Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«ҚР кәсіби бухгалтерлер» сертификатын иелену үшін семинарлар ашылды

«ҚР кәсіби бухгалтерлер» сертификатын иелену үшін 2014 жылғы 14 сәуірде «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында «ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу», «Азаматтық құқық» пәндері бойынша кезекті семинарлар ашылды.

 

Семинарлар барысында бухгалтерлердің күнделікті өмірінде кездесетін әртүрлі өзекті жағдайлары қарастырылды. Семинар барысында әрбір бухгалтер әртүрлі қаржылық ақпараттарды дұрыс қолданып және мүмкін болатын қателіктер санын азайтуды үйренді. 


Қатысушылар арасында Қостанай облысының жүргізуші компанияларының («Агросток» ЖШС, «Манас» ЖШС, «Казахдорстрой» ЖШС, «Garuda» ЖШС, «Мендiкара 2011» ЖШС және т.б.) бухгалтерлері семинарға қатысты.

 

Курстардың тақырыптар таңдауы алуан түрлі әсіресе бұл қаржылық жүйесіндегі мамандардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайындауға байланысты. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлердің ұлттық сертификациясы бойынша бұл сұрақтар өзекті болып табылады. 



PDF