Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы: қазіргі жағдай және даму болашағы» - атты ғылыми-практикалық семинар

2014 жылдың 21 ақпанында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы «Заң ғылымының және практиканың даму инновациалық орталығы» Қоғамдық Қорымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы: қазіргі жағдай және даму болашағы» - атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды.

Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  жобасын талқылау аясында қылмыстық заңнаманың негізгі институттарын нақты талдау  болып танылды.

Семинардың алдында – қылмыстық заңнаманың заңшығарушылық және құқыққолдану институттарының сәйкессіздігінен және тым теңкелмеушілігінен арылу үшін оның өзгеруінің шарттастылығын ғылыми негіздеу мақсаты тұрды.

Семинар жұмысына  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің оқытушыларынынан, магистранттарынан және студенттерінен басқа өкілдер де қатысты:

- Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай Академиясынан;

- З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінен;

- «Челябинск мемлекеттік университетінің» Қостанай филиалынан;

- Қостанай облыстық прокуратурасынан;

- облыстық адвокаттар алқасы мүшелері;

- «Заң ғылымының және практиканың даму инновациалық орталығы» Қоғамдық Қорынан.

 

Семинар жұмысы барысында қолданыстағы қылмыстық заңнаманы реформалау туралы көптеген актуалды сұрақтар қарастырылды, солардың ішінде:

 

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қылмыстық заңдардың қазіргі жағдайы және даму болашағы;
  • қатысып жасалған қылмыстарға, қылмыстық жауаптылықты заңдық бекіту проблемалары;
  • қылмысты тіркеуден жасыруды қылмыстандыру;
  • медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын реттейтін Қылмыстық кодекстің жобасындағы кемшіліктер;
  • Қылмыстық кодекстің жобасында жеке өмірге қол сұқпаушылықты қорғаудың көрсетілуі;
  • адамдарды клондаудың қылмыстық жауаптылығы;
  • ҚР ҚК жобасындағы балалардың құқықтарын қорғаудың проблемалық сұрақтары.

 

 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасына  өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар және ұсынымдар дайындалды.

Республиканың Қылмыстық-процесс және қылмыстық атқару заңдарын реформалау бойынша ғылыми семинарларды жалғастыру жоспарланды, яғни, қатысқандардың көбінің пікірі бойынша, қылмыстық құқықтың әлеуметтік-қайта интеграциялық  және тиімді тең алдын алу құралдарын қамтамасыз ететін заңнаманы кешенді және өзара байланысты түзетуді жүргізу қажет.


PDF