Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қысқы студенттік универсиада

2014 жылғы 2-7 наурыз аралығында Қостанай қаласында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасындағы V-ші қысқы универсиадасы өтеді.

Алғашқы универсиада Алматы қаласында, екінші - Шучинскде, үшінші –Риддерде, төртінші – Петропавл қаласында өтті.

Жарысқа  еліміздің түкпір-түкпірінен келетін ЖОО-ның 1000-нан астам спортшылары қатысқалы отыр. Жарыс 7 спорт түрінен (шаңғы, президенттік көп сайыс, қысқы бағдарлау, футзал, пауэрлифтинг, армрестлинг және гір тасы спорты) өтеді.

Универсиаданың ашылу салтанаты Қостанай қаласындағы Спорт сарайында 2014 жылғы 3 наурыз күні сағат 17:00-де болады. Салтанатты ашылуға облыс әкімі Н. Сәдуақасов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, елімізге белгілі спорт майталмандары, ардагерлер және жарыстың құрметті қонақтары қатысады.

Универсиаданың жабылуы 2014 жылғы 7 наурыз күні сағат 17:00-де

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында өтеді.


 

А. Байтұрсынов ҚМУ-дің

баспасөз қызметі


PDF