Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Факультеттің сұлу анықталды

2014 жылғы 5 наурыз күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде 8 наурыз халықаралық әйелдері күні қарсаңында сұлулар байқауы өтіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Факультет деканы Марат Тоқмейілұлы Байкенов факультеттің барлық ханымдарын құттықтады.
 


Сайысқа әсемдік және талант бойынша 8 хас сұлу қыздар қатысты, олар: Абдрахманова Гүлсім, Аймағамбетова Бибігүл, Байтанова Диана, Койгелдина Диляра, Маулетқалиева Бикен, Рамазанова Аймира, Шайхстамова Айнұр және Шмидт Юлия.

Қазылар алқасында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ТЖ және ҚБ департаментінің директоры Ж.Б. Жарылғасов, аталмыш факультеттің декан орынбасары В.А. Ракецкий, Қостанай облысы бойынша сыбайлас және экономикалық қылмысқа қарсы күрес бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Р.Н. Садыков, сонымен қатар сайысымыздың бас демеушісі «Mary Kay Kazakhstan» ЖШС-нің директоры  М.А.Шындаулетова да болды.
 


Сайыс өте қызықты өтті, тіпті қазылар алқасына хас сұлуды табу оңайға түспеді. Қазылар алқасы ақылдаса отырып, бір ауыздан «ВжМШТ факультетінің 2014 –хас сұлуы» Аймира Рамазанованы таңдады. Ал «ВжМШТ факультетінің 2014 –сұлуы» Юлия Шмидт атанды. 



 


PDF