Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Соңғы қоңырау

2014 жылғы 10 сәуір күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің ветеринариялық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринариялық медицина және ветеринариялық санитария мамандығы бойынша 93 студенттің соңғы қоңырау рәсімі болып өтті.


Аталмыш іс шараға факультеттің профессорлық оқытушылар құрамы, ғылым докторлары және студенттер қатысты.


Салтанатты мерекенің ашылу рәсімінде факультет деканы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Тоқмейілұлы Байкенов құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге болашақта сәттілік тіледі.


Жиын соңы студенттердің ұйымдастырған мерекелік концертпен ұласып, ұлағатты ұстаздарға гүл шоқтары тарту етілді.

 

ҚМУ-дің баспасөз хатшысы М. Оспанов 


PDF