Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қазақстан халықтарының мәдениеті» атты фестивалі өтті

2014 жылғы 30 қаңтарда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында университетіміздің 75 жылдық мерей тойына арналған «Қазақстан халықтарының мәдениеті» атты жалпыуниверситеттік фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш фестивальге университеттің 7 факультеті қатысып, әр факультеттің студенттері әр түрлі ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін паш етті. Онда қазақ, кәріс, орыс, шешен және тағы басқа ұлттардың көріністері тамашаланды.

Талантты студенттер әр ұлттың өз тілдерінде сөйлеп, тарихынан сыр шертіп, мағынасы терең, тәрбиесі мол өнер көрсетіп, сол елдің  ұлттық тағамдарын көрермендер мен қазылар алқасына тарту етті.

Фестиваль өте жоғары деңдейде ұйымдастырылды, оған себеп сайысқа қатысқан студенттердің жоғары деңгейде дайындалып келгендерінен-ақ байқауға болады. Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы Қостанай облыстық Қазақстан халықтар  ассамблиясының жауапты хатшысы Баһадүр Әлімбайұлы Дәндібаев болды.

Жалпы осы іс-шараның келер ұрпаққа берер пайдасы мол, өйткені фестивальдің өту барысында қазақ елінде тұрып жатқан өзге халықтың өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті өмір кешудің үлгісін көрсетті.

 

 

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF