Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Аграрлық-биологиялық факультетінің Қамқоршылық кеңесінің бірінші мәжілісі өтті

2014 жылдың 18-наурызында аграрлық-биологиялық факультетінің Қамқоршылық кеңесінің бірінші мәжілісі өтті. Қамқоршылық кеңес құрамына факультет кафедралары бұрыннан бірге қызмет жасайтын негізгі ұйымдар кірді: «Қостанай АШҒЗИ» ЖШС, Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,  Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің экологниялық реттеу және бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша экология Департаменті, «Мелькомбинат» АҚ, «ҰлтССО» АҚ Қостанайлық филиалы, «Экогеоцентр» ҒӨК.

Бірінші мәжілісте ұйымдастырушылық мәселелері шешілді: Қамқоршылық кеңестің төрағасын, төрағаның орынбасары мен мүшелерінің тізімін бекіту. Бірауыздан кеңес төрағасы - «Қостанай АШҒЗИ» ЖШС бас директоры Двуреченский Валентин Иванович, орынбасары - Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Тулеубаев Казбек Каирбекович таңдалды.

 Қамқоршылық кеңестің мүшелері өндіріс мамандарының дәріс оқу, көшпелі сабақтар жүргізу, ОПҚ және басқалардың біліктілігін арттыру кіретін, факультетпен мұнан былайғы бірге жұмыс істеу бойынша жұмыс жоспары мен ұсыныстарды талқылады. 


PDF