Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қоғаммен байланыс және жарнама: теория мен практика» атты XIII Халықаралық конгрессі

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «журналистика» мамандығының студенттері  Челябі қаласында өткен «Қоғаммен байланыс және жарнама: теория мен практика» атты  XIII Халықаралық конгресске  қатысып келді.  Конгресс аясында  Оңтүстік-Урал мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 20 және 21 наурыз  күндері аралығында студенттік  ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оған Санкт-Петербург, Новосибирск, Қазан, Нижний Тагил, Липецк, Қостанай, Мичуринск, Челябі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конгрестің алғашқы күнінде қатысушылар өз университеттерін таныстырды және түрлі театрланған көріністер, бейнероликтер мен мультимедиялық презентациялар көрсетті. Осы сайыстың қорытындысы бойынша, әділқазы алқасы Қостанайлық студенттердің дайындаған бейнепрезентациясын жоғары бағалап, 2-ші дәрежедегі дипломмен марапаттады.

Сонымен қатар біздің студенттер ғылыми жұмыстар бойынша жекелеген сайыстарда бақтарын сынап көрді. Осындай студенттің бірі, 3 курста оқитын Ксения Маликова  «Саяси және әлеуметтік саладағы жарнама мен PR» секциясында «Қазнеттегі саяси Интернет PR» атты баяндамасын  ұсынды. Сайыстың нәтижесі бойынша ол 2 дәрежедегі дипломға ие болды.

Конгресс марапаттау рәсімімен аяқталды, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар мен серіктестер атынан дипломдар мен кәдесыйлар таратылды.

«Журналистика және  коммуникациялық менеджмент» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


PDF