Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Универде шахмат ойнынан жолдастық кездесу өтті

2014 жылғы 14 ақпан күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған, шахмат ойынынан «аттың жүрісі» атты алғаш рет оқытушылар мен студенттер арасында жолдастық жарыс өтті.

Жарыстың «аттың жүрісі» атануы биылғы жылқы жылының келуіне орай аталып отыр.

Жарысқа университетіміздегі шахмат ойынының шеберлері қатысып, бақ сынасты.

Аталмыш шараның ашылуына университетіміздің ректоры А. Наметов арнайы келіп, жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Алтын уақытпен, терең ойды қажет ететін бұл ойын өте тартысты өтті. Сайысқа 10 жұп қатысты. Бұл кездесудің ерекшелігі жарыс жеңімпазы болмайды, тек оқытушылар мен студенттер өзара ойнап, бақ сынасады.

Барлық  ойыншыларда осал еместігін ойын барысында дәлелдеді. Дегенмен студенттер оқытушылардан шапшаң әрі ұтымды ойнап, көрермендерді қызыққа бөледі.


ҚМУ-дің баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов


PDF