Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Байтұрсынов оқулары – 2014»

2014 жылғы 25 сәуір күні сағат 10:00-де А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында университетіміздің 75 жылдығына арналған «ХІХ ғасырдың басындағы Қазақстанның білім беру және ғылым саласы: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбындағы «Байтұрсынов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Конференцияда «құқықтық ғылымның өзекті мәселелері»«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи үрдістері: мәселелері мен келешегі», «Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымының көкейтесті мәселелері», «Мамандарды кәсіби даярлаудағы психологиялық-педагогикалық аспектілер», «Ғылымда, білім мен тәжірибеде ақпараттық технологиялардың даму келешегі»,  «Қазақстанның АӨК инновациялық дамуы: ауыл шаруашылық, мал дәрігерлік және техникалық ғылымдардың даму мәселелері»,  «Жаратылыстану ғылымдарының үрдістері мен келешегі» және студенттер, магистранттар мен жас зерттеушілердің «Заманауи лингвистика және лингводидактиканың өзекті мәселелері» атты 8 секция жұмыс істейді.

Мұның сыртында «Спорттық ғылым және білім беру саласы: жобалық қарым-қатынастар тәжірибесі» және «Археологиялық ғылымның заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Конференция жұмысына Франция, Италия, Венгрия, Польша, Эстония, ТМД-дан келген 14 шетелдік ғалым  және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 жоғары оқу орны  ректоры, 200-ден астам қонақ қатысады.



PDF