасына  өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар және ұсынымдар дайындалды.

 


PDF