Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Байтұрсынов оқулары - 2014»

2014 жылғы 25 сәуір күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде университетіміздің 75 жылдығына арналған «ХІХ ғасырдың басындағы Қазақстанның білім беру және ғылым саласы: мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбындағы «Байтұрсынов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

 

Конференция секциялары:

- «Құқықтық ғылымның өзекті мәселелері»,

-«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи үрдістері: мәселелері мен келешегі»,

-«Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымының көкейтесті мәселелері»,

-«Мамандарды кәсіби даярлаудағы психологиялық-педагогикалық аспектілер»,

-«Ғылымда, білім мен тәжірибеде ақпараттық технологиялардың даму келешегі»,

- «Қазақстанның АӨК инновациялық дамуы: ауыл шаруашылық, мал дәрігерлік және техникалық -ғылымдардың даму мәселелері», 

-«Жаратылыстану ғылымдарының үрдістері мен келешегі»

 

Ректорлардың аймақтық Кеңесінің отырысы:

-ҚР ЖОО автономдаудың негізгі мәселелері талқыланды.

 

2 дөңгелек үстел:

-«Археологиялық ғылымның заманауи мәселелері»;

-«Спорттық ғылымы мен білім беру саласы: жобалық қарым-қатынастар тәжірибесі».
 


Студенттер, магистранттар мен жас зерттеушілерге «Заманауи лингвистика және лингводидактиканың өзекті мәселелері» атты секциясы ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Италия,Франция, Венгрия, Польша, Эстония, Украина, Ресей, Қырғыстаннан келген шетелдік ғалымдар,  республикамыздың және ТМД елдерінен келген магистранттар, аспиранттар мен  докторанттар қатысты.

 

 

Толық мәжіліс пен секцияларда әр түрлі салалар бойынша 200-ден астам баяндамалар тыңдалды.

Марио Джорджи (Италия), Анна Макерова (Франция), Крак Юрий Васильевич (Украина), Дитер Мейснер (Эстония) баяндамалары ерекше қызықты болды.

Конференция жұмысының соңында қорытынды жасалынып, резолюция қабылданды.
 



PDF