Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасындағы спартакиада

2014 жылғы 6 ақпан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Сұңқар» спорт кешенінде қысқы спорт ойын түрлерінен облыстық мектептердің 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында қысқы спартакиаданың ашылу рәсімі болды.  Жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары мен қаламыздағы колледж студенттерінен құралған белгілі спорт майталмандары қатысуда.

Бұл спартакиадада жас балғындар өз арасында бірнеше спорт түрлері: шағын футбол, президенттік көп сайыс, шаңғы және хоккейден жарысқа түседі.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігі  Білім басқармасының дене тәрбиесі Қостанай өңірлік орталығының бастығы Александр  Сухачев пен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Асқар Нәметов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың ашылу салтанаты қазақстандық және Қостанай футболының ардагері, белгілі спортшы Марат Нұрғалиевті бір минут еске алумен басталды.

Аталмыш шараның өтуіне мұрындық болып отырған Қостанай облысы әкімдігі  Білім басқармасының дене тәрбиесі Қостанай өңірлік орталығы мен  Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Себебі  биыл университетімізге  75 жыл толып отыр.  

 

 

 

 

 

 

 

 

    

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов

 


PDF