Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Парасатты жастар -2014» атты бизнес конкурс өз жалғасын табуда

2014 жылғы 24 ақпанда А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Парасатты жастар -2014» атты студенттер арасында бизнес-жобаның іріктеу 2-ші кезеңі өтті.

Аталмыш іс-шараның 1-ші кезеңі 2014 жылдың 27-30 қаңтар аралығында ұйымдастырылды. Басында бұл сайысқа Университеттің барлық факультеттерінен 60-тан астам бизнес-жоба авторлары, өз еңбектерімен қатысып бақ сынасты.

Сол кезеңде көптің ішінен келесі 2-ші кезеңге 13 жоба, комиссия құрамының оң шешімімен келесі кезеңге жолдама алды.

Осы кезеңнің жеңімпаз авторлары өз жобасымен алдағы наурыз айында өтетін ақтық кезеңде бақтарын сынайды. Егер өз еңбектерін жақсы қорғап, кәсіпкерлердің көзіне түсетін болса, облысымыздағы қолы ұзын кәсіпкерлер өзіне ұнаған жобаны қаржыландырады деген үлкен үміт бар, - дейді ұйымдастырушылар.  

 


PDF