Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да БСТҚА-нің сыртқы аудиты

Бүгін, 28 наурызда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің институционалды аккредиттеу шеңберіндегі сыртқы аудит өткізу бойынша сараптама тобының комиссиясы жұмысының екінші күні өтіп жатыр.

Екінші күннің бірінші жартысында комиссия кафедра филиалдарында болды: «Қазақстан - Қостанай» телеарнасында,  «Мемлекеттік ветеринарнарлық  лабораторияда». Содан соң ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде болып, ветеринарлық клиниканың және инновациялық ғылыми-білім орталығының жұмысымен танысты.

Түстен кейін комиссия гуманитарлық әлеуметтік факультетте болып, онда практикалық психология, ғылыми-зерттеу лингвистикалық, инновациялық білім технологиясы лабораторияларының жұмысымен танысты.  «Жастар» оқу телевидениесінің кабинеттерінде болды.

Одан соң халықаралық бағдарламалардың тұсаукесері болды. Сағат 16-00 – дан комиссия университеттің студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарымен кездесіп, Жоғарғы студентттік кеңес мүшелерімен сұхбат өткізді.

Кеш соңында комиссия А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессолық-оқытушы құрамымен кездесті.


PDF